Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы: Оқушылардың өздері емес, тек жұмыстары бағаланады;
Оқушы жұмысы оларға алдына ала белгілі дұрыс жасалған жұмыс үлгімен салыстырылады; Оқушыларға белгілі, сол арқылы қиналмай есептеу жасай алатын және ата-анасына хабарлай алатын, баға шығарудың нақты алгоритмі бар; Бағалау критерийлері оқу мақсаттарының нақты көрсеткіштері болғандықтан, не оқып игерілсе, тек сол ғана бағаланады. Критериалды бағалау пайдасы
Мұғалім үшін: Оқытудың сапалы нәтижелерін алуға мүмкіндік беретін бағалау критерийлерін жасауға; Өз жұмысын талдау мен жоспарлау үшін жедел ақпарат алуға; Оқытудың сапасын жақсартуға; Әр оқушының жеке ерекшеліктері негізінде жеке оқу траекториясын құруға; Бағалаудың әр түрлі құралдары мен амалдарын тиімді қолдануға; Оқу бағдарламасы мазмұнын жетілдіру бойынша құнды ұсыныстар жасауға.
|
Оқушы үшін: Өз түсінгендігін көрсету үшін түрлі оқыту стилдері және ойлау әрекеттері мен қабілеттерін пайдалану; Табыс критерийі маңызын түсіну, нәтижені болжау үшін бағалау критерийлерін білу мен түсіну; Өзін және өзгелерді бағалай отырып, рефлексия жасауға қатысу; Өз білімін нақты мәселелерді шешу, түрлі көзқарастарды жеткізу, сыни ойлауын көрсету үшін пайдалану.
|
Ата-ана үшін: Баланың оқу деңгейі туралы дәлелдемелер алып отыру; Баланың оқудағы ілгерілеуін қадағалау; Оқу барысында балаға қолдау жасау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |