Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы



бет72/132
Дата11.07.2020
өлшемі0,53 Mb.
#75105
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   132
Байланысты:
БӨТ (копия)

Педагогикалық рефлексия – тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту қызметіне қойылған рефлексия; ол мұғалімнің рефлексиялық және рефлексия жасауы, сонымен қатар оқушылардың рефлексиялық ойлауын тәрбиелеу қабілеті, рефлексиялық білімінің негізінде арнайы құрал, әдіс, тәсілдер көмегімен рефлексиялық тұлғаны қалыптастыру үдерісін басқару біліктілігі. Педагогикалық рефлексия бес деңгейде болады: Бірінші деңгей. Өзін-өзі танудың рефлексиясы (мұғалім өзі туралы). Екінші деңгей. Басқаны тану туралы рефлексия (мұғалім оқушыны таниды). Үшінші деңгей. Даму механизмдері туралы рефлексия (оқушының). Төртінші деңгей. Дамудың әдістері мен тәсілдері туралы рефлексия (оқушының). Бесінші деңгей. Рефлексияның даму әдістері мен тәсілдері туралы рефлексия (оқушының). Рефлексияның тиімділігі

Оқушы үшін:

•Рефлексия – оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды;

•Рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз;

•Рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады;

•Рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады;

•Рефлексияның нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады;

•Өз – өзіне баға бере алады;

•Білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды;



Мұғалім үшін:

•Ақпаратпен күнделікті жұмыс;

•Шығармашылыққа деген ынта-жігері;

•Әрбір оқушының пікіріне құлақ түру;

•Пәндік білім сапасының артуы;

•Өзіндік сынның қалыптасуы;



•Сын тұрғысынан ойлауға жетелеу.

Оқушылар өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу түрінде, кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса алады. Онда оқушылар алған білімдеріне, тапсырмаларына қорытынды жасап, пікір айтуға дағдыланады, ойын ортаға салады. Нәтижесінде оқушылар өздерін реттейді, жүйелі сөйлеуге, ойын ашық жеткізе білуге, талдау жасауға үйренеді, сабақтың жақсы не жаман, мағыналы не мағынасыз, көңілді не көңілсіз өтуіне байланысты оқушылар эмоцияларын білдіріп отырды. Осыдан мұғалім өзіне қорытынды жасауына, өзіне баға беруіне болады. Рефлексияны әртүрлі жүзеге асыруға болады, сабақтың соңында әр тақырыптың соңында, сабақ кезеңдері арасында, тарау соңында. Ол ақырындап оқушының ішкі рефлексиясына ұласуы керек. Рефлексияның төмендегідей түрлері бар: оқу материалы мазмұнының рефлексиясы; көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы, іс-әрекет рефлексиясы. Рефлексияның бұл түрлерін жеке, топтық, жұптық түрде өткізуге болады. Ауызша рефлексия: Ауызша рефлексияның мақсаты өз көзқарасын басқа адамдардың пікірімен сәйкестендіру. Ауызша рефлексия жасау әдістердің ішінде (диалог, қарама-қарсы дискуссия немесе «Бірлескен ізденіс» дискуссиясы) оқушылармен жұмыс жасағанда тиімді қолданатын тәсілдердің бірі «Екіқатарлы дөңгелек үстел». Оның мақсаты - өз ойларымен топта бөлісу, басқалардың пікірлерін тыңдау және қабылдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет