Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Критериалды бағалау: мұғалімдерге, оқушыларға не беретінін талдаңыз



бет111/132
Дата11.07.2020
өлшемі0,53 Mb.
#75105
түріБағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   132
Байланысты:
БӨТ (копия)
БӨТ (копия)
81. Критериалды бағалау: мұғалімдерге, оқушыларға не беретінін талдаңыз.

Мұғалімдерге:

1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;

2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;

3. Білім беру сапасын арттыруға;

4. Оқытудың сапасын жақсартуға;

5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;

6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді

Оқушыларға:

1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;

2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;

3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;

4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.

Ата-аналарға:

1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;

2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;

3. Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;

4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;

5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.

+Критериалды бағалау: мұғалімдерге, оқушыларға не беретінін талдаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет