Оқушыларға (үйренушілерге) берілетін тапсырмалар мазмұны: Білу: Анықтау, қайталау, белгілеу, санап шығу, еске түсіру, атау, назар аудару, жаттау. Түсіну: Аудару, сөзбен қайта құрастыру, сипаттау, анықтау, түсіндіру, жеткізу, ерекшелігін анықтау, өз орнына қою, әңгімелеп беру, мәлімдеп беру, салыстыру, айырмашылығын көрсету, ұқсастықтарын келтіру, графикті оқып беру, суретті түсіндіру, өз сөзімен айту, анықтаманы тұжырымдау; Жинақтау (синтез): Құрастыру, жоспарлау, ұсыну, жасау, сөзбен құрастыру, құрастыру/ретімен қою, жинақтау, шығармашылықпен орындау, ұйымдастыру, дайындау, жасап беру. Бағалау: Тиянақтау, салмақтау, бағалау, рейтингілеу, салыстыру, қайта қарастыру, рет-ретімен қою, сұрыптау, таңдау, өлшеу, жазу, жақтап не жоққа шығаратын дәлелдер келтіру.
Таным мен ойлау деңгейі бойынша: білу шкаласын «төменгі» деп бағаланады; түсіну мен қолдану шкаласын «орта» деп бағалаймыз; Талдау (анализ), синтез және бағалау шкалаларын «жоғарғы» деп бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |