Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы



бет76/132
Дата11.07.2020
өлшемі0,53 Mb.
#75105
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   132
Байланысты:
БӨТ (копия)
БӨТ (копия)
Қалпақтарды пайдалану ережелері: 1. Ойлау қалпағын киіп, біз сол қалпақ білдіретін рөлді иеленеміз. 2. Нақты түсті қалпақты шешіп, біз сол ойлау типінен бас тартамыз. 3. Қалпақты басқа қалпақпен ауыстыру кезінде ойлау әдісі ауысады. Бұл әдіс адамды ренжітпей, ойлау барысын ауыстырады. Біз айтылған ойларға қарсылық білдірмейміз, оларды ауыстыруды сұраймыз. 4. Өзіндік пікірді білдіру үшін тек қалпақты атауға болады, солайша қай ойлау әдісі пайдаланатындығы көрсетіледі. Әр типтің сипаттамасы:

Ақ қалпақ. Ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады. Қандай ақпаратымыз бар? Айтылған пікірді растайтын немесе жоққа шығаратын қандай фактілер бар? Қандай ақпарат қажет? Жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз? Қандай сұрақтар қойып, жауап алуымыз керек?

Қызыл қалпақ. Қызыл түс ашуды, шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған байланысты менде қандай сезімдер туындайды?

Сары қалпақ. Сары түс – күн көзінің, тіршілік түсі. Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді. Не себептен осыны істеу керек? Артықшылықтары қандай? Бұл кім үшін пайдалы? Артықшылықтар қалай пайда болады? Осының пайдалы жақтары бар ма? Қандай жағдайларда бұл пайдалы болады?

Қара қалпақ. Қара түс – қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда – суық. Қара қалпақта адам қауіптілік танытады. Бұл көмектеседі ме? Қандай қателер бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге аса алады ма?

Жасыл қалпақ. Жасыл қалпақ – өсімдіктердің, молшылықтың, табыстылықтың түсі. Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады. Осы жағдайда не істей аламыз? Баламалы идеялар бар ма? – деген сұрақтар туындайды.

Көк қалпақ. Көк қалпақ – аспан түсі. Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты.Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?

Әдістің жақсы жақтары

Көрнекілік, меңгеру және қолдану қарапайымдылығы.

• Жағдайды көре алу және бірнеше көзқарастар тұрғысынан шешу.

• Өзіндік менменшілдікті ойлаудан аластатуға мүмкіндік береді.



Қорытындылап айтқанда мұндай әдіс балалардың ойлау қабілетін дамытады:

• Белсенділік, дербестік, шығармашылығы дамиды;

• Сөздік қорлары, тілдері, ойлау қабілеттері дамиды;

• Қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттырады;

• Айналадағы заттың орта туралы түсініктері қалыптасады;

• Оқу тәрбие әрекетінде белсенді жұмыс жасау дағдыланады;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет