Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Баға беру-бағалаудың нәтижесі, яғни сапалы кері байланыс түсіндіріңіз



бет42/132
Дата11.07.2020
өлшемі0,53 Mb.
#75105
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   132
Байланысты:
БӨТ (копия)

26. Баға беру-бағалаудың нәтижесі, яғни сапалы кері байланыс түсіндіріңіз.

Баға- символ, оқу жетістігін не санмен, не сөзбен таңбалау. «Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіреді, себебі бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін бақылауы болып табылады. Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Бағалаудың мақсаты: Оқытудың қиындықтарын анықтау; Жетістіктер туралы кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін); Болжау және сқрыптау; Стандарттарды бақылау және орындау; Оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау.



Кері байланыс – бұл мақсатқа алып баратын нақты әрекеттер, жағдайлар туралы пікірлерді (комментарийлерді) беру және алу үдерісі. Кері байланыс мұғалімге оқыту үдерісі қалай жүріп жатқаны туралы, оқушылардың жетістіктері мен проблемалары туралы түсінік береді. Кері байланыс екі түрде өтеді:

ауызша; жазбаша. Талаптары: Нақты, түсінікті, дер кезінде және тақырып бойынша болуы тиіс. Жетістіктер мен кемшіліктер туралы ақпараттандыруы керек. Бірін-бірі сыйлау жағдайында өтуі керек. Оқушыға дұрыс жауап беруге, қателерді түзетуге немесе ойлау бағытын өзгертуге уақыт берілуі керек. Жетістікті қамтамасыз етуі керек. Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауына мүмкіндік береді. Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге: білім алушылардың жақсы жақтарын ескеруі; тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбауы; білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беруі; кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға ақылың қалай жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбауы ұсынылады. Кері байланыстың тиімділігін тексеру сұрақтары





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет