20. Критериалды бағалау және сыни тұрғыдан оқыту мәселелері, оның логиканы дамытудағы рөлін айтыңыз.
Бағалау жүйесі Қазақстандық жалпы білім беретін мектептер үшін жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушыны дамыту, оның оқуға қызығушылығы мен мотивациясын арттыруға бағытталады. Әрбір оқушы мен оның ата-анасына бағалаудың түсінікті, айқын және өлшемді критерилерін орнатқан жағдайда оған қол жеткізуге болады. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны бағалау стандарттарымен, үдерістерімен, құралдарымен және нәтижелерімен анықталады, сондай-ақ бірқатар нормативтік және әдістемелік-нұсқаулық құжаттармен реттеледі. Белгілі ғалым Дайана Халперн «Сыни ойлау-ойлаған түп нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттап ойлану деген.» Сыни тұрғыдан ойлау дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі. Сонымен қатар сыни тұрғыдан ойлау көбінесе баламалы шешімдерді қабылдауға, бір нәрсені елестетуге, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін еннгізуге дайын болуды көздейді. Әлем елдерінің біразы игерген әдіс-тәсілдер мен технология бұл күнде әрбір мұғалімнің басты құралы болып отыр. Технология дегеніміз-«Техно» латын тілінен алғанда, шеберлік іскерлік әдіс деген мағынаны білдіреді. Яғни, технология- бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы жүйесі, ілімі. Сондай- ақ сыни тұрғысынан ойлау әдісі, оқытуда дамыған технологияға жатады. Бұл иллюстративті-түсіндірмелі, өз бетімен іздену, проблемалық, шығармашылық, ойын, пікірсайыс, өзін-өзі дамыта оқыту әдістерінің жинағы. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталады. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың ,тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Сыни тұрғысынан ойлау әдісі несімен ерекшеленеді? Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету; Сыни тұрғысынан ойлау өз пікірімен қатар өзгелердің де пікірін ескеріп, өзінікі қате екендігіне объективті түрде көз жеткізіп бас тарта білу; Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақ қоя біледі: -Мен не білемін? -Мен жаңадан нені білдім? -Білімім қаншалықты өзгерді? -Мен осы білімімді өмірде қалай пайдалана аламын?
Достарыңызбен бөлісу: |