Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Жиынтық (суммативті) бағалаудың мақсаты мен принциптері жөнінде түсіндіріңіз



бет18/132
Дата11.07.2020
өлшемі0,53 Mb.
#75105
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   132
Байланысты:
БӨТ (копия)

10. Жиынтық (суммативті) бағалаудың мақсаты мен принциптері жөнінде түсіндіріңіз.

Жиынтық бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау кезінде, тараудың немесе модульдің соңында, немесе таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының жетістіктерін бағалау үшін қолданылады. Әрбір бөлім соңында өткізіледі (бақылау жұмысы немсе қорытынды сынақ жұмысы), оқушыларға әрбір бөлім бойынша өз білім деңгейлерін көрсетуге көмектесіп, мұғалімге оқушылардың жетістіктері туралы қорытынды пікір жасауға және қорытынды бағаны қоюға мүмкіндік береді. Бағалаудың бұл түрі қалыптастырушы бағалаумен салыстырғанда оқушының қызығушылығын оята қоймайды және баланы алға жетелеуді көздемейді.

Суммативті бағалау – оқу бағдарламасының өтпелі тақырыптары\ бөлімдері аяқталғаннан кейін өткізіледі, белгілі бір оқу кезеңіндегі (тоқсан,триместр, оқу жылы, жеңгейі орта білім беру) қойлыған балл және бағалау. Өтпелі тақырып/бөлім үшін суммативті бағалау әр тоқсанда екі-үш рет мүғаліммен жүргізіледі.



Жиынтық бағалаудың мақсаты – белгілі уақыт ішінде оқушының білім, білік, дағдыларымен құзыреттіліктері қалыптасу деңгейін және алынған нәтижелердің стандарт талаптарына сәйкестігін анықтау.

Жиынтық бағалау білім және оқу дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтайтын бағалау, ол төмендегідей жағдайларда жүзеге асырылады: Мектеп дайындап, өткізетін (ішкі жиынтық бағалау) тоқсан соңындағы оқу ақпараты блогін меңгергенде; Ұйым дайындап, өткізетін бастауыш, негізгі және жоғары мектепті аяқтағандағы сыртқы жиынтық бағалауда (СЖБ).

Жиынтық бағалауда жұмысты тексеру нәтижесінде алынған баға сынып журналына қойылатынын ҰМЫТПАҢЫЗ. Суммативті бағалау: белгілі бір мерзім ішіндегі нақты білім көрсеткішін көрсетеді (қорытынды тест, емтихан, сынақ, бақылау кеспелері, т.б.), бағалау әдістерін мұғалім жоспарлайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет