Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Дифференциалды оқытудың ерекшелігін сипаттаңыз



бет59/132
Дата11.07.2020
өлшемі0,53 Mb.
#75105
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   132
Байланысты:
БӨТ (копия)

37. Дифференциалды оқытудың ерекшелігін сипаттаңыз.

Дифференциалды оқыту — білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау жəне даралау процесі, яғни білім беру процесін ұйымдастыру. Дифференциациялап оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы білім алушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, студенттерге өздерінің кəсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сəйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда студенттердің ЖОО-дан ағылшын тілін бірдей деңгейде меңгеріп шығып, бəсекеге қабілетті маман болуы өзекті мəселе жəне болашақта əлі де өткір болып қала бермек. Ағылшын тілін дифференциалды оқыту тілдік емес мамандық студенттерінің ағылшын тілін бірдей жоғары деңгейде меңгеріп шығуына септігін тигізеді. Бұл оқытудың түрі теория мен практиканың ұштасуы болып табылады. Экономиканың жаһандануы, сондай-ақ шетелдік компаниялар еліміздегі экономиканың құрылымында көрініс табады. Осылайша, еліміздің білім беру жүйесі əлемдік білім беру кеңістігіне кірмей-ақ біздің еліміздің білім беру саясатына тиісті өзгерістер енгізеді. Бүгінде білім беруді интернационалдандыру жəне оның қарқынды реформасы барлық дамыған елдерде шындық болып табылады. ҚР білімге негізделген қоғамды қалыптастыру үшін білім беру жүйесіндегі үздік əлемдік тəжірибені пайдалана отырып, əлемде болып жатқан өзгерістермен бірге жүреді. Барлық білім алушыларға жалпы жəне бірдей білім беру бұл білім алушылардың қабілеттерін айқындауға, олардың жеткілікті қарқынды дамуына кепілдік бермейді. Білім алушылардың қабілеттерін оңтайлы түрде қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін олардың бейімдері мен ерекшеліктерін ескере отырып, белгілі бір шаралар жүйесін құру қажет. Осылайша, барлығын бірдей жəне тиімді оқыту үшін, дамытудың оңтайлы режимін қалыптастырудағы қоғамның қызығушылығы дифференциалды оқытуға алып келеді. Демек, əлеуметтік жоспардағы дифференциалды оқытудың міндеттерінің бірі — жас ұрпақтың бейімділігін жəне қабілеттерін анықтау жəне барынша арттыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет