8. Оқушы портфолиосы (шығу тарихы, жүйелі тақырыптық материал, портфолио түрлері) жеке оқу траекториясын қалыптастырудың құралы екендігін баяндаңыз.
«Портфолио» əдісі жəне оның шығу тарихы. 20 ғасырдың 80-90 жылдары АҚШ-та, содан кейін Еуропа, Жапония жəне басқа да елдерде портфолио əдісі оқытуда, яғни студенттердің жеке оқу жетістіктерін бағалау əдісі ретінде қолданыла бастауы. Портфолио - мұғалімнің тапсырмалары бойынша студенттің бір немесе бірнеше əдістердің аясында оқыту əрекетін жүйелейтін тақырыптық материалдар жинағы. Портфолио – жүйелі, тұрақты процедуралық жұмыс болып табылатындығы. Портфолионың білім алушыға өздігінен білім алуға жəне өз кəсіби қызметінің, оқудың, зерттеу нəтижелерінің сапасын бағалауға мүмкіндік беретіндігі. Портфолио əдісі ақпараттық технологиялардың дамуы негізінде, оның ішінде компьютерлік бағдарламалармен оқуды басқару кезіндегі рөлі.
Оқушы портфолиосы туралы түсінік. оқушының барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның білім-біліктілігінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы;оқушының жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.
2.Үлгілеуші: оқушының жеке кәсіби өсу траекториясын қалыптастыру құралы.
3.Рефлексия-шығармашылық: түрлі технологиялар мен олардың тиімді әдістерін өзіндік талдау мен жобалау.
Оқушы портфолиосының түрлері
Мақсаты бойынша: жекеменшік (өзі үшін), есеп (басшылық үшін), жоба (ұжым мен ұйым дамуы үшін).
Мазмұны бойынша: жетістіктер (белгілі бір бағыттардағы), рефлексия (мақсатқа жетуді талдау мен бағалау), проблемалық бағдар (жүйе құраушылары мен қажетті шешімдер), тақырыптық (негізгі қызмет салалары бойынша маңызды жұмыстар).