Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу үрдісінде оқушылардың ағымдағы білім деңгейлерін анықтау үшін және мұғалім мен оқушы арасында өзара байланысты орнату үшін қолданылады. Ол бағалау күнделікті оқу үрдісі кезінде жүргізіледі, оқушыға өз жұмыстарын өңдеуге және жоғары нәтижеге жетуге көмектеседі, мұғалімге оқушының материалды меңгергені туралы ақпарат жинақтауға, талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалауды көбінесе «оқушының дүниені тануын бағалау және білім беруді жақсарту үшін бағалау» деп атайды, себебі, ол оқушының жеке басының дамуы мен қалыптасуына көмектеседі. Бұл бағалау жүйесі мұғалімнің әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді, оқушының материалды меңгермегендігін басынан-ақ байқауына, оқушы білімін диагностикалауына мүмкіндік беріп, мұғалімге оқу үрдісін басқаша ұйымдастыруға көмектеседі, ал оқушыға – өзінің білім алуына деген үлкен жауапкершілікті сезінуді жүктейді.
Қалыптастырушы бағалау кезінде қолданылатын негізгі стратегиялар: Сыныпта барлық оқушылар қабілеттілікті тұрақты емес, өспелі ұғым ретінде қарастыратын орта құру; Оқушыларды сабақтың мазмұнын, сондай-ақ оның не мақсатпен жүргізілетінін көрсететін жоспарлау үдерісіне тарту; Оқу мақсаттарын түсіндіру және оқушылардың табыс критерийлерін белнілеуі. Сыныпта тиімді әңгімелесу және мақсатты жауап алу тәсілдерін пайдалану және жоспарлау. Оқушыларды оқуда табысты болу туралы сараптамалық пікірталасқа тарту – табыс критерийлеріне сәйкес болып қана қоймай, осы критерийлерге қалайша сәйкес болу қажеттілігін білу. Оқушыларға өзара және өзін-өзі бағалау жөніндегі жақсы сарапшы болуға мүмкіндік беру.
Формативті бағалау оқыту процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және мұғаліммен тоқсан бойы үнемі жүргізіліп отырады. Формативті бағалау балл және баға қойылмастан, білім алушылар мен мүғалім арасында үздіксіз байланысты қамтамасыз етеді. Формативті бағалауда білім алушы қателесу және оны түзетуге болады. Бұл білім алушының мүмкіндігін анықтау, қиындықтарды айқындау, анағүрлым жақсы нәтижеге қол жеткізу, оқу процесінде дер кезінде түзетуде көмектесуге мүмкіндік береді. Формативті бағалау оқытудағы жетістіктердің өсуіне және дамуына тікелей ықпал ететін және мұғалім мен білім алушылар арасында кері байланысты қамтамасыз ететін үдеріс. Формативті бағалау оқытудың ажырамас бөлігі болуы тиіс, ол қосымша жаттығулар немесе тест ретінде қарастырылмауы қажет. Оқыту мақсаттары мен оқу бағдарламасының әрбір бөлімі күтілетін нәтижелер формативті бағалау. Формативті бағалау – мұғаліммен үздіксіз өткізіледі, бағалау және балл қоюсыз оқу үдерісін уақытында түзетуге мүмкіндік береді және мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді.
Мұғалім формативті бағалау кезінде оқу бағдарламасының барлық оқыту мақсаттарын қамтуы қажет. Мұғалімге көмекке оқыту мақсаттары бойынша бағалау критерийлерінен, дескрипторлары мен тапсырмалар үлгілерінен тұратын формативті бағалауға арналған тапсырмалар жинағы дайындалды.
Формативті бағалау: күнделікті тәжірибеде қолданылады. Міндетті түрде оқушымен кері байланыс орнатылу керек. Мұғалімге сыныптың түсіну, ілгерілеу деңгейін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |