5. Синтез. Бесінші деңгейге жеткенде оқушы өз білімдерін жинақтап, біріктіре алады. Ол жаңа құрылымды жасау үшін білімді пайдаланады, мысалы, жіктеу тәсілі немесе мәселені шешу жоспары.
Мақсат қою үшін әрекет етістіктерін қолданыңыз: құрастыру, әзірлеу, топтастыру, келтіру, орнату, жоспарлау, жинақтау, тексеруге ұсыну, тұжырымдау.
6. Бағалау. Ең жоғары деңгейде оқушы бекітулерді өзі немесе мұғалімнің көмегімен қалыптастыра алатын критерийлер арқылы бағалайды. Басты мақсаты-материалды құру логикасын бағалау, қорытындылардың дәлдігін тексеру және өз көзқарасын дәлелдеу.
Мақсат қою үшін әрекет етістіктерін қолданыңыз: бағалау, дәлелдеу, қорғау, жазу, өлшеу, талқылау, тексеру, негіздеу, растау, болжау.
5. Критериалды бағалаудың негізгі критерийлерінің мақсатын, білім деңгейін сапаландырудағы рөлін атаңыз.
Критериалды бағалау – бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруға алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: Мектепте оқыту сапасын жоғарлату. Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру. Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы, анық, айқындылығы, бағаның әділдігі; өзін-өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |