Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Блум таксономиясы. Блум таксономиясы пайдалану арқылы сұрақтар құрастыруды талдаңыз



бет57/132
Дата11.07.2020
өлшемі0,53 Mb.
#75105
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   132
Байланысты:
БӨТ (копия)

36. Блум таксономиясы. Блум таксономиясы пайдалану арқылы сұрақтар құрастыруды талдаңыз.

Бенджамин Блум таксономиясы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар үлгісінің мазмұны:

Білу түрінің мазмұны: Мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi: жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.

Түсіну түрінің мазмұны: мәлiметтердi басқа таныс жүйеге ауыстыру, оларды түрлендiру; есте сақталған мағлұматты басқаларға жеткiзу жолдарын айқындау. ұқсастықтарды анықтау; айырмашылық жасау мен салыстыру, нәтиженi суреттеу. «Түсіну» ұғымын төрт топқа бөлуге болады: 1.Түсiндiрме (интерпретация) - негiзгi идеяларды және олардың өзара байланыстарын анықтау: ”Қалай? Нелiктен?” сұрақтарына жауап іздену; ”Салыстырыңыздар”; ”Айырмашылығын көрсетiңiздер” тапсырмаларын орындау. 2.Аударма (трансформация) - мағынасын сақтай отырып, идеяларды таныс жүйеге, формаға ауыстыру: формуланы сөзбен айтып беру; графиктi оқып беру; суреттi түсiндiру; мәліметті өз сөзiмен мазмұндау. 3. Мысалдар - мәлiметтi, ойды дұрыс түсiнгендiктi көрсетедi. 4. Анықтамалар: атау немесе түсiнiктiң мағынасын өз сөзiмен жеткiзу; таныс және түсiнiктi сөздермен анықтамаларды тұжырымдау (анықтамалар жаттанды немесе оқулықта келтірілгендерді қайталамауы керек).

Қолдану түрінің мазмұны: 1.Белгiлi бiр проблеманы шешу үшiн мәлiметтi қолдану немесе iске асыру; 2.Білім алушы мұғалiмнiң көмегiнсiз таныс емес проблеманы өзiнше шешуi керек; 3.Ұстаз тек шешiмге емес, шешу процесiнiң құралуына да назар салуы керек, өйткенi шешу жолы шешiмнiң өзiнен де маңызды болуы мүмкiн.

Талдау (анализ) түрінің мазмұны: Зерттеу нысанының құрылымын анықтау мақсатымен оны құрамдас бөлiктерге жiктеу; Білім алушы әртүрлi бөлiктердiң қалайша жұмыс iстейтiндiгiн және нәтижеге қалай жеткiзетiндiгiн анықтайды, түсiндiредi. Түсiнуден талдау мәлiметтi терең өңдеумен, игерумен ерекшеленедi. Талдаудың түрлерi: 1. Негiзiн тану – құрамдас бөлiктерге жiктеу (мәлiметтiң негiзгi түсiнiктерi арасындағы қатынастарды көрсету үшiн оқушылар/ студенттер оның шеңберiнен шығуы керек), айтылған ойды дамыту; 2. Астарлы мағынаны ажырату – екi тұжырымның қатынасын көрсетудi талап етедi (тура көрсетiлмеген шешiмдер, ассоциациялар, себеп-салдар келтiрiлуi мүмкiн); 3. Қозғаушы күшті (мотивацияны) анықтау - себептердi айқындау. Оқушы /студент тура және жасырын (астарлы) мағына мен әрекеттердi танып, өз ойларын дәлелдер арқылы қорғауы керек

Синтез түрінің мазмұны: жаңа мазмұн тудыру мақсатымен элементтердi шығармашылықпен бiрiктiру; болжау, шарттылық, мүмкiндiк ұғымдарын қолданып, өз тәжiрибесi негiзiнде жаңа модель (құрылым) құрастыру. Жұмыс және нәтиже түрлерi: шығармашылық жанрлар; жоспар құрастыру немесе тәжiрибе қою, өткiзу; абстрактылы ұғымдармен негiзделетiн нәтижелер.

Бағалау түрінің мазмұны: Даулы және пiкiрталас туғызатын мәселелер бойынша шешiм қабылдап, оны дәлелдейді; Білім алушылар өз ойларын, идеяларын, пайымдауларын мазмұндап, оларды негiздейді; Білім алушылар өз позицияларын нақтылық, логикалық жүйелiлiк, дәйектiлiкке негіздеуі қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет