Критериалды бағалау қағидалар: Бағалау мақсаты кім жақсы, кім нашар екенін анықтау емес, әркімнің жоғары нәтижеге жетуіне жағдай жасау.Бағалау «жоспарлау-оқыту-бағалау» үдерісінің ажырамас бөлігі.Бағалаушы мен бағаланушы бағалау шарттары мен критерийлерін алдын ала білуі және айқын түсінуі керек.Даму мен жетістіктер туралы нақты ақпарат алу үшін бағалау шарттары мен критерийлері алуан түрлі болуы керек.Бағалау үдерісінің басты кезеңі бағалаушы мен бағаланушы арасындағы кері байланыс болып табылады.Мұғалім ғана емес, оқушы да жақын арада не жасау қажеттігін нақты түсінуі керек. Өз қабілеттерін бағалауда оқушыға нақты ролдік үлгі керек.