БАҒдарламасы мазмұны кіріспе


Облыс қалалары мен аудандарындағы жеңіл өнеркәсіптің



бет5/12
Дата08.09.2017
өлшемі3,7 Mb.
#30637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Облыс қалалары мен аудандарындағы жеңіл өнеркәсіптің

негізгі кәсіпорындары

5 кесте



Кәсіпорын

Негізгі өндірілетін өнімдер

Орналасқан жері

«Фабрика ПОШ Тараз» ЖШС

жүн, топс

Тараз қ.

«Тараз былғары аяқкиім» ЖШС

былғары тері тауарлары және аяқ киім

Тараз қ.

«Сапаров» ЖК

киім

Тараз қ.

«Айвенго» ЖШС

тігін өнімдері

Тараз қ.

«Би Дуалет» ЖШС

ұлттық бұйымдар, киім, киіз үй

Тараз қ.

«Канагат Тараз» ЖШС

ұлттық бұйымдар, киім

Тараз қ.

«Ырыс Бахыт» ЖШС

киім

Қордай ауданы

Сала құрылымының үштен бірін былғары тері өнімдері алады және үштен екісін тоқыма және тігін өнеркәсібінің өнімдері құрайды, бұлар негізінен жүн өндірісімен айналысады.


2007-2012 жылдардағы жүн өндірісінің серпіні, тонна

8 сурет


2007 және 2012 жылдар аралығында жүн өндіру заттай түрде 1,1 есеге артты. Жуылған жүн (өңдеудің ең төмен дәрежесімен қырқылған жүн) облыстың жүн өнеркәсібінің негізгі өнімі болып саналады. 2007 - 2012 жылдар аралығында жүн өндірудің тұрақты өсімі байқалады (8 сурет). Сонымен 2009 жылы 5471 тонна жүн өндірілді, 2010 жылы – 5682 тонна, 2011 жылы – 5856 тонна, 2012 жылы – 5983 тонна. Қазақстан Республикасындағы жүн өндірісіндегі облысымыздың жоғары үлесі аймақтағы дамыған ешкі және қой шаруашылығының болуына байланысты.

Елбасының 2010 жылдың қыркүйегіндегі Жамбыл облысына іс-сапары кезінде «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС-де фабриканың қолданыстағы цехының базасында ТОПС өндіру бойынша инвестициялық жоба мерзімінен бұрын іске қосылды. Бұл Қазақстанда жоғары сапалы жүн тоқу үшін пайдаланылатын шикізат - ТОПСты өндіретін, әлемде үлкен сұраныстағы жалғыз кәсіпорын, Италия елінде лабораторлық зерттеуден өтіп, осы тапшылық өнімін әлемдік өндірушілер тізіміне енгізілген. Бүгінгі таңда фабрика жылына 2 мың тонна меринос қойының жүнін қайта өңдей алады және 800 тонна топсты өндіре алады.



Былғары тері өнеркәсібі аймақтағы жеңіл өнеркәсіптің үштен бірін құрайды, бұл, бірінші кезекте, облыста мүйізді ірі қараның көптігімен байланысты болса керек. 2007 жылдан 2009 жылға дейін саладағы өндіріс 205,5 млн. теңгеден 117,0 млн. теңгеге дейін төмендеді, алайда 2010 жылы дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында былғары өнімін өндіруде кенет көтерілу байқалады, онда өсім 3,3 есені, 2011 жылы 1,4 есені, 2012 жылы – 1,3 есені құрады (9 сурет).
Облыстағы былғары өндірісінің серпіні, млн. теңге

9 сурет

Көп жылғы тоқыраудан кейін 2005 жылы қайта іске қосылған «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС облыстағы аяқ киім өндіретін негізгі кәсіпорын болып табылады. Бүгінгі таңда кәсіпорын Жамбыл облысында 10 жыл өндіріліп келе жатқан былғары-аяқкиім өндірісін қай жандандыруда. Үш былғары және екі аяқкиім цехы жаңғыртылған, жаңа жабдық жөндетілген, екі қуатты DESMA неміс агрегаттары және жоғары өндірістік италяндық технологиялық жабдықтардың 7 бірлігі іске қосылған.

Фабриканың негізгі өнімі – республикамыздың қарулы күштері мен ведомстволарына арналған италяндық технология негізіндегі былғарыдан арнайы аяқ киім. Кәсіпорын болашақта көркемдігімен және сапасымен айрықшаланатын, қойлайлы бағада балалар мен әйелдерге арналған аяқ киімді өндіруді жоспарлауда.

Жамбыл облысындағы жеңіл өнеркәсіптің күшті жақтарына, бірінші кезекте, өңірде биязы жүнді қой шаруашылығы мен басқа да мал түрлерін өсіруге қолайлы жағдайдың барлығы жатады. Жамбыл облысындағы қойды көп өсіретін аудандар – Қордай (Жамбыл облысындағы қой басының 15%-ға жуығы), Талас (14% шамасында) және Т. Рысқұлов аудандары (13% шамасында). Жамбыл облысындағы жүн қырқу көлемі барлық аудандар бойынша бір келкі болып келеді.

Солай бола тұрғанмен де, өңірдің жеңіл өнеркәсібінің бірқатар әлсіз жақтары бар. Оның ішінде мал саны бойынша жеке шаруа қожалықтарының үлесінің жоғарылығы (ҚР қой мен ешкі санының 70%-ы), соның салдарынан жүн өндірісінің құрылымында бұл мәселе жүн сапасына кері әсерін тигізуде. ЖШҚ-ның негізгі кемшілігі асыл тұқымды отарлардың режимін және жеммен қамсыздандырылуын сақтау үшін олардың көлемінің жеткіліксіздігі болып табылады, әлемдік тәжірибе бойынша 3 мың бастан (немесе 1,5 мың бас аналық қойлардан) тұратын отар болу керек. Жүн өндіруде ЖШҚ-ның үлесінің жоғарылығы өнім сапасының төмендігіне алып келеді.

Жүн өнеркәсібінің тағы бір проблемасы бұл отар малдың құрамында биязы жүнді қойлардың аз ғана үлесі және қатты жүнді қойлардың үлесінің көптігімен байланысты.

Сондай-ақ елімізде жүн сапасын тексеретін аккредитациядан өткен зертханалар да жоқ, бұл қазақстандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуын қиындатады. Мәселен, жүнді сертификаттау жүннің килограмының құнын 1-1,5 АҚШ долларына қымбаттатады.
Мұнай-газ саласы

Облыста газ, бензин, дизельді отын және нығыздалған газдан және импортталған мұнайдан мазут өңдеу мен оны тасымалдау іске асырылады. Мұнай өңдеу өнеркәсібі Жамбыл облысында әлсіз дамыған: ЖӨӨ құрылымындағы оның үлесі 2009 жылы 0,2%-ды, ал облыстың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 1%-ды құрайды. Өнім өндірісінің көлемі 2009 жылы 1,3 млрд. теңгені (НКИ -142,3%) құрады, ал 2010 жылы – 2,2 млрд.теңге (162,2%), 2011 жылы – 4,3 млрд. тенге (256,1%), 2012 жылы – 10,3 млрд.теңге (222,1%). Мұнай өңдеу өнімдері газ конденсатынан алынады. Облыста мұнай шикізаты өндірілмейді.

Жамбыл облысындағы газ өндіру 2003 жылдан бері Амангелді газ кен орнында жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда Амангелді газ кен орнының аумағында газды кешенді дайындау қондырғысы, газды кәсіпорынішілік жинау жүйесі, 25 ұңғыма жұмыс істейді.

Облыс аумағында екі өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді («Амангелді ГӨЗ» ЖШС және «Казхиминвест» НПФ ЖШС), олар бензин, дизельді отын жергілікті кен орындарындағы және облысқа Құмкөл кен орнынан (Қызылорда облысы) импортталатын газ конденсатынан мазут өндіреді. Өндірілген өнім көрші Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қырғызстан Республикасына жөнелтіледі.

ҮИИДБ аясында «Амангелді ГӨЗ» ЖШС 2010 жылы шикі мұнайды өңдеу зауытының құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асырды.
Тау-кен өндірісі саласы және кеніштерді игеру.

Облыста барланған және игерілген алтын кен орындарының, барит кен орындарының, газ кен орындарының қолда болуы тау-кен өндіру кешенін дамытудың негізі болып табылады. Бариттердің (табиғи барий сульфаты) бағаланған кені 12 млн. тоннаны құрайды. Аумақта кварциттің 2 кен орындары бар – Жаңатастық (баланстық қор – 38800 мың тонна) және Мақбелдік (137040 мың тонна, еліміздің ең ірісі) кен орындары, бұл металлургиялық кремнийды өндіру үшін маңызды шикізат болып табылады.

2009 жылы өнеркәсіп құрылымында тау-кен өндіру саласы мен кеніштерді игеру 5,6%-ды құрайды. Негізгі капиталған салынған инвестициялардың көлемі 1,6 млрд. теңгені құрады. Салада 6,5 млрд. теңгенің (НКИ – 69,6%) өнімі өндірілді.

Дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында 2010 жылы салада 2009 жылмен салыстырғанда 31,8%-ға өндіріс көлемінің өсіміне қол жеткізілген және 8,7 млрд. теңгені құрған, 2011 жылы - 39,8%-ға ( 12,9 млрд.теңге), 2012 жылы – на 6,8%-ға (17,1 млрд.теңге).


2007-2012 жылдардағы кен өндіру өнеркәсібі және кеніштерді игеру серпіні
10 сурет

2007-2011 жылдардағы кен өндіру саласы және кеніштерді игеру өнімдері негізгі түрлерін өндіру динамикасының өзгеруін көріп отырмыз (6 кесте), 2009 жылы облыста көмір (9,6%-ға), табиғи газ (4,6%-ға) өндіру артқан, 2010 жылы – әк тас және гипс (18,4%-ға), табиғи құм (6 есеге), тас үгіндісі, қиыршық тас, ұсақ тас (2,4 есеге), фосфат шикізаты (1,7 есеге). 2011 жылы әк тас және гипс (1,5 есеге), тас үгіндісі, қиыршық тас, ұсақ тас (1,6 есеге), ұнқталған фосфат шикізаты (1,4 есеге), ұсақталған фосфат шикізаты (1,5 есеге). 2012 жылы - табиғи құм (1,1 есеге), тас үгіндісі, қиыршық тас, ұсақ тас (1,5 есеге), ұнтақталған фосфат шикізаты (3,4%), ұсақ ұнтақталған фосфат шикізаты (4,0%).


2007-2012 жылдардағы кен өндіру өнеркәсібі және кеніштерді игеру саласы

өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру динамикасы

6 кесте

Өнім атауы

өлшем бірлігі

жылдар

2007

2008

2009

2010

2011

2012

Көмір және лигнит өндіру




тас көмір

мың тн

66,0

324,0

355,0

375,0

281,0

80,0

Шикі мұнай мен табиғи газ өндіру




газ конденсаты

мың тн

26,3

26,3

26,0

24,2

21,9

21,3

табиғи газ

млн.текшем

319,9

338,4

354,0

344,1

326,5

324,1

Басқа салалар




әктас және гипс

млн. тн

2,0

1,7

0,9

1,0

1,6

1,5

табиғи құм

мың текше м

13,7

53,6

29,7

171,8

122,2

137,5

тас үгіндісі, қиыршық тас, ұсақ тас

мың текше м

626,3

838,6

553,6

1309,6

2128,5

3160,4

ұнтақталған фосфат шикізаты

мың тн

152,2

207,0

74,8

148,1

211,2

218,3

ұсақталған фосфат шикізаты

-/-

77,5

154,4

84,9

124,4

185,6

193,1


Электрмен қамтамасыз ету, газ,бу беру және ауаны баптау

Өнеркәсіптің жалпы көлемінің 17,2%-ын құрайтын электрмен қамтамасыз ету, газ,бу беру және ауаны баптауда сұраныстың төмендеуінен 2009 жылы электр қуатын өндіру 65,3%-ға, жылу энергиясын беру – 7,3%-ға қысқарды.

2009 жылы өндіріс көлемі 19,9 млрд. теңгені (НКИ - 55,6%), 2010 жылы 18,3 млрд. теңге (80,7%) құрады (11 сурет). Электр қуатын өндіру, беру және таратудың 29,4%-ға қысқаруы есебінен 2010 жылы жұмыстың және қызмет көрсетудің өндіріс көлемі 19,2%-ға төмендеген.
2007-2012 жылдардағы электрмен жабдықтау, газ,бу беру және ауаны баптау

серпіні

7 кесте


Өнім атауы

Өлшем бірлігі

жылдар

2007

2008

2009

2010

2011

2012

Электр қуаты

млн. кВт.сағ

3144,7

4388,7

1523,6

632,1

1057,7

1564,9

Жылу энергиясы

мың Гкал

1797,8

1 986,3

1936,0

2053,7

2272,0

2836,2

2011 жылы жұмысты, қызметті өндіру көлемі 26,6 млрд. теңгені құрады, НКИ - 125,9%, электр қуатын өндіру 1,7 есеге өсіп, 1057,7 млн. кВт/сағ.құрады, жылу энергиясын – 1,1 есеге (2272,0 мың Гкал) артты. 2012 жылы - саланың өсімі 21,8%-ға (31,9 млрд.теңге), электр қуатын - 48%-ға, жылу - 24,8% өскен.


2007-2012 жылдардағы электрмен жабдықтау, газ,бу беру және ауаны баптау

серпіні

11 сурет

Облыста өнеркәсіптің дамуы кәсіпорындардың электр қуатымен қамтылуынан тікелей байланысты. Бүгінгі күні облыста өндірілетін электр қуаты қажеттіліктің 30%-ға жуығын қамтамасыз етеді, қалған қажеттілік солтүстік өңірлердің есебінен қамтамасыз етіледі. Облыста тұрақты және үзіліссіз электр қуатын беріп отыру ағымдағы кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі болып қалуда. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-нің (өңірдегі ең қуатты энергия көзі) өнімінің шығыны жоғары, сондықтан да оның киловаттының бағасы көтерме нарықтағы бағаға қарағанда барынша қымбат. Электр қуатының жеткіліксіздігі өнеркәсіптің дамуына қатты әсер етуде.

2009 жылдың мамырынан бастап өндірілетін электр қуатының өз құнынан жоғарылығынан станция тоқтап тұрды және тек қазан-қараша айларында ғана №5 және №4 блоктардың жұмыстары қайта жанданды, осыған байланысты жыл қорытындысы бойынша «ЖГРЭС» АҚ-ғы электр қуатын өндіру 67,9%-ға төмендеді және 1348,7 млн. кВт/с құрады. 2009 жылы электр қуатының 44%-ға тапшылығында, облыстың өзінің электр станциясы 20%-дан аз қуатта жұмыс жасады.

Жамбыл облысы электр қуатын өндірудің төмен деңгейімен сипатталады, электр қуатын магистралды тасымалдаумен және диспетчерлеумен айналысатын «КЕГОК» АҚ өңірлік филиалы Шымкент қаласында орналасқан.

Облыста электр қуатын тасымалдау мен таратумен «ЖЭС» ЖШС айналысады, оның балансында 15076,99 км электр тарату желісі, 1961,15 мВА қуатты 6-10-35-110-220 кВ 0,4-110 кВ және 3213 бірлік трансформаторлық кіші стансалар бар.

Жамбыл облысына электр энергиясы «ЖГРЭС» АҚ, «ТЭЦ» АҚ, «Гидроэнергетикалық компания» ЖШС есебінен және Қазақстанның солтүстік энергия көздерінен жеткізіледі.

Жамбыл облысындағы электр қуатының жеткіліксіздігі, бір жағынан, облыс экономикасының электр сыйымдылығының жоғарылығына және халықтың тұрмыстық қажеттілікке электр энергиясын пайдалану үлесінің жоғарылығына, ал екінші жағынан, энергия көздерінің тиімсіз құрылымына, өзіндік электр энергиясын өндірудің бәсекеге қабілетсіздігіне байланысты.

Энергетика саласындағы энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу бойынша негізгі іс-шаралар мыналар:

• электр және жылу энергияларын бірлесе өндіруді қамтамасыз ететін жабдықтарды кең көлемді ендіруге негізделген өндіру қуаттарын техникалық қайта жарақтандыру, газ нығыздау жабдықтарын ендіру;

• энергетикалық баланс құрылымын өзгерту және оны әртараптандыруды арттыру – көмір мен мазутты жағудың алдыңғы қатарлы және экологиялық таза технологияларын пайдалануға дайындау, отын мен энергия көздерінің қайта жаңғыртылған және дәстүрлі емес түрлерін қолдану мен дамытуға бағыттау;

• электр тарату желісі мен кіші стансалардың жаңаларын салу және қолда барларын қайта жаңғырту, электр энергиясын беру мен таратудағы шығынды төмендету мақсатында есепке алудың (АСКУЭ) қазіргі заманғы жүйесін енгізу.


Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 2009 жылы 1,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2008 жылғы деңгейден 37,6%-ға кем. 2010 жылы жұмыс пен қызметті өндіру көлемінің өсімі жинау, өңдеу және қалдықтарды жою қызметтері көлемінің 2,6 есеге өсуінің есебінен 26,3% құрады (1,5 млрд. теңге).

2011 жылы табиғи суды беру қызметінің 5,1%-ға төмендеуінің есебінен жұмыс пен қызметті өндіру көлемі 1,9%-ға (1,6 млрд. теңге) төмендеді.

2012 жылы қалдықтарды жою - 1,7 есеге, су - 7,2%-ға, кәріз жүйесі - 5,9%-ға өсуінің нәтижесінде салада өндіріс көлемі 1,3 есеге өскен (2,1 млрд.теңге).
Өнеркәсіп саласындағы мәселелер


  • негізгі өндірістік қорларды жаңарту деңгейнің төмендігімен олардың тозуының жоғары деңгейі;

  • облыста шикізаттың кокс және аммиак сияқты негізгі түрлерінің өндірісінің болмауы шығындардың өсуіне әсер етеді;

  • өнеркәсіп салаларының жоғары энергия сыйымдылығы;

  • қайта өндіретін қуаттарды жаңғыртудың төмен деңгейі;

  • білікті кадрлардың және инновациялық менеджмент саласында кадрлардың жетіспеушілігі;

  • өзіңдік электроэнергиясының тапшылығы.



Индустриалды-инновациялық даму

Индустриалдандыру картасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің бірқатар жарлықтарын күші жойылған деп тану туралы» №958 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі №302 Қаулысына сәйкес Өңірлік Индустриалдандыру картасы әзірленді, ол облыс әкімдігінің 2010 жылғы 2 маусымдағы №156 қаулысымен бекітілді.

Облыста Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына сәйкес экономика салаларын әртараптандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Облыс кәсіпорындарында жаңа өнім түрлері игерілуде, жаңа технология желісі ендірілуде, қосымша құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығару артуда. Өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірістік желісін компьютерлеу процестерін кең қолдануда және өндірісте жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануда. 2010-2013 жылдары индустриаландыру картасының шеңберінде облыста 101,1 млрд.теңге сомасында 29 жаңа өндірісітер соғылды. 4 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды.

2010 жылы ҮИИДМБ сәтті басталуының арқасында өнеркәсіп дағдарыстан кейінгі жаңа жетістіктерге қол жеткізді, бағдарламаның шеңберінде 55,9 млрд. теңге сомасында 8 инвестициялық жоба пайдалануға енгізілген, 2018 жаңа жұмыс орындары ашылған (8 кесте).

1. «Жасұлан және К» ЖШС - өнеркәсіптік негізде гүл өндірісі, қуаттылығы жылына 10 млн. дана гүл, құны – 1050,0 млн. теңге, 100 жаңа жұмыс орны ашылды.

2. «АльБасар» ЖШС - гранит пен одан жасалатын бұйымдар өңдейтін цех, құны – 570,0 млн. теңге, 165 жаңа жұмыс орны ашылды. Шығарылатын өнімдер - жиектеме, қырлама және кеспелтек. Жобанын қуаттылығы 50 мың ш/м жиектер.

3. «Амангелді ГӨЗ» ЖШС - шикі мұнай өңдейтін зауыт, қуаттылығы жылына 100 мың тонна мұнайды құрады құны – 3,0 млрд. теңге, 100 жұмыс орны ашылды.

4. «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС - фабрикада жұмыс істеп тұрған цех базасында ТОПС өндіру, қуаттылығы жылына 800 тонна топс, құны – 1116,4 млн. теңге, 100 жаңа жұмыс орны ашылды.

5. «Жаңатас» металлургиялық комбинаты» ЖШС - болат балқыту цехы, қуаттылығы 15 мың тонна арматура, құны – 450,0 млн. теңге, 60 жаңа жұмыс орны ашылды.

6. «Мыңарал Тас Компани» ЖШС - қуаты жылына 1,2 млн. тонна цемент шығаратын цемент зауыты, құны – 34,9 млрд. теңге, 350 жаңа жұмыс орны ашылды.

7. «Тараз металлургия зауыты» ЖШС - ферроқорытпа өндірісін кеңейту мен жетілдіру, қуаттылығы 72 мың тонна ферросиликомарганец, құны – 11 505 млн. теңге, 300 жұмыс орны ашылды.

8. «Қосалқы бөлшектер» АҚ - электрометаллургиялық кіші-зауыты, құны – 3 250,0 млн. теңге, 843 жаңа жұмыс орны ашылған. Қуаттылығы жылына 180 мың тоннаны құрайды.



2011 жылы құны 22,1 млрд. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылып, 1070 жаңа жұмыс орындары құрылды.

1. «Алтыналмас АК» АҚ - «Ақбақай кластері» құрамында алтыны бар кендерді өңдеу, құны - 9620 млн. теңге. 450 жұмыс орны құрылды. Құрамында алтыны бар кендерді өңдеу жобасының қуаттылығы жылына 1 млн. тоннаны құрайды (немесе 1,3 тонна бағалы металл өндірісі).

2. «Энерджи Тараз» ЖШС – кең спекторлы шамдарды өндіру зауытының құрылысы, қуаттылығы - жылына 5 мың шам. Жобаның құны- 129,6 млн. теңге. 20 жұмыс орны құрылды.

3. «Луговой жылқы зауыты» ЖШС - құны 3400 млн. теңгені құрайтын жаңа технологиялар қолданылатын 30000 басқа арналған бордақылау кешенінің құрылысы. 150 жұмыс орны құрылды. Жобаның қуаттылығы жылына 2500 тонна етті құрайды.

4. «ACIG»АҚ – қуаттылығы жылына 500 мың тоннаны құрайтын цемент зауытының құрылысы. Жобаның құны - 8250 млн. теңге, 250 жұмыс орны құрылды.

5. «SUPER PHARM» ЖШС – құны 520 млн. теңгені құрайтын медициналық бұйымдарды өндіру зауытының құрылысы. 100 жұмыс орны құрылды. Жобаның қуаттылығы жылына 15 млн. дана медициналық киімдер шығару.

6. «Бином Строй - Деталь» ЖШС - темірбетоннан бұйымдар өндіру зауытының құрылысы. Жобаның қуаттылығы жылына 10 мың текше метрді құрайды, құны - 150 млн. теңге. 100 жұмыс орны құрылған.

2012 жылы құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 7 жобаны іске асырылып, 360 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде:

1. «Куликовский молочный продукт» ЖШС - сүт зауытының құрылысы (1 кезең). Жобаның қуаттылығы - жылына 5,8 мың тонна сүтті өңдеу, құны - 150,0 млн. теңге. 50 жұмыс орны құрылды.

2. «Kaz-Ir-Agro» ЖШС - майлы дақылдарды өңдеу зауытының құрылысы, жобаның қуаттылығы - жылына 600 тонна майлы дақылдарды өңдеу, құны - 855,0 млн. теңге. 100 жұмыс орны құрылды.

3. «Аян и Л.Б.» ЖШС – кірпіш зауытының құрылысы, жобаның қуаттылығы жылына 8 млн. дана кірпіш, құны - 250,0 млн. теңге. 50 жұмыс орны құрылды.

4. «База-Servis» ЖШС- 10,9 млн. дана кірпіш шығару зауытының құрылысы, құны - 300,0 млн. теңге. 20 жұмыс орны құрылды.

5. «Карат-V» ЖШС - жиһаз ламинатын қаптау және әрлеу бойынша цехын іске қосу, құны 50,0 млн. теңге. 10 жұмыс орны құрылды. Жобаның қуаттылығы - 3000 м² акрилденген ламинат.

6. «Казфосфат» ЖШС - натрий гексаметафосфатын және тағамдық фосфатты өндіруді ұйымдастыру, қуаттылығы – жылына 4000 тонна, құны - 500,0 млн. теңге. 20 жұмыс орны құрылды.

7. «Та-Мак» ЖШС - макарон өнімдерін өндірудің технологиялық желісін құру. Жобаның құны 180 млн. теңге, қуаттылығы - жылына 2 400 тонна. 110 жұмыс орындары құрылды.



2013 жылы Индустрияландыру Картасының шеңберінде іске асыруға қарастырылған құны 22,6 млрд. теңгені құрайтын (676 жаңа жұмыс орны) 9 жобаның 20,9 млрд. теңгеге 8 жобасы іске қосылып, 626 жұмыс орны құрылған («Бірлік Энерго» ЖШС - шикі мұнайды өңдейтін зауыты, «Құрылыс-Полимер» ЖШС - пластмасс бұйымдарын өндіретін зауыт, «Үміт Қордай» ЖШС - сүт өнімдерінің өндірісі, «Алкопищепром» ЖШС - ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеу және консервілеу зауыты, «Компания A & T - энерго» ЖШС - Тасөткел су қоймасында ГЭС, «Тараз құбыр зауыты» ЖШС - полиэтиленді құбырлар өндірісі бойынша зауыт, «ЭнергоСтройПроект» ЖШС - Қарақыстақ өзенінде шағын ГЭС, «Казфосфат» ЖШС - күкірт қышқылы цехының құрылысы).

1. «Құрылыс-Полимер» ЖШС - пластмасс бұйымдарын өндіретін зауыт. Жобаның құны 1776,0 млн. теңге, қуаттылығы - жылына 32 млн. м² изоляторлық плиталар ды құрады. 270 жұмыс орындары құрылды.

2. «Үміт Қордай» ЖШС - сүт өнімдерінің өндірісі. Жобаның құны 100,0 млн. теңге, қуаттылығы - жылына 4,8 мың тонна сүт өнімі. 100 жұмыс орындары құрылды.

3. «Компания A & T - энерго» ЖШС - Тасөткел су қоймасында ГЭС. Жобаның құны 1050,0 млн. теңге, қуаттылығы - жылына 9,2 мВт, 20 жұмыс орындары құрылды.

4. «Бірлік Энерго» ЖШС - шикі мұнайды өңдеу бойынша зауыт. Жобаның құны 199,0 млн. теңге, қуаттылығы - жылына 35 мың тоннаға дейін мұнайды өндіру. 38 жұмыс орындары құрылды.

5. «Казфосфат» ЖШС - күкірт қышқылы цехының құрылысы. Жобаның құны 14,0 млрд. теңге, қуаттылығы - жылына 600,0 мың тонна моногидрат. 138 жұмыс орындары құрылды.

6. «Тараз құбыр зауыты» ЖШС - полиэтиленді құбырлар, фитингтер мен тамшылап суару құбырларын өндіру бойынша зауыт. Жобаның құны 2424,0 млн. теңге, қуаттылығы - жылына 3,5 мың тонна құбыр өндіру. 20 жұмыс орындары құрылды.

7. «ЭнергоСтройПроект» ЖШС - Қарақыстақ өзенінде шағын ГЭС құрылысы. Жобаның құны 1018,0 млн. теңге, қуаттылығы - 10,13 млн. кВт/сағатына. 10 жұмыс орындары құрылды.

8. «Алкопищепром» ЖШС - ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеу және консервілеу зауыты. Жобаның құны 300,0 млн. теңге, қуаттылығы - жылына 2,5 млн. банкі. 30 жұмыс орындары құрылды.

9. «Жамбылгипс» АҚ - "№3 зауытынң құрылысы. Өндірісті кеңейту және жетілдіру (жаңа цех құырылысы және қолда бар цехтарды жаңғырту). Жобаның құны 1715,0 млн. теңге, қуаттылығы - жылына 270 мың тонна құрғақ құрылыс қоспалары және гипс бұйымдары. 50 жұмыс орындары құрылады.

Бұдан басқа, 2014 жылы Индустриаландыру картасының 43,9 млрд. теңге сомасында 693 жұмыс орны құрылатын 5 инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған ("Тараз металлургия зауыты" ЖШС - 2 кезең, «Арайстроймаркет» ЖШС - радиаторлар өндірісі бойынша шағын зауыттың құрылысы, «БиномСтройДеталь» ЖШС - үй салу комбинатының құрылысы, «TalasInvestmentCompany» ЖШС - натрий цианидін өндіру зауытының құрылысы, «VistaInternational» ЖШС - Қордай ЖЭС құрылысы және іске қосу).

2015-2018 жылдары - 400,0 млрд.теңге сомасында, 2405 жұмыс орындары құрылатын 3 инвестжоба («AlinaHolding» ЖШС - өндіріс кешендерінің құрылысы, "Бірлескен химия компаниясы" ЖШС - глифосат өндірісі, «Еврохим-Удобрения» ЖШС - Қаратау қаласында минералдық тыңайтқыштарды өндіру зауытының құрылысы)



Облыста Индустриаландыру картасының шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобалардың тізімі

8 кесте



Жобаның атауы

Жобаның тапсырыс берушілері

іске асыру кезеңі, жылдар

Сала

Жобаның құны, млн. теңге

Жыл бойғы жұмыс орындар

Жобалық қуаттылық

Пайдалануға беру

Құрылыс кезіндегі

Пайдалануға беру кезіндегі

2010 жыл – 8 инвестициялық жобалар

1

Граниттенжасалған бұйымдарды өндіру

«АльБасар» ЖШС

2007 - 2010

Құрылыс индустриясы

570,0

30

165

50 мың погон/м, бордюрлер/жылына (немесе 6,0 мың тонна)

№119 28.06.

2010 ж.


2

Өндірістік негізде гүл өсіру кешені

«Жасулан и К» ЖШС

2009 - 2010

АӨК

1050,0

35

100

жылына10 млн. дана гүл

№420

28.06.


2010 ж.

3

Цемент зауытының құрылысы

«Мынарал Тас Компани» ЖШС

2007 - 2010

Құрылыс индустриясы

34953,0

80

350

жылына 1,2 млн. тонна цемент

№460 15.12.

2010 ж.


4

Ферроқорытпаларынн 12,0 мың тоннаға дейін өндіру

«Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС

2007 - 2010

Металлургия өнеркәсібі

11505,0

230

300

жылына 72 мың тонна ферросиликомарганец

№529 30.12.

2010 ж.


5

Шикі мұнайды өңдеу зауытының құрылысы

«Амангелді ГӨЗ» ЖШС

2007 - 2010

Мұнай-газ өнеркәсібі

3000,0

80

100

жылына 100 мың тонна мұнай

№335 15.12.

2010 ж.


6

Шағын электрометталлургиялық зауытының құрылысы

«Запчасть» АҚ


2008 - 2010

Металлургия өнеркәсібі

3250,0

88

843

жылына 180 мың тонна металл бұйымдары

№319 30.12.

2010 ж.


7

Болат құю цехының құрылысы

«Жаңатас»- Металлургиялық комбинаты» ЖШС

2008 - 2010

Металлургия өнеркәсібі

450,0

25

60

жылына 15 мың тонн арматура

№459 28.09. 2010 ж.

8

ТОПС өндірісі

«Фабрика ПОШ - Тараз» ЖШС

2007 - 2010

Жеңіл өнеркәсіп

1116,4

20

100

жылына 800 тонн ТОПС

№195 27.09. 2010 ж.

Барлығы 2010 жылы:

55894,4

588

2018







2011 жыл - 6 инвестициялық жобалар

9

Ақбақай алтын шығару фабрикасын өнімділігін арттыру

«Алтыналмас АК» АҚ

2010-2011


Металлургия өнеркәсібі

9620,0

131

450

жылына 1,0 млн. тоннаға дейін шикізат өнімділігін арттыру

№177 27.06. 2011 ж.

10

Жарық диодты шамдарды өндіру

"Энерджи Тараз" ЖШС

2010-2011


Электр қуаты

129,6

30

20

жылына 5,0 мың шам

№105

15.06. 2011 ж.



11

Цемент зауыты

«ACIG» АҚ

2007-2011

Құрылыс индустриясы

8250,0

300

250

жылына 500 мың тонна цемент

№292 6.12.

2011 ж.


12

Медициналық киімдерді және бір рет пайдаланылатын киімдер өндіру

«SUPER PHARM» ЖШС

2010-2011

Фармацевтика

520,0

40

100

жылына150 млн. дана

№498 4.11.

2011 ж.


13

30000 басқа арналған бордақылау кешені

«Луговой жылқы зауыты» ЖШС

2009-2011


АӨК

3400,0

200

150

жылына 2500 тонна ет

№133 30.06.

2011 ж.


14

Темірбетоннан бұйымдар өндіру зауыты

"Бином Строй-Деталь" ЖШС

2010-2011

Құрылыс индустриясы

150,0

50

100

жылына10 000 м3 темірбетоннан бұйымдар

№545 5.12.

2011 ж.


Барлығы 2011 жылы:

22069,6

751

1070







2012 жыл - 7 инвестициялық жобалар

15

Макарон өнімдерін өндірудің технологиялық желісі

«Та-Мак» ЖШС

2012

АӨК

180,0

240

110

жылына 2 400 тоннамакарон өнімдері

№2 12.12.

2012 ж.


16

Сүт және сүт өнімдерін шығару және өңдеу бойынша кәсіпорын

«Куликовский молочный продукт» ЖШС

2011-2012

АӨК

150,0

40

50

жылына 5,8 мың тонна сүтті өңдеу

№1 06.11.

2012 ж.


17

Майлы дақылдарды өңдеу зауытының құрылысы

«Kaz-Ir-Agro» ЖШС

2011-2012

АӨК

855,0

70

100

жылына 600 тонна майлы дақылдарды өңдеу

№141-12

14.09.


2012 ж.

18

Кірпіш зауытының құрылысы

«Аян и Л.Б.» ЖШС

2011-2012

Құрылыс индустриясы

250,0

10

50

жылына 8 млн. дана кірпіш

№1-7/45

15.03.


2012 ж.

19

Жиһаз ламинатын қаптау және әрлеу бойынша цехын іске қосу

«Карат-V» ЖШС

2012

Құрылыс индустриясы

50,0

15

10

жылына 3000 м² акрилденген ламинат

№1 15.12.

2012ж.


20

Кірпіш шығару зауытының құрылысы

«База-Servis» ЖШС

2011-2012

Құрылыс индустриясы

300,0

15

20

жылына 10,9 млн. дана кірпіш

21.06.

2012 ж.


21

Натрий гексаметафосфатын және басқа да тағамдық фосфатты өндіру

«Казфосфат» ЖШС

2011-2012

Химия өнеркәсібі

500,0

50

20

жылына 4000 тонна Натрий гексаметафосфаты және тағамдық фосфат

25.05.

2012 ж.


Барлығы 2012 жылы:

2285,0

440

360







2013 жыл - 9 инвестициялық жобалар

22

Шикі мұнайды өңдеу бойынша шағын зауыт

«Бірлік Энерго» ЖШС

2012-2013

Мұнай газ өнеркәсібі

199,0

32

38

жылына 35 мың тонна мұнай өңдеу

16.01.

2013 ж.


23

Пластмасса бұйымдарын өндейтін зауыт

«Құрылыс-Полимер» ЖШС

2011-2013

Резеңке және пластмассалар өндірісі

1776,0

130

270

жылына 32 млн. м² изоляциялық плиталар

№01 18.01.

2013 ж.


24

Сүт өнімдерінің өндірісі

«Үміт Қордай» ЖШС

2011-2013

АӨК

100,0

110

100

жылына 4,8 мың тонна сүт өнімі

14.03.

2013 ж.


25

Ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеу және консервілеу зауыты

«Алкопищепром» ЖШС

2012-2013

АӨК

300,0

20

30

жылына 2,5 млн. банкі

10.04.

2013 ж.


26

Тасөткел су қоймасындағы ГЭС

«Компания A & T - энерго» ЖШС

2012-2013

энергетика

1 050,0

100

20

жылына 9,2 мВт

22.04.

2013 ж.


27

Полиэтиленді құбырлар, тамшылап суару құбырлары өндірісі бойынша зауыт

«Тараз құбыр зауыты» ЖШС

2011-2013

Құрылыс индустриясы

2424,0

55

20

жылына 3,5 мың тонна құбыр

28.05.

2013 ж.


28

Қарақыстақ өзенінде шағын ГЭС құрылысы

«ЭнергоСтройПроект» ЖШС

2011-2013

энергетика

1018,0

80

10

10,13 млн. кВт/сағатына

14.06.

2013 ж.


29

Күкірт қышқылы зауытының құрылысы

«Казфосфат» ЖШС

2011-2013

Химия өнеркәсібі

14000,0

350

138

жылына 600,0 мың тонна моногидрат

17.07.

2013 ж.


30

№3 зауытынң құрылысы. өндірісті кеңейту және жетілдіру (жаңа цех құырылысы және қолда бар цехтарды жаңғырту)

«Жамбылгипс» АҚ

2011-2013

Құрылыс индустриясы

1715,0

30

50

жылына 270 мың тонна құрғақ құрылыс қоспалары және гипс бұйымдары

2013ж. желтоқсан

Барлығы 2013 жылы:

22582,0

907

676







2014 жыл - 5 инвестициялық жобалар

31

Ферроқорытпалар өндірісін және оның шикізаттық базасын кеңейту және әртараптандыру (2 кезең)

("Тараз металлургия зауыты" ЖШС

2012-2014

Металлургия өнеркәсібі

29 000,0

330

300

жылына 300 мың тоннаға дейін ферроқорытпалар

2014

32

Радиаторлар өндірісі бойынша шағын зауыттың құрылысы

«Арайстроймаркет» ЖШС

2013 – 2014

Өңдеу өнеркәсібі

300,0

20

25

жылына 250 мың дана

2014

33

Үй салу комбинатының құрылысы

«БиномСтройДеталь» ЖШС

2012 – 2014

Құрылыс индустриясы

700,0

50

100

жылына 19500 м³/

2014

34

Натрий цианидін өндіру зауытының құрылысы

TalasInvestmentCompany» ЖШС

2012 – 2014

Химия өнеркәсібі

7500,0

120

255

жылына13500 тонна

2014

35

Қордай ЖЭС құрылысы және іске қосу

«VistaInternational» ЖШС

2012 – 2014

энергетика

6362,0

17

13

жылына62,6 млн. мВт

2014

Барлығы 2014 жылы:

43862,0

537

693







2015-2018 жылдар - 3 инвестициялық жобалар

36

Глифосат өндірісі

"Бірлескен химия компаниясы" ЖШС




Химия өнеркәсібі

39540,0

500

300

жылына 10 мың тонна

2015

37

Құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін кешеннің құрылысы

(«AlinaHolding» ЖШС




Құрылыс индустриясы

3890,0

60

105

жылына 140 мың тонна

2016

38

Қаратау қаласында минералдық тыңайтқыштарды өндіру зауытының құрылысы

«Еврохим-Удобрения» ЖШС




Химия өнеркәсібі

356555,0

3000

2000

жылына 1400 мың тонна минералдық тыңайтқыштар

2018

Барлығы 2015-2018 жылдары:

399985,0

3560

2405







Барлығы

546678,0

6783

7222








Мәселелер

  • қаражат айналымының жетіспеушілігінен, қарызды қайта құрылымдауға және шетел кадрларының қажеттілігіне байланысты «АСIG» АҚ-ң инвестициялық жобалардың өндірістік қуаттары игерілмеген.


Менеджмент және стандарттау жүйесі

ИСО сапа менеджменті жүйесі 2009 жылы облыстағы 233 кәсіпорындар мен ұйымдарда енгізілді.

Оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында 34 ұйым, телекоммуникациялық және байланыс қызметін көрсетуде – 2, стандарттау қызметтерінде – 3, құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінде – 123, денсаулық сақтау саласындағы қызметтер – 3, білім беруде –3, металлургия өнеркәсібінде және дайын металл өнімдерін өндіруде – 4, химия өнеркәсібінде – 1, жеңіл өнеркәсіпте – 2, сусындар мен темекіні қоса алғанда тамақ өнімдері өндірісінде – 10, басқа салаларда – 48.

Сұраныс халықаралық стандарттармен үлестірілген мемлекеттік стандарттарға, менеджмент, құрылыс өнеркәсібі, метталургия, машына жасау, энергетика жүйесінің стандарттарына 2009 жылмен салыстырғанда 30%-ға артқан.

Облыста шығарылатын өнімнің, жұмыстың, қызметтің халықаралық стандарттар сапасы (ISO – 9000, ISO – 14000 және басқалары) 330 шаруашылық субъектілерінде оның ішінде 2009 жылы - 71, 2010 жылы - 97, 2011 жылы 85, 2012 жылы - 36 кәсіпорындарында енгізілген.

2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ИСО жүйесі облыстың 366 кәсіпорындары мен ұйымдарында енгізілген.



Облыста менеджмент жүйесін енгізу мәселелері бойынша халықаралық стандарттарға көшуге отандық өндірушілердің дайындығын анықтау жөнінде Жұмысшы топ құрылды. Техникалық регламенттер мен стандарттарды ендіру және оларға бейімделу мәселелері бойынша «дөңгелек үстелдер» мәжілістері өткізіледі, кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу мониторингі жүргізіледі. Облыс әкімінің сайтында техникалық реттеу мәселелері жөнінде ақпарат орналастырылған, кәсіпорындарда менеджмент жүйесін ендірудің мониторингі жүргізілуде.

«Казфосфат» ЖШС, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Имсталькон» ЖШС, Тараз желілік-өндірістік УМГ «ИнтергазОрталықАзия» кәсіпорындарында интеграцияланған менеджмент жүйесі енгізілген, оқыған білікті мамандары, аккредитацияланған тексеру орталықтары мен аттестациядан өткен зертханалары бар.

Нормативтік құжаттар (мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттарға сұраныс) бойынша кәсіпорындардың: «Казфосфат» ЖШС, «Жамбылдық цемент компаниясы» ЖШС және «Запчасть» АҚ тапсырыстары қаралды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет