БАҒдарламасы мазмұны кіріспе



бет1/12
Дата08.09.2017
өлшемі3,7 Mb.
#30637
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Облыстық мәслихаттың

2013 жылғы __ _________

№___ шешімімен бекітілген

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

МАЗМҰНЫ





Кіріспе………………………………………………………………


3

1

Бағдарлама паспорты……………………………………………...…..


4

2

Ағымдағы ахуалдың талдауы………………………..………………….


10

3

Өңір дамуының болашақ көрінісі……………………………………………………………..



118

4

Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және іске асыру бойынша шаралары……………………………………………....



121


5

Қажетті ресурстары………………………………………………


164

6

Бағдарламаны басқару…………………………………………….


166



КІРІСПЕ
Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Дамыту бағдарламасы) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» (2009 жылғы 18 маусымдағы №827), «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» (2010 жылғы 19 наурыздағы №958) Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы №925 Жарлығымен бекітілген 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарының 9-тармағын орындау үшін және Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының шешуші бағыттарына сәйкес әзірленді.

Дамыту бағдарламасы бағдарламасы облыстың барлық өңірлерінің тұрақты және теңдей дамуын, әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы экономиканың өсімін қамтамасыз етуге бағытталған.

Дамыту бағдарламасы бағдарламасы шеңберінде облыстың қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуалына талдау жүргізіліп, оның күшті және әлсіз жақтары, қауіптер мен даму мүмкіндіктері анықталды.

Облыстың негізгі бәсекелестік артықшылықтарына мыналар жатады: қолайлы географиялық орналасуы, пайдалы қазбалардың бай қорларының болуы, еңбекке қабілетті жастағы тұрғындардың көптігі, инвестициялық жобаларды табысты іске асыруға мүмкіндік беретін өндірістік инфрақұрылымның болуы.

Қолда бар бәсекелестік артықшылықтарды, сондай-ақ мүмкіндіктер мен қауіптерді ескере отырып Дамыту бағдарламасы бағдарламасының іс-шараларын іске асыру тұрақты әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған. Стратегиялық мақсаты ел азаматтарының лайықты өмір сүруі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге қабілетті күшті және тиімді мемлекетті құруға лайықты үлес қосуды қамтамасыз ету болып табылады. Халық өмірінің деңгейі мен сапасын жоғарылату сыртқы және ішкі факторларды барынша пайдалану, табиғи кешеннің әлеуетін молайтуды сақтай және қоршаған ортаны сауықтыра отырып экономикалық және әлеуметтік саланы қарқынды дамытуды қамтамасыз ету арқылы көзделеді.


1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ


Бағдарлама атауы

Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 1.02.2010 жылғы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» №922 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бұдан әрі қолданылуының кейбір мәселелері туралы» №931 Жарлығы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарын күші жойылды деп тану туралы» №958 Жарлығы



Өңірдің негізгі сипаттамалары

Жамбыл облысының аумағы 144,2 мың шаршы километрді немесе республика аумағының 5,3% құрайды және Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, батыс және шығыс жағынан Оңтүстік-Қазақстан және Алматы облыстарымен, солтүстігінен – Қарағанды облысымен, оңтүстігінен – Қырғыз Республикасымен шекаралас.

Облыс құрылымында 10 аудан, облыстық бағыныстағы Тараз қаласы және аудандық бағыныстағы 3 қала - Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бар.

Әкімшілік орталығы - Тараз қаласы.

Облыс халқы 1079,6 адамды немесе республика халқының 6,4% құрайды.

Өз бағыты бойынша облыс индустриалды-аграрлық болып табылады.

Жалпы өңірлік өнім өндірісінің көлемі 2012 жылы 763,9 млрд. теңгені құрады, бұл Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 2,5% сәйкес, оның ішінде өнеркәсіп – 120,7 млрд. теңге (облыс ЖӨӨ-дегі үлес салмағы – 15,8%). Сыртқы сауда айналымының көлемі 488,9 млн. АҚШ долларын, өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 206,8 млрд. теңгені құрайды.



Нақты сектордың негізгі салалары мыналар болып табылады: тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа кондиционерлеу, сумен жабдықтау және кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауға және таратуға бақылау жасау.

Бағыттары

  • Жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы;

  • Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • Инфрақұрылымдық кешенді жетілдіру және сапалы тұрғын үй-коммуналдық және тасымалдау (транспорттық) қызметімен қамтамасыз ету;

  • Ауылдық елді мекендердің (агроқалашықтардың) дамуына жағдай жасау;

  • Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру.

Бағдарламаның мақсаттары

  • Экономиканың тұрақты өсімін және халық санының ұлғаюуын қамтамасыз ету;

  • Жамбыл облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыру;

  • Бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін құру;

  • ШОБ және сауданы дамыту;

  • Инвестицияны тарту арқылы инновацияны дамыту және технологиялық жетілдіруге ықпал ету;

  • Білім берудің қол жетімділігін және сапасын қамтамасыз ету, балалардың құқығын және заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру;

  • Облыстың тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін облыс халқының денсаулығын нығайту;

  • Өнімді жұмыспен қамтуға ықпал ету және еңбекті қорғау;

  • Мәдениетті және тілді дамыту;

  • Бұқаралық спортты дамыту және дамыған сервистік жүйесі бар туристтік индустрия құру;

  • Мемлекет пен ұлттардың бірлігін одан ары нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету;

  • Мемлекеттік жастар саясытының тиімділігін арттыру;

  • Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;

  • Инфокоммуникацияны дамыту;

  • Құрылысты дамыту;

  • Автомобиль жолдарын және жолаушылар көлігін дамыту;

  • Азаматтардың қолайлы жағдайларда тұруы;

  • Жоғары және орта даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендерді дамыту;

  • Қоршаған ортаны тұрақтандыру және сапасын жақсарту;

  • Мемлекеттік қызметті дамыту.

Міндеттері

  • ЖӨӨ жыл сайынғы нақты өсімін қамтамасыз ету;

  • Өнеркәсіптің басымды секторларын дамыту;

  • Электр қуатының альтернативтік көздерін дамыту;

  • Прогрессивті технологияларды енгізу негізінде агроөнеркәсіп кешені салаларының көрсеткіштерін тұрақты өсіру;

  • Кәсіпкерлік секторларын дамыту;

  • Сауданы дамыту;

  • Инновациялық өнімдерді өндіруге инвестицияларды тарту;

  • Қазақстандық үлесті ұлғайту;

  • Педагог кадрлардың біліктілігін және мұғалім мамандығының престижін жоғарылату;

  • Жалпы орта білім беру қызметінің сапасын жоғарылату;

  • Дамуда мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету;

  • Мектепке дейінгі мекемелер желісін ұлғайту және көрсетіліп жатқан мектепке дейінгі білім беру қызметінің сапасын жақсарту;

  • Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлау үшін жағдай жасау;

  • Балалардың құқығын және заңды мүдделерін мемлекеттік қорғаудың негізгі кепілдерін қамтамасыз ету ;

  • Бірегей ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру;

  • Өмір сүру ұзақтығының артуын қамтамасыз ету;

  • Халықты тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу;

  • Халық табысын арттыру, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру;

  • Мүгедектерді, қарт азаматтар мен қиын өмір жағдайларына ұшыраған азаматтарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын жақсарту;

  • Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;

  • Бұқаралық спортты дамыту;

  • Туризмді дамыту;

  • Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту;

  • Жастарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;

  • Қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту;

  • Төтенше жағдайлардан адами және материалдық шығынды төмендету;

  • Компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру және байланыс қызметтерін жетілдіру;

  • Халықтың кең бөлігінің тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысы мәселелерін кешенді шешу;

  • Азаматтық қолданыстағы нысандарды сейсмотұрақтылыққа зерттеу;

  • Автомобиль жолдарын дамыту;

  • Көлікті дамыту;

  • Тұрғын үй-коммуналдық жүйені жетілдіру және дамыту;

  • Сумен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту;

  • Жылумен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту;

  • Су тарату жүйесін жетілдіру және дамыту;

  • Ауылдарда білім беру және денсаулық сақтау қызметінің сапасын жақсарту;

  • Ауылдық елді мекендерде өндірістік саланы дамыту;

  • Атмосфералық ауаның, жерүсті және жерасты суларының, ластану деңгейін төмендету, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналуын азайту;

  • Ормандарды қорғау, күзету, өсімін молайту және орман өсіру;

  • Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру.

Іске асыру кезеңдері

  • I кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – бірінші кезектегі іс-шараларды іске асыру.

  • II кезең – қорытынды (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шараларды іске асыру.

Мақсатты индикаторлары

  • Жалпы өңірлік өнімінің нақты көлем индексі, % алдыңғы жылға;

  • 2009 жылғы деңгейге жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі (жоспар);

  • Халық санының өсуі/азаюы;

  • Өнеркәсіптік өнімінің нақты көлем индексі;

  • Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі;

  • Кен өндіру өнеркәсібі және ашық кеніштерді игерудің нақты көлем индексі;

  • Электр энергиясын жұмсауды арттыру;

  • Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің НКИ;

  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруының нақты көлем индексі;

  • Бөлшек сауданың нақты көлем индексі;

  • Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі;

  • Инновация саласындағы белсенді кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейінің өсімі (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, индустриалдық парктер және т.б.);

  • Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлеміндегі қазақстандық үлесті ұлғайту;

  • Халықтың білім берудің қол жетімділігіне және сапасына қанағаттану деңгейі;

  • Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту ( 3-тен 6 жасқа дейінгі);

  • Жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамту үлесі (14-24 жас);

  • Жамбыл облысы әкімдігінің балалар құқығын қорғау бойынша басқармасына түскен балалар құқығына қатысты анықталған бұзушылықтардың жалпы санынан жойылған бұзушылықтар үлесі;

  • Медицина қызметінің сапасымен тұрғындардың қанағаттануының деңгейі;

  • Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы;

  • 1000 адамға шаққандағы жалпы өлімнің азайюы;

  • Жұмыссыздық деңгейі;

  • Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі;

  • Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында);

  • Өндірісте зақым алу деңгейін төмендету;

  • Облыс халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасына қанағаттану деңгейі;

  • Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі;

  • Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту;

  • Туристтік қызмет саласында қызмет көрсететін ұйымдардың жиынтық табысын ұлғайту;

  • Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру;

  • 14 пен 29 жас аралығындағы тұрғындар арасында жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттану деңгейі;

  • Ішкі істер органдарына халық сенімінің болжамды деңгейі;

  • Төтенше жағдайлардан адамдардың және материалдық шығындардың азайюы;

  • Халықтың байланыс және коммуникациялар саласындағы қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі;

  • Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі;

  • Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру көлемі;

  • Азаматтық қолданыстағы нысандарды сейсмотұрақтылыққа зерттеу;

  • Жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі;

  • Жүк айналымының көлемі;

  • Жолаушылар айналымының көлемі;

  • Тұтынушылардың коммуналдық қызметтердің сапасымен қанағаттанушылық деңгейі;

  • Тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігінің деңгейін арттыру;

  • Жылумен қамту қызметтерінің қамтамасыз етілу деңгейін арттыру;

  • Халықтың су бұру қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру;

  • Жоғары әлеуеті бар ауылдық елді мекендерді дамытудың санын арттыру;

  • Зиянды заттардың жаппай шығарылуын төмендету;

  • Мемлекеттік орман қорының орман алқаптарының көлемі;

  • Халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейі.

Қаржыландыру көздері және қажетті қаржыландыру көлемдері*

2011 жыл – 66 143 млн.теңге;

2012 жыл – 145 838 млн.теңге;

2013 жыл – 131 004 млн. теңге;

2014 жыл – 160 711 млн.теңге;

2015 жыл – 103 148 млн.теңге.

* - қаржыландыру көлемдері бюджет шығындарының нақтылануына байланысты өзгереді



2. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫҢ ТАЛДАУЫ
2.1. Өңір ахуалының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай-ақ олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері
Жамбыл облысы Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан және батысы мен шығысында Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен, оңтүстігінде – Қырғызстан Республикасымен шектеседі. Жамбыл облысының аумағы 144,2 мың шаршы км-ді немесе Республика аумағының 5,3%-ын құрайды.

Аумағының басым көпшілігі жазық жер болғанына қарамастан, Жамбыл облысы табиғатының әртүрлілігімен ерекшеленеді. Шу өзенінің солтүстік бөлігі - сазды немесе тасты Бетбақдала шөлі. Шу өзенінің оңтүстігіне қарай айдар-айдар, жон- жон болған құмдары бар Мойынқұм құмы жатыр. Облыстың оңтүстік-батысында Қаратау сілемдері (биіктігі 1600 м.) бар. Шығысы мен оңтүстік-шығысында Іле Алатауына барып бітетін Кіндіктас тауы (биіктігі 1503 м.) орналасқан. Облыстың климаты континентальды, бұл температураның барынша құбылмалылығына және жауын-шашын көлемінің аздығына алып келеді. Қаңтардағы орташа температура жазық жерлерде - 15°С, таулы жерлерде -6 -8°С; шілдеде тиісінше +16°С и +24 +25°С. Жауын-шашынның жылдық көлемі жазық жерлерде 300 мм-ге дейін, таулы аймақтар мен тауларда 500-700-ден 1000 мм-ге дейін. Таулы аймақтар мен жазық жерлердегі вегетациялық кезең – 205-225 күн. Өңірде су объектілері өте көп: Балқаш көлі, Көккөл көлі, өзендер, сарқырамалар, Тасөткел және Теріс Ащыбұлақ су қоймалары.

Облыста 10 аудан, облыстық мәндегі Тараз қаласы және аудандық мәндегі Қаратау, Жаңатас, Шу сияқты үш қала бар. Облыс халқы 1079,6 мың адам немесе Республика халқының 6,4%-ын құрайды. Әкімшілік орталығы – Тараз қаласы.

Облыстың инвестициялық тартымдылығын минералдық-шикізат ресурстары көлемінің көптігі мен оңды табиғи-климаттық жағдайларының болуы белгілейді, бұл өнеркәсіп дамуының дәстүрлі бағыттарымен бірге жаңа өндіріс орындарын ашуға да жағдай жасайды.

Жамбыл облысында пайдалы қазбалардың бай қорлары бар: олар – фосфориттер, плавиктік - шпаттық шикізат, алтын, Амангелді кен орнындағы газ.

Облыста сонымен бірге төмендегідей пайдалы қазбалар қоры бар:



  • түсті металл (мыс, молибден, алтын, күміс, селен, теллур, қорғасын және мырыш және т.б.);

  • уран;

  • барит (Шығанақ кен орны);

  • көмір (Шу көмір бассейні, Құлан кен орны);

  • әрлеу, көркемдеу және техникалық тастар (гранит, амазонитті гранит, мәрмәрлар, әктас, техникалық және түсті халцедон, үлгілік шикізаттар, гематит-қантас, хлорит-анартастар);

  • құрылыс материалдары (асбест, тальк, слюда, құмтас, цементтік және керамзиттік шикізаттар, гипс және ангидрит және т.б.);

  • газ;

  • минералды тұздар (ас тұзы –Майдагенкөл көлі, жемдік тұздар – Тұзкөл);

  • жерасты сулары.

Облыс аумағынан ТРАСЕКА көлік дәлізі өтеді. Сондай-ақ, 2013 жылы «Батыс Европа – Батыс Қытай» автобанынының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл жоба облыс арқылы өтетін тасымалдаудың 300 млн. тоннаға дейін жетуіне мүмкіндік береді.
2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалының талдауы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет