82.Финляндиядағы оқушылардың жетістіктерінің бағалану ерекшеліктерін сипаттаңыз.Финляндиядағы оқу үдерісіне үңілетін болсақ, білім жүйесін сәтті құра білуі – осы елдің экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуында, талай жетістіктерге жетіп, бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарында көрінуінде. Финляндия Конституциясы әр азамат оқуға құқылы дейді. Біздің де Ата Заңымызда осылай делінген. Бұл елдің білім реформасы біздегі білім жүйесіне ұқсастығын көреміз.Бұл елдегі мектеп екі сатыдан тұрады: міндетті ақысыз бастауыш және орта. Өзіндік ерекшелігі: жоспар құру және мақсатты айқындау.Мейлі отбасында болсын, мейлі мектепте болсын.Мектеп оқушысын өмірін жоспарлауға, қарапайым мақсаттан күрделі мақсат қоя білуге үйретеді, мінез-құлқын қалыптастыруға және өз мүмкіндіктерін аша білуге жетелейді.Өзі туралы көп мағлұмат алған оқушы өзін алда не күтіп тұрғанын біледі, өз өмірі өз қолында екенін түсінеді.Жоғарғы стандартты білімге жету мақсатында Финляндия реформа жүргізуде оның негізгі екі бағытын - мұғалімнің мәртебесін көтеру мен білім сапасын жоғарғы деңгейге жеткізуді -басымдықпен ұстады. Міне осы екі бағытты Қазақстанның білім беру реформасында тиімді қолдану қазіргі кезде мұғалімнің мәртебесінің тиісті дәрежеде болуын және өсуін береді.
Елде 10 балдық жүйе қалыптасқан, бірақ 7 сыныпқа дейін «үздік, жақсы, қанағаттанарлық» деген бағалар қолданылады. 1-3 сынып аралығында бағалау мүлдем болмайды. Барлық мектептер «Wilma» электронды жүйесіне қосылған. Ата-аналар электронды күнделіктен барлығын бақылай алады. Мұғалімдер, психолог, социолог, медициналық қызметкер – барлығы мәлімет қалдырып отырады. Баға ешқандай рөл атқармайды. Тек оқушыларға мотивация ретінде қолданылады. Финляндияның мектептегі оқыту жүйесіне тән белгісі – емтиханның болмауы. Тіпті негізгі мектепті бітіргенде де емтихан тапсырмайды. Екінші белгісі –басқа пәндердің есебінен кейбір пәндерді тереңдетіп оқытуға және «зият» мектептеріне қарсылығы, барлық мектептерде оқыту сапасын теңестіріп қойған. Сабақтар тек бір ауысымда ғана, үй жұмысына айтарлықтай көңіл бөлінбейді. Себебі үй жұмысына оқушы мен отбасы кірістірілетін болғандықтан, орындау барысында әр түрлі қарым-қатынас орнап, жүйкеге кері әсер тигізетін жағдаят болуы мүмкін деп есептейді. Сабақ- үй тапсырмасы – күнделікті қадағалау – жазалау – осындай тізбек қабылданбайды. Біраз уақыт өткеннен кейін ғана фин мектептерінде сабақ – үй тапсырмасы – тест тізбегі бойынша меңгерілген материал бойынша бақылау жүргізіледі.