Қалыптастырушы бағалаудың мынандай ерекшеліктерін атау қажет:
Әр сабақта үздіксіз қолданылады;
Мұғалім де, оқушы да оған ынталы болады, өйткені ол екеуінің қатысуымен жүзеге асырылып, екеуіне де ыңғайлы әрі пайдалы;
Қалыптастырушы, уәждеуші, ынталандырушы, талаптандырушы мазмұнда болады: мұғалім әр оқушыны қолдайды, мақтайды, қолпаштайды, көмектеседі, ұсынады, бағыт-бағдар сілтейді, әр оқушының үлгерімін жақсартуға мүдделі болады;
Оқушының мықты жақтары мен кемшіліктерін айқындап, оқуды жақсартуға бағытталған кері байланыс түрінде;
Мұғалім оқушының оқу мақсаттарына қалай жол салғандығын бақылау мүмкіндігіне ие болады;
Оқушылар өзінің үйренуіне белсенді қатыса алады: олар өзінің (және өзге оқушылардың) оқу әрекеттерін бақылау және талдау, өзін-өзі және (өзге оқушыларды) бағалау мүмкіндігін алады;
Баға қойылмайды, бағалау қорытындылары бойынша ешқандай әкімшілік шаралары қолданылмайды;
Оқушылардың оқу әрекеттерін бақылау баға қою үшін емес кері байланыс беру үшін жасалынады;
Оқу мақсаттарының негізінде құрастырылған критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады;
Критерийлер нақты түрде құрастырылып, бәріне де түсінікті және ыңғайлы болады – әр оқушы жетістікке жету үшін не жасау керектігін және оның қалай бағаланатындығын айқын біледі;
Жетістіктердің өсуі мен дамуына тікелей ықпал жасайды;
Оқушының білімі басқа оқушылардың жетістіктерімен салыстырылмайды: «ең дұрыс бәсеке – өзіңмен өзің бәсекелесу» қағидасына сәйкес оқушының кешегі білімімен ғана салыстырылады.