Бағдарламасы мазмұны 1Ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйелерін әзірлеу қағидаттары 9



бет52/71
Дата09.11.2022
өлшемі6,79 Mb.
#157362
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71
Байланысты:
@ 5 B @ 3@0 K 04.03.22 ( )

Органдардың атауы

Функциялар

Құқықтары / міндеттері

ID органы

ҚР Үкіметі

ҚР Үкіметі атқарушы биліктің функцияларын жүзеге асырады, ҚР атқарушы органдарының жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. 116

ДД туралы ҚРЗ-ға сәйкес ҚР Үкіметінің құзыретіне, басқалармен қатар, мыналар:117
1. ДД және оларды қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2. ҚР Үкіметінің құрылымына кіретін орталық атқарушы органдардың, жергілікті атқарушы органдардың дербес деректер және оларды қорғау саласындағы қызметіне басшылықты жүзеге асыру;
3. Меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті ДД тізбесін айқындау тәртібін бекіту;
4. Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның ДД қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру тәртібін бекіту;
5. Оған ҚР Конституциясымен, ҚР Заңдарымен және ҚР Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау кіреді.

Деректерді тіркеушілер, Деректерді бақылаушылар, Сәйкестендіру провайдерлері

ІІМ

Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы жеке тұлғаларды құжаттандыру процесі шеңберінде ХҚТ ТП және «ЖБС» ААЖ арқылы ДД мен БД (фотобейнелеу, дактилоскопиялық ақпарат) жинауды және өңдеуді жүзеге асырады. Сондай-ақ ішкі істер органдары қылмыстық есепке алу процесі шеңберінде «ЖБС» ААЖ арқылы БД (дактилоскопиялық ақпарат) жинауды және өңдеуді жүзеге асырады.

ІІМ ҚР Үкіметіне есеп береді.



Ішкі істер органдарының:

  1. ДД және БД жинауға және өңдеуге ДД субъектісінің келісімін алуға;

  2. Азаматтарды құжаттандыру процесі шеңберінде ХҚТ ТП және «ЖБС» ААЖ арқылы ДД және БД жинауға және өңдеуге (дактилоскопиялық ақпарат, фото сурет);

  3. Қылмыстық есепке алу процесі шеңберінде «ЖБС» ААЖ арқылы БД (дактилоскопиялық ақпарат) жинауға және өңдеуге құқығы бар.

  4. ДД-ны қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың анық қателері мен дәлсіздіктері анықталған жағдайларда мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде оларды жою мақсатында ДД субъектісінің немесе оның заңды өкілінің сұратуын алғаннан кейін оларды өзгерту мен толықтыруды жүзеге асыра алады.

Ішкі істер органдары:

  1. ДД және БД қорғау үшін қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдау және сақтауға;

  2. ДД және БД жинау, жинақтау, сақтау, беру, бұғаттау, иесіздендіру, өзгерту, толықтыру, пайдалану, жою бойынша шаралар қабылдауға;

  3. ДД және БД иесіздендіруді, сондай-ақ иесіздендіруді алып тастауды жүзеге асыруға;

  4. Оны жинау, өңдеу талаптарының бұзылғаны туралы ақпарат болған жағдайда ДД мен БД-ны бұғаттау, сондай-ақ тексеру іс-шараларын жүргізгеннен және бұзушылықтарды жойғаннан кейін бұғаттауды алып тастауға;

  5. ДД-ға санкцияланбаған қолжеткізуді болдырмауға;

  6. Егер мұндай санкцияланбаған қолжеткізудің алдын алу мүмкін болмаса, ДД-ға санкцияланбаған қолжеткізу фактілерін уақтылы анықтауға;

  7. ДД-ға санкцияланбаған қолжеткізудің жағымсыз салдарын барынша азайтуға;

  8. «Электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті арқылы ДД субъектілерін «электрондық үкімет» веб-порталында ДД субъектілерін тіркеу шартымен ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде ДД пайдаланудың, өзгертудің және толықтырудың барлық жағдайлары туралы автоматты режимде хабардар етуге міндетті.

ҰҚК



Ұлттық қауіпсіздік органдары өз құзыреті шегінде «Бүркіт» БАЖ жүйесі арқылы шекаралық бақылау процесі шеңберінде ҚР азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ҚР мемлекеттік шекарасынан өткен кезде ДД және БД жинауды және өңдеуді, сондай-ақ БД жинауды (дактилоскопиялық деректер) жүзеге асырады.
ҰҚК ҚР Президентіне есеп береді.

Ұлттық қауіпсіздік органдарының:

  1. 1. ДД және БД жинауға және өңдеуге ДД субъектісінің келісімін алуға;

2. Шекаралық бақылау процесі шеңберінде «Бүркіт» БАЖ арқылы ДД және БД жинауға және өңдеуге (дактилоскопиялық ақпарат, фото сурет) құқығы бар.
Ұлттық қауіпсіздік органдары:

  1. ДД және БД қорғау үшін қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдауға және сақтауға;

  2. ДД және БД жинау, жинақтау, сақтау, беру, бұғаттау, иесіздендіру, өзгерту, толықтыру, пайдалану, жою бойынша шаралар қабылдауға;

  3. ДД және БД иесіздендіруді, сондай-ақ иесіздендіруді алып тастауды жүзеге асыруға;

  4. Оны жинау, өңдеу талаптарының бұзылғаны туралы ақпарат болған жағдайда ДД мен БД-ны бұғаттау, сондай-ақ тексеру іс-шараларын жүргізгеннен және бұзушылықтарды жойғаннан кейін бұғаттауды алып тастауға;

  5. ДД-ға санкцияланбаған қолжеткізуді болдырмауға;

  6. Егер мұндай санкцияланбаған қолжеткізудің алдын алу мүмкін болмаса, ДД-ға санкцияланбаған қолжеткізу фактілерін уақтылы анықтауға;

  7. ДД-ға санкцияланбаған қолжеткізудің жағымсыз салдарын барынша азайтуға міндетті.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет