Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Бағаланатын дағдылардың сипаттамасы, оның мақсаты мен принциптері



бет19/132
Дата11.07.2020
өлшемі0,53 Mb.
#75105
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   132
Байланысты:
БӨТ (копия)
БӨТ (копия)
11. Бағаланатын дағдылардың сипаттамасы, оның мақсаты мен принциптері.

Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары оқушылардың білімі мен қатар дағдыларының  қалыптасуына мүмкіндік тудырады. Дағдыларды нақты бағалау критериалды бағалаудың маңызды аспектісі болып табылады. Берілген кестеде оқу бағдарламасына енгізіліп ҚБ мен ІЖБ-да қолданылатын дағдылар тізімі көрсетілген.

 

Дағдылар  және олардың сипаттамасы 

Білу

Нақты деректерді, ақпараттарды білу және еске түсіру, оларды  баяндау.  

Түсіну

Ақпараттарды  түсіну  арқылы  дұрыс  жеткізу,  болжау  немесе  түсіндіре білу.

Қолдану 

Алған  білімдері  мен  ақпараттарды  таныс  немесе  таныс  емес  жағдайларда, контексте қолдану. 

Сыни ойлау

Ақпарат пен идеялардың маңыздылығы мен сенімділігі туралы шешім қабылдау немесе әр түрлі көзқараста болу. 

Анализ

Жалпы ереженің негізін дәлелдеу үшін немесе ой қорытындысының әр түрлі шешімдерін ойлауда ақпараттарды жинақтап тұжырымдарды құрамдас бөліктерге бөлуі және сол бөліктердің өзара сәйкестігін анықтай білу.

Синтез

Алған білімдерін  әр түрлі жаңа контексте құрастыра білу

Бағалау 

Белгілі  критерийлер  арқылы  идеялардың  құндылығы  немесе  дәлелдер туралы тұжырымды қалыптастыру.  

Коммуникация

Басқа  адамдардың  қызығушылығын  және  көзқарастарын  өз қызығушылығымен, көзқарасымен сәйкестендіріп және  негіздеп  қабылдау,  адамдармен  қарым-қатынаста болу  және  келісе білу қабілеттілігі.

Тыңдалым  арқылы  

коммуникация 

Оқу  бағдарламасы  шеңберінде  әр  түрлі  тақырыпта  ауызша сөйлеудің негізгі мазмұнын түсіну және одан өзекті ақпаратты бөлу; сөйлеген  адамның  пікірін  ажырата алу, контекстбойынша  сөздердің  мағынасынанықтау;  оқушының  деңгейіне сәйкес  келетін  әр  түрлі  стратегияны  пайдаланып,  түрлі типтегі  мәтіндердің  мазмұнын  түсіну  және  қабылдау; 

нақты/керекті ақпаратты  таңдау және түсіну.  



Оқылым арқылы  коммуникация  


Оқу  бағдарламасы  шеңберінде әр  түрлі  ғылыми  және  әдеби мәтіндердің  негізгі  мазмұнын  түсіну  жәнеолардағы  өзекті мәселелерді  бөлу;  ақпарат  іздеудің  әр  түрлі  страте гиясын қолдану;  контекст  бойынша  сөздердің  мағынасын  анықтау; автордың  пікірі   мен  көзқарасын  тану;  оқығанды  түсіну тереңдігін  және сөз мағынасын тексеру үшін әр түрлі  сандық және қағаз түпнұсқасын  қолдану.  

Жазылым 


Оқу  бағдарламасы  шеңберінде  әр  түрлі  мәтіндегі  жазбаша жұмыстарды түзету және  редакциялау, жазу, жоспарлау; нағыз және  ойдан  шығарылған  оқиғалар  туралы  жазу   біліктілігі; орфографиялық  және  грамматикалық  сауатты  жазу;  қажетті стильді  ұстану;  қажетті    сөздерді  пайдаланып,  сөйлемдердегі абзацтарды байланыстыру. 


Айтылым  


Оқу бағдарламасы шеңберінде әр түрлі мәтіндерді әңгімелеуде ауызекі  және  ресми   стильді  пайдалану; қажетті  ақпаратты  алу үшін  күрделі  сұрақтарды  қоя білу біліктілігі;күтпеген сұрақтарға  жауап  қайтару;  тапсырма  орындау  барысында  өз құрбыларымен  қарым-қатынаста болу; лексикалық ерекшеліктерді  сауатты  пайдалану;   оқиға  және  оның  жүйесін мазмұндау. 

Шығармашы лық 

Өзіндік  тәсілдерді  немесе  әр  түрлі  жолдарды  қолданып, мәселені шешуді іздеу және жаңа идеяны дайындау. 

Зерттеу  

Зерттеу  мақсатына  сәйкес  деректер  мен  ақпараттарды  жинау әдістерін қарастыру. 

Техника және тәсілдер 


Өзара  жоспарлауды,  орындауды  және  бағалауды  қоса  пән бойынша практикалық біліктілікті, оларға сәйкес рәсімдер мен технологияны көрсету; Әр  түрлі  ісәрекетке  қатысу   үшін  негізгі  техникалық  тәсілдер мен ой қозғаушы дағдыларды көрсету; топта және жеке жұмыс жасау  жағдайында  стратегия  туралы  өз  ойын  көрсету;  рухани  дамуды және физикалық дайындықты жоғарылату үшін тиімді әр түрлі әдістерді қолдану. 

Рефлексия 


Іс-әрекет  жасауда  шешім  қабылдау  және  тұжырымды қалыптастыру,  пікірлер,  ойлар   және  оқиғалар   туралы  ой  пікір ұсыну. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет