78. Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызын сипаттаңыз.
Тәжірибелік маңыздылығы:
- жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;
- оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;
- бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады.
- өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі.
- оқушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.
Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы төмендегі артықшылықтармен белгіленеді:
– жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;
– оқушы жұмысы алдын-ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады; – бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып-зерделенген материал бойынша ғана қойылады; – өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата-аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритімі белгілі;
– оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесінің маңызды басымдықтары Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде айтқандай, еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру міндетін алға қойып отыр. Ел экономикасының қарқынды дамуы білім беру жүйесіне тікелей байланысты екендігін білеміз. Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері жаттанды түрде есте сақталынып, кейбір жерде ұтымды пайдаланады, бірақ, мәні терең меңгеріл- мегендіктен оқушылар оны өмірде тиімді пайдаланбайды. Ал қазіргі дамыған қоғамда азаматтың тек қана білім алуы жеткіліксіз, ең маңыздысы — сол алған білімін күнделікті өмірлік жағдаятта тиімді қолдана білуі қажет. Сол себепті, қазір оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға басымдық беріліп отыр. Міне, сондықтан критериалды бағалау жүйесін енгізудің басты мақсаты:
-Мектепте оқыту сапасын қөтеру.
-Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
-Жаңартылған орта білім беруді енгізу барысында білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі арқылы бағалайды.
Критериалдық бағалау жүйесінің дәстүрлі бағалау жүйесінен ерекшелігі неде?деген сұрақ туындауы сөзсіз.
Дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Оқушыны тым көтермелеп немесе төмендетіп алады. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей күмәнмен қарайды, сабаққа деген қызығушылығы төмендейді.Себебі: білім алуға деген қызығушы- лықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері және мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыстың болмағандығынан . Егер әр білім алушыға, оның ата-аналарына түсінікті анық, өлшемді бағалау критерий- лері берілсе, объективті бағалауға қол жеткізуге әбден болады. Критерий деген – ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі.Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орын- далу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды.
Ал критериалдық бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалып- тастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керек екендігін түсіндірмейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін ары қарай не істеу керек екендігін түсінуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар, жаңа технологияларды қолдану дағдылары қолданылады.
+ Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызын сипаттаңыз.
Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы төмендегі артықшылықтармен белгіленеді:
– жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;
– оқушы жұмысы алдын-ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады; – бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып-зерделенген материал бойынша ғана қойылады; – өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата-аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритімі белгілі;
– оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.
Достарыңызбен бөлісу: |