Дидактиканың негізгі категориялары –білім беру, оқыту, сабақ жүргізу, оқу , оқыту принциптері және мұның құрамды бөлімдеріне тиесілі міндеттері , мазмұны , түрлері әдістері , құралдары оқытудың нәтижелі түрде жүзеге асуына негіз болып табылады. Дидактика – үнемі дамып, өркендеп отыратын сала. Ол оқушылардың ғылыми білімдер мен дағдыларды меңгеруіне , шығармашылық қабілеттерін , дүниетанымын және адамгершілік – этикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыруға , оқу танымдық қызметін ұйымдастыру жолдары . Дидактиканың міндеті: «нені оқыту» және «қалай оқыту керек» (Я.А. Каменский бойынша) – деген сұрақтарға дәлелді жауаптар беру. Сондықтан да дидактиканың қарастыратын негізгі мәселелері: оқыту процесінің мәні мен оның заңдылықтарын ашу; оқытудың білімділік мазмұнын анықтау; оқытудың негізгі қағидалары, яғни принциптерін белілеу; оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтап, олардың түрлерін жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |