79. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда қолданылатын дағдылар сипаттамасы.
Бағалау - оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі аспектіні көздейді: оқуды бағалау және оқу үшін бағалау. Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағытталған. Оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған.«Бағалау» термині «жақын отыру» деген сөзді білдіреді. Бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін, тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды:
қадағалау; алынған мәліметтер интерпритациясы; бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтауға бағытталған қорытынды.
Мұғалімнің бағалаудағы ролі:
Мұғалім тәлімгер ретінде - кері байланысты және әр оқушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді;
Мұғалім жетекші ретінде - топтағы ағымдағы жұмыс үдерісіне алып жүру үшін диагностикалық ақпарат жинастырушы;
Мұғалім есепке алу маманы ретінде - оқушылардың өсуі мен жетістіктері туралы жазу;
Мұғалім баяндамашы ретінде - оқушылардың өсуіне қатысты ата-аналарына, оқушыларға және мектеп әкімшілігіне баяндау.
Оқу үшін бағалаудың негізгі сипаттамалары:
1. Оқыту мақсатымен бөлісу.
2. Алда не күтіп тұрғанын оқушылардың білуіне көмектесу.
3. Өзін-өзі және құрбыларын бағалау.
4. Оқушылардың жақсарту үшін не қажет екендігіне көмек беретін пікірлермен қамтамасыз ету.
5. Оқушылардың өздерін жетілдіре алатынына сенімділігін дамыту.
6. Өзара бірлесіп бағалау туралы ақпаратты талдау және ойластыру.
Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олардың қандай қиындықпен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды қадағалау. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек.Интерпретация қызығушылық тудыратын мәселелерге, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі.
Оқу үшін бағалауға қарағанды, оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылардың қол жеткізген деңгеймен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке сәйкес немесе сәйкес емес деген нысанда жасалады.
Оқу үшін бағалау кезінде қолданылатын қадағалау, интерпретация және өлшемдер оқуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды мен шешім басқа сипатта болады.
Оқу үшін бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. [Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:
Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;
Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы;
Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы. Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы;
Оқушы білімінің жүйеленуі,тереңдеуі,есте сақтауы. Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі;
Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы;
Оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы;
Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бақылау, тренинг,үй жұмысы, шығармашылық т.б)
Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау;
Баға сапасын арттыру.
Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |