Тест тапсырмасына қойылатын негізгі талаптар мыналар: Тест жұмысын өткізуді белгілі бір уақыттың болуы;Тапсырмаларды орындау үшін берілген нұсқаулардың түсінікті, айқын болуы.
Мектепте оқушы білімін бекітуғ қайталау, алған білімді жүйелеу және бақылау мақсатында пайдалануға болатын тестің бірнеше түрлері бар. Тесттің түрлері: толықтыру тесті, таңдамалы тесті, еске түсіру тесті, сәйкестендіру тесті, реттік тесті, аралас тесті, кәсіптік бағдар тесті, баламалы тесті.
Толықтыру тесті: оқушыларға тапсырма сқйлем түрінде беріледі де сөйлемдегі кей сөз орынына үш нүкте беріледі. Мұндай тапсырмаағы жауап қысқа тұжырмды бір мәнді болуы шарт. Таңдамалы тест: оқушыларға берілген тапсырмамен қоса оның дұрыс және дұрыс емес жауаптары беріледі. Тапсырма картоска арқылы беріліп, оның жауабының саны төртеуден кем болмағаны жөн. Оқушы жауабы бағдарламаланған құрылым арқылы немесе перфокарта кілті болады. Еске түсіру тесті: сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді болуы шарт. Ескі түсіру тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабын сөз, сан, формула т.б. түрде берілуі мүмкін. Сәйкестендіпу немесе салыстыру тесті: мағынасы бір-бірімен байланысты тапсырмалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналастырылуы. Мұндай тесті жасауда бірінші бағанда қысқа тұжырымды сөйлем болса, екінші бағанда сәйкес сөз, белгі, сызба болуы керек. Сқйлем саны бестен он беске дейін болса, екінші бағандағы сөз белгі, сызба, нұсқа т.б. саны екі-үшеуі артық болғаны. Реттік тест: бақылау объектісі (құбылыс, шамалар, формула) ретімен жазылуы керек. Тест тапсырма дайындағанда оның саны он шақты болғаны жөн. Аралас тесті: оқушыға берілетін тапсырма әртүрлітест түрінде беріледі..(толықтыру,таңдамалы т.б.). Құрамалау тесті: құрамында бірнеше пәндердің бір бірімен үйлесуі. Баламалы тесті: тестің бұл түрін жасауда жауабын білуге ықпал тетеін сөзден аулақ болған жөн. Сөйлем қысқа тұжырымды, мазмұнды, бәр мәнді болғаны дұрыс. Тестің мұндай түрінің жауабы сөзбен (дұрыс, дұрыс емес)ия немесе жоқ немесе белгілер +,- т.б. беріледі. Мұндай типтен тестік тапсырманы графикалық диктант үлгісінде пайдалануға болады.