Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы



бет39/132
Дата11.07.2020
өлшемі0,53 Mb.
#75105
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   132
Байланысты:
БӨТ (копия)

Тестілеудің ерекшеліктер: Оқушы өзін-өзі бақылайды, бағалайды, кемшіліктерін анықтайды. Сапалық көрсеткіштерде жақсы нәтижеге жеткізеді. Нәтижесі тікелей белгілі болады. Барлық оқушыға бірдей талап қойылады. Оқушылардың білім деңгейін білу үшін оқылған материал тегіс қамтылады. Оқушылардың білім дәрежесі әділ бағаланады, әрі оқытушының өз пікірінше ғана бағалауына жол берілмейді.

24. Интервью, рубрика арқылы бағалау түрлерінің еркшелігін айтыңыз.

Бүгінгі білім беру жүйесінде критериалды бағалау зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзыреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерңн дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Рубрика – өтілген тақырып бойынша білімін бағалау критерийлері жиынтығы. Он қандай да бір тақырыпты зерттеу мақсаттарымен анықталады және мазмұндық жағынан сол рубриканы ашатын критерийлермен толықтырылады. Критерий оқыту міндеттерімен анықталады және сыныптағы оқушылардың жұмыс барысында жасайтын, соның нәтижесінде жақсы меңгеруге тиіс әр түрлі іс-әрекеттерінің тізімін құрайды. Білім алушылардың жұмыстары субъективті тұрғыдан бағаланбауы үшін жұмыстарға қойылатын талаптарды алдын-ала айқындап алу оқушылардың өз жұмысында озық үліглерге сүйеніп, қалай жазу керектігін есте ұстап, жұмыстарды сол тұрғыдан орындауына жол береді. Бұл өз кезегінде білі алушы жұмыстарының сапасын арттырады. Рубрикалар оқушылар не үшін оқитынын көрсетеді, критерийлер оқушы нені үйрену керектігін байқатады, дескрипторлар (түйінді сөз) оқушы қалай жоғары нәтижеге жете алатындығын көрсетеді. Интервью әдісі - әлеуметтік психологиялық зерттеу әдістерінің бірі. Интервью әдісінде зерттеуші (интервьюер) сыналушымен (респонденті) әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, ілтипатына зер салып отырады. Әңгіме белгілі сұрақтың айналасында, зерттеуші көздеген мақсатқа орай, арнаулы жоспар бойында жүргізіледі. Зерттеуші сыналушының ниетін қас-қабағынан біле алатындай әдісқой, тәсілшіл, білгір кісі болуы қажет. Интервью жанрының тиімділігі-мәселені білікті де мазмұнды ашуға мүмкіндік береді, ақпарат құралдарының халықпен байланысын жақсартады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет