Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Сыни тұрғыдан ойлаудың құралдары - Блум жіктеуі (таксономиясы) талдаңыз



бет77/132
Дата11.07.2020
өлшемі0,53 Mb.
#75105
түріБағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   132
Байланысты:
БӨТ (копия)
БӨТ (копия)
49. Сыни тұрғыдан ойлаудың құралдары - Блум жіктеуі (таксономиясы) талдаңыз.

Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. 1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру.



1.Білім. Бұл категория нақты фактілерден толық теорияға дейін еске сақтау мен оқыған материалды еске түсіруді көрсетеді. Сөз нақты фактіден бастап толық теорияға дейін, әртүрлі мазмұн туралы болуы мүмкін. Категорияның жалпы ерекшелігі – тиісті мәліметті еске түсіру. Оқушы: қолданатын терминді біледі (есте сақтайды, айта алады); нақты фактілерді біледі; негізгі түсінікті біледі; ереже мен принципті біледі; әдісі мен орындау жолын біледі.

2.Түсіну. Түсінік сапасының көрсеткіші болып оқушының материалды қысқаша түсіндіруі мен баяндауы (интерпретациясы), не бар мәліметтен (құбылыс пен уақиғадан) келешекте туындайтын болжамды ойды сипаттау болуы мүмкін. Мұндай оқу нәтижесі материалды жай ойға сақтаудан асып түседі. Оқушы: фактіні, ережені және принципті түсінеді; ауызша материалды кесте, график, диаграмма түрінде интерпретациялайды; сөзбен берілген мәтінді математикалық формаға түсіреді; бар мәліметтен (құбылыс пен уақиғадан) келешекте туындайтын болжамды ойды алдын-ала сипаттайды.

3.Қолдану. Бұл категория оқыған материалдың жаңа ситуация мен нақты жағдайда қолдану іскерлігін көрсетеді. Мұнда түсінікті, ережені, әдісті, заңды, теорияны, принципті қолдану. Түсінумен салыстырғанда қолдануда оқытудың тиісті нәтижесі материалды меңгерудің жоғары деңгейін талап етеді. Оқушы: жаңа жағдайда түсінік пен принципті қолданады; заңды, теорияны нақты тәжірибе жағдайында қолданады; әдісті не орындау әрекетін дұрыс демонстрациялайды.

4.Талдау. Бұл категория материалдың құрылымы анық байқалатындай, оны құрамды бөліктерге бөлу іскерлігін көрсетеді. Мұнда бүтіннен бөлікті бөліп алу, арасындағы байланысты табу, бүтіннің түзілу принципін меңгеру. Оқушы: жасырын болжамды ойды бөліп алады; пікір айтқанда кемшілігін және қателігін көреді; факті мен салдар не нәтиже (следствия) арасындағы айырмашылықты анықтайды ; мәліметтің мәнділігін бағалайды.

5.Синтез. Бұл категория жаңалықтың нышаны сезілетін элементтерді қиыстырып-құрастыру арқылы бүтінді алу іскерлігін көрсетеді. Мұндай жаңа өнім хабарлама (баяндама, сөйлейтін сөз), әрекет жоспары, бар мәліметті ретке келтіретін кесте болуы мүмкін. Тиісті оқу нәтижесіне жету жаңа құрылым мен кесте жасауға бағытталған шығармашылық сипаттағы әрекет. Оқушы: шағын шығармашылық шығарма жазады; эксперимент өткізудің жоспарын ұсынады; проблеманы шешудің жоспарын құру үшін әртүрлі сала бойынша білімді қолданады.

6. Бағалау. Бұл категория қандай да бір материалдың мәнін бағалау іскерлігін көрсетеді (зерттеу мәліметтері, көркем шығарма, пікір-пайымдау, т. б.). Оқушының пікірі нақты критерияларға негізделуі керек: ішкі (логикалық, құрылымдық), сыртқы (белгілеген мақсатқа сәйкес). Критерияларды оқушы өзі анықтайды, не сырттан ұсынады (мыс: мұғалімі). Бұл категория алдындағы барлық категориялардың оқыту нәтижесіне жетуін болжайды. Оқушы: жазбаша түрдегі мәтіннің құрылу логикасын бағалайды; әрекеттің соңғы нәтижесінің мәнін ішкі критерияға және бар мәлімет қорытындысына сәйкестігін бағалайды; сыртқы критерияға сәйкес әрекеттің соңғы нәтижесінің мәнін бағалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет