Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың модерациясының өткізілу механизмін испаттаңыз



бет20/132
Дата11.07.2020
өлшемі0,53 Mb.
#75105
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   132
Байланысты:
БӨТ (копия)
БӨТ (копия)
12. Қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың модерациясының өткізілу механизмін испаттаңыз.

Бағалауды стандарттау мақсатында мұғалімдер білім алушылардың жазбаша тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін модерация белгіленген. Модерацияда белгілі бір пән бойынша мұғалімдердің балл қою кестесі бойынша бір ұғымда, түсінікте болуын қамтамасыз ету үшін жұмысты бағалауды алдын ала талқылайды. Модерация отырысында жиынтық бағалау дұрыс өтті ме, білім алушылардың барлық жауаптары ескерілді ме, мұғалімдер арасында бағалау бойынша келіспеушілік бар ма сияқты мəселелерді түсіну жəне талқылау қажет. Модерация қорытындысы бойынша мұғалімдер балл қою кестесіне толықтырулар немесе өзгерістер енгізуге қатысты шешім қабылдайды. Модерацияны аяқтаған соң барлық шешімдер хаттамада көрсетіледі. Модерация қорытындысы бойынша білім алушылардың балына өзгеріс енгізу қажет болғанда жиынтық жұмыстарын қайта тексереді. Мұғалім мұнда тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің модерация қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі мүмкін екенін ескеруі қажет. Модерацияны өткізу орнын, уақытын алдын ала қарастыру ұсынылады. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу мен модерация өткізудің арасы 3 жұмыс күнінен аспағаны жөн. Бір отырыста бірнеше пəнге модерация өткізуге болады. Модерация отырысына бір параллель сыныпта сабақ беретін мұғалімдер қатысады. Модерация төрағасы әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, одан басқа кез келген пән мұғалімі бола алады. Шағын жинақталған мектептер үшін модерацияны мұғалім жақын пәндер мұғалімдерін немесе критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушісін қатыстыру арқылы өз бетінше өткізуіне болады. Модерация отырысы үшін мұғалім тексерілген жиынтық жұмыстардың ішінен: жоғары жəне төмен балл қойылған, сондай-ақ, бағалау қиындық туғызған тек 3 жұмысты іріктеп алады. Модерация кезінде іріктелген жиынтық жұмыстарда көрсетілген білім алушының аты-жөнін жұмысты қарастырған кезде нақты бір білім алушыға қатысты болмауы үшін жасырып қою ұсынылады. Отырыс кезінде ұсынылған жұмыстар балл қою кестесіне сəйкес қарастырылады. Осылайша, төмендегідей жағдайларды анықтауға болады: - дұрыс жауап есептелмеген, сол сияқты балл қою кестесінде де көрсетілмеген; - жауап синонимдес басқа сөзбен берілген, ал ол жауап балл қою кестесінде көрсетілмеген; 36 - балл қою кестесінде қателіктер жіберілген; - жалпы балл саны дұрыс есептелмеген жəне т.б.. Модерация қорытындысы бойынша хаттама жазылады, онда балл қою кестесіне қатысты барлық өзгерістер мен толықтырулар көрсетіледі. Модерация қорытындысы бойынша мұғалім білім алушының жұмысын балл қою кестесінің өзгертілген (толықтырылған) соңғы нұсқасына сəйкес қайта қарастырады. Қажет болған жағдайда бағалауға өзгерістер енгізу басқа түсті қаламсаппен жүзеге асырылады жəне соңғы нақты нəтижесі электрондық журналға қойылады. Модерация кезеңдері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет