ДД және БД пайдалану
ДД пайдалануды меншік иесі, оператор және үшінші тұлға ДД тізбесінде айқындалатын оларды жинаудың бұрын мәлімделген мақсаттары үшін жүзеге асырады.80
Дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басты растау рәсімі арқылы ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін адамдарды есепке алу және бақылау үшін ҚР азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын пайдалану ҚР ұлттық қауіпсіздік органдары белгілейтін тәртіпте жүзеге асырылады.81
Дактилоскопиялық ақпараттың пайдаланылуын бақылау дактилоскопиялық ақпарат берілген МО басшыларына жүктеледі.82
ДД және БД бар ақпаратты тарату
Оларды жинаудың бұрын мәлімделген мақсаттары шеңберінен шығатын жағдайларда субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылады.83
Қазақстан заңнамасына сәйкес, Клиенттің банктік шотына қызмет ұсынатын көрсетілетін төлем қызметтерін беруші клиенттің бұйрығы бойынша және оның сәйкестендіру құралдары арқылы расталған келісімімен үшінші тұлғаларға клиенттің банктік шотының бар-жоғы, нөмірі және банктік шоты бойынша операциялар туралы ақпаратты беруге тиіс.84
Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына сәйкес дактилоскопиялық, оның ішінде трансшекаралық тіркеуден өткен адамның дактилоскопиялық ақпаратын соттарға, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарға, атқарушылық іс жүргізу, анықтау, тергеу органдарына беруді ҚРЗ, ҚР ратификациялаған халықаралық шарттардың негізінде оны жинауды және өңдеуді жүзеге асыратын ІІМ жедел-криминалистикалық бөлімшесі жүргізеді.85
Дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамның дактилоскопиялық ақпаратының материалдық жеткізгіштерін жолдау (жіберу) құпиялылық сипаттағы мәліметтерді жіберу үшін көзделген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.86
ДД және БД өзгерту және толықтыру
ДД субъектісі тиісті құжаттармен расталған негіздер болған кезде меншік иесінен және (немесе) оператордан өз ДД-ін өзгертуді және толықтыруды талап етуге құқылы.87
Меншік иесі және (немесе) оператор бір жұмыс күні ішінде ДД-ны олардың анықтығын растайтын тиісті құжаттардың негізінде өзгертеді және (немесе) толықтырады.88
Бұрын жинаудан өткен жеке тұлғаның БД, БД жинау және өңдеу қағидаларының 9-тармағында көзделген жағдайда, өзгерту және (немесе) толықтыру енгізілгеннен кейін жаңа деректермен ауыстырылады, бұл ретте алдыңғы деректер БД қорында мұрағатталады.89
Дактилоскопиялық ақпаратты өзгертуді және (немесе) толықтыруды қызметкер дактилоскопиялық тіркеуден өткен адам, оның заңды өкілі немесе қамқоршысы өтініш берген не дұрыс емес (қате) мәліметтердің болу фактісі анықталған күні жүзеге асырады.90
ДД және БД бұғаттау
ДД қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларының
2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ДД бұғаттау деп ДД жинауды, жинақтауды, өзгертуді, толықтыруды, пайдалануды, таратуды, иесіздендіруді және жоюды уақытша тоқтату жөніндегі іс-әрекеттер түсініледі.
Субъект немесе оның заңды өкілі мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде меншік иесін және (немесе) операторды, сондай-ақ үшінші тұлғаны ДД жинау және өңдеу жөніндегі талаптардың сақталуы тұрғысынан тексеру мақсатында уәкілетті органға жүгінеді. ДД жинау, өңдеу талаптарын бұзу фактілері анықталған, сондай-ақ оларды ҚРЗ бұза отырып жинау, өңдеу фактісі расталған жағдайда, уәкілетті орган меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан анық емес немесе заңсыз жолмен алынған ДД-ны нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды, сондай-ақ ДД жинау және өңдеу рәсімдерін заңнамаға сәйкес келтіруді талап етеді.91
ДД жинау, өңдеу талаптарының бұзылғаны туралы ақпарат болған жағдайда субъект меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан өзінің ДД-сын бұғаттауды талап етеді.92
Меншік иесі және (немесе) оператор бір жұмыс күні ішінде оларды жинау, өңдеу талаптарының бұзылғаны туралы ақпарат болған жағдайда субъектіге қатысты ДД-ны бұғаттайды.93
Достарыңызбен бөлісу: |