Критериалды бағалау құраушылары
Бағалау парағы - Тақырып бойынша өз білім білігінөзі бағалау парағы.
Бағалау тапсырмалары– Сынақ, есеп, эссе, тәжірибелік жұмыс, тест, жоба қорғау және т.б
Рубрикатор – жетістіктерді көрсете отырып бағалау критерийлері мазмұнын тәтпіштеп сипаттау.
Критериалды бағалау маңызы
6. Бағалау үдерісі, мұғалімнің бағалаудағы рөлін түсіндіріңіз.
Бағалау үдерісінің мақсаты. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарлатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Көптеген мектептерде төрт баллдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді: екі-қанағаттанарлықсыз, үш- қанағаттанарлық, төрт-жақсы, бес-өте жақсы. Теория жүзінде бірлік баллы бар болғанымен, тәжірибе жүзінде тіпті қолданылмайды. Баға әр уақытта субъективті. Осыған орай, мұғалім талассыз бедел мен ақиқат иесі болып табылмақ. Алайда бұл іс-жүзінде шындыққа сай келе бермейді. Бес баллдық бағалау шкаласы басқа да таза нормативтік бағалау құралы сияқты дәлдігі жетіспейтін құрал ретінде ұсыналатындығы күмән туғызбайды. Халықааралық бакалавриат мектептеріндегі бағалаудың басты функциясы білім алу ерекшеліктерін айқындауға және сәйкес келетін түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін талдау үрдісі болып табылады.
Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. «Бағалау» термині жақын отыру латын тіліндегі мағынада – бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайындағы өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Жалпы бағалау екіге бөлінеді: Оқыту үшін бағалау (формативтік) – ОүБ бұл білім алушлар өздерінің оқудағы қандай сатысында тұрғаның қандай даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Оқуды бағалау (суммативті) – тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісінде керіс әсерін тигізуі мүмкін. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен арақатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |