Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары оқушылардың білімі мен қатар дағдыларының қалыптасуына мүмкіндік тудырады. Дағдыларды нақты бағалау критериалды бағалаудың маңызды аспектісі болып табылады. Берілген кестеде оқу бағдарламасына енгізіліп ҚБ мен ІЖБ-да қолданылатын дағдылар тізімі көрсетілген.
Білу
|
Нақты деректерді, ақпараттарды білу және еске түсіру, оларды баяндау.
|
Түсіну
|
Ақпараттарды түсіну арқылы дұрыс жеткізу, болжау немесе түсіндіре білу.
|
Қолдану
|
Алған білімдері мен ақпараттарды таныс немесе таныс емес жағдайларда, контексте қолдану.
|
Сыни ойлау
|
Ақпарат пен идеялардың маңыздылығы мен сенімділігі туралы шешім қабылдау немесе әр түрлі көзқараста болу.
|
Анализ
|
Жалпы ереженің негізін дәлелдеу үшін немесе ой қорытындысының әр түрлі шешімдерін ойлауда ақпараттарды жинақтап тұжырымдарды құрамдас бөліктерге бөлуі және сол бөліктердің өзара сәйкестігін анықтай білу.
|
Синтез
|
Алған білімдерін әр түрлі жаңа контексте құрастыра білу
|
Бағалау
|
Белгілі критерийлер арқылы идеялардың құндылығы немесе дәлелдер туралы тұжырымды қалыптастыру.
|
Коммуникация
|
Басқа адамдардың қызығушылығын және көзқарастарын өз қызығушылығымен, көзқарасымен сәйкестендіріп және негіздеп қабылдау, адамдармен қарым-қатынаста болу және келісе білу қабілеттілігі.
|
Тыңдалым арқылы
коммуникация
|
Оқу бағдарламасы шеңберінде әр түрлі тақырыпта ауызша сөйлеудің негізгі мазмұнын түсіну және одан өзекті ақпаратты бөлу; сөйлеген адамның пікірін ажырата алу, контекстбойынша сөздердің мағынасынанықтау; оқушының деңгейіне сәйкес келетін әр түрлі стратегияны пайдаланып, түрлі типтегі мәтіндердің мазмұнын түсіну және қабылдау;
нақты/керекті ақпаратты таңдау және түсіну.
|
Оқылым арқылы коммуникация
|
Оқу бағдарламасы шеңберінде әр түрлі ғылыми және әдеби мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну жәнеолардағы өзекті мәселелерді бөлу; ақпарат іздеудің әр түрлі страте гиясын қолдану; контекст бойынша сөздердің мағынасын анықтау; автордың пікірі мен көзқарасын тану; оқығанды түсіну тереңдігін және сөз мағынасын тексеру үшін әр түрлі сандық және қағаз түпнұсқасын қолдану.
|
Жазылым
|
Оқу бағдарламасы шеңберінде әр түрлі мәтіндегі жазбаша жұмыстарды түзету және редакциялау, жазу, жоспарлау; нағыз және ойдан шығарылған оқиғалар туралы жазу біліктілігі; орфографиялық және грамматикалық сауатты жазу; қажетті стильді ұстану; қажетті сөздерді пайдаланып, сөйлемдердегі абзацтарды байланыстыру.
|
Айтылым
|
Оқу бағдарламасы шеңберінде әр түрлі мәтіндерді әңгімелеуде ауызекі және ресми стильді пайдалану; қажетті ақпаратты алу үшін күрделі сұрақтарды қоя білу біліктілігі;күтпеген сұрақтарға жауап қайтару; тапсырма орындау барысында өз құрбыларымен қарым-қатынаста болу; лексикалық ерекшеліктерді сауатты пайдалану; оқиға және оның жүйесін мазмұндау.
|
Шығармашы лық
|
Өзіндік тәсілдерді немесе әр түрлі жолдарды қолданып, мәселені шешуді іздеу және жаңа идеяны дайындау.
|
Зерттеу
|
Зерттеу мақсатына сәйкес деректер мен ақпараттарды жинау әдістерін қарастыру.
|
Техника және тәсілдер
|
Өзара жоспарлауды, орындауды және бағалауды қоса пән бойынша практикалық біліктілікті, оларға сәйкес рәсімдер мен технологияны көрсету; Әр түрлі ісәрекетке қатысу үшін негізгі техникалық тәсілдер мен ой қозғаушы дағдыларды көрсету; топта және жеке жұмыс жасау жағдайында стратегия туралы өз ойын көрсету; рухани дамуды және физикалық дайындықты жоғарылату үшін тиімді әр түрлі әдістерді қолдану.
|
Рефлексия
|
Іс-әрекет жасауда шешім қабылдау және тұжырымды қалыптастыру, пікірлер, ойлар және оқиғалар туралы ой пікір ұсыну.
|