Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз Оқушылар қабілетін бағалаудың халықаралық бағдарламасы



Дата06.06.2020
өлшемі22,13 Kb.
#72553
түріБағдарламасы
Байланысты:
жауаптар 1,16


1, ПИЗА зерттеуінің өткізілу кезеңдерін, халықаралық зерттеу бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз

Оқушылар қабілетін бағалаудың халықаралық бағдарламасы — (ағыл:Programme for International Student Assessment,фр: Programme international pour le suivi des acquis des élèves, қысқаша PISA) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 2000 жылдардан бері үш жылда бір ұйымдастыратын әлем елдері арасында 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын тексеру мен бағалаудың халықаралық бағдарламасы.[1] PISA бағдарламасының мақсаты білім берудің әдіснамасы мен нәтижесіне пайдалы әсер ету болатын. Аталған бағдарлама қазіргі әлемде оқушылар қабілетін тексеру мен бағалаудың ең ықпалды жобасы болып отыр.

2, Формативтік қалыптастырушы жіне жинытық бағалау мақсаттары арасындағы айырмашылық қай жылдардан бастап белгіленген жіне олардың ерекшелігі



Оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау әдісі көптеген шет елдерде кең таралған, өйткені бұл технология барынша шынайы, нақты және валидті болып табылады. Критерийлер арқылы бағалау оқушыларды оқу тапсырмаларын барынша сапалы орындауға ынталандырады, білімін тереңдетіп, кеңейтеді, осылайша, оқушылардың ойлау қабілетінің деңгейін көтереді және олардың психикалық үдерісіне ықпал етеді. Сонымен қатар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысына негізделген және оқу үдерісін ұйымдастыруға бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етеді (Бойл және Чарльз, 2010). Бұл бағалаудың барлық элементтерінің арасында теориялық негіздеме және өзара байланыс болуын қажет етеді (оқу мақсаттары, түрлері, құралдары және бағалау нәтижелері), бұл тәсілдің практикалық маңызы мен төмендегідей артықшылықтарын көрсетеді: - оқушының жеке тұлғасы емес, оның орындаған жұмысы бағаланады; - оқушының жұмысы оларға алдын ала белгілі бағалау критерийлері бойынша бағаланады; - баға оқушылардың нені оқығанына қарай қойылады, себебі бағалау критерийлері нақты оқу мақсаттарын сипаттайды; - баға қоюдың нақты алгоритмі оқушыға белгілі, соған сәйкес оқушы өзінің оқу үлгерімін өзі анықтап, ата-анасына хабарлай алады; - оқушылардың өзін-өзі бағалауға және оқуға деген ынтасы артады. Бағалау ағымдағы және қорытынды оқу кезеңдерінде оқушылардың үлгерімі жайлы ақпарат беретін білім беру үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады. Бағалау тәсілдері пәннің мазмұны мен критериалды бағалаудың түріне сәйкес өзгешеленуі мүмкін. Қалыптастырушы бағалау оқудың бір бөлігі болып табылады және оқу үдерісінің өн бойында жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау арқылы мұғалім: - оқушының оқуда қаншалықты «ілгерілегенін» айқындай алады, өзінің оқыту әдістәсілдеріне өзгеріс енгізу қажеттілігін талдайды; - қандай бағалау тәсілдері оқудың жақсы жүзеге асып жатқанын анықтауға мүмкіндік беретінін шешеді; - қолданылған бағалау әдістерінің тиімділігін зерттейді және салыстырады; - оқушылардың оқуы жайында барынша мол ақпарат алады, мысалы, ауызша сауалнамалар, оқушылардың топтық әрекеттері, тапсырманы өз бетінше орындау, тақырыптық зерттеулер, рөлдік ойындар ұйымдастыру және оны қадағалау арқылы. Мұғалім оқушылар мен ата-аналарға кері байланыс бере отырып, оқушыларға пәнді меңгеру мен түсінуде көмекші болу арқылы олардың оқудағы алға ілгерілеуді қадағалайды, сонымен қатар бағалау критерийлеріне сәйкес объективті көзқарасты ұстана отырып, оқушыларды оқуға ынталандырады. Оқушыны дамытуда қалыптастырушы бағалаудың мәні зор, сондықтан ол оқу үдерісіне қатысушылардың барлығына түсінікті де анық, оқушыны жетістіктерге ынталандыратын сипатта болуы тиіс. Жиынтық бағалау оқушының жазбаша тапсырманы, емтихан немесе жобаны өз бетінше орындауын бақылау арқылы жүзеге асады. Оқушының кез келген жиынтық немесе қорытынды жұмысы өзге біреулердің қатысуынсыз орындалады және белгіленген оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес бағаланады. Оқушылардың оқудағы жетістіктерін критериалды бағалау тәсілі оқушылардың жетістіктерін оқытудың белгілі бір кезеңінде меңгеру қажет біліммен салыстыруға мүмкіндік береді, өйткені мұғалім оқушының қандай оқу мақсаттарын меңгергенін, ал қай мақсаттар бойынша жұмысты жетілдіру қажет екендігін бағалауы тиіс. Осы арқылы оқушыны оқытудың дербес бағыт-бағдары немесе оқушылардың оқу жетістіктері бағаланады.

3, Бағалау нориативтері туралы ұғымды баға беру, бағалау, тұлғалық қасиет, құзіреттік формативті суммативті дескрипоторлы бағалау баяндаңыз

Кіріспе. Бағалау нормативтері туралы ұғым Баға беру - бағалаудың нəтижесі, яғни сапалы кері байланыс. Баға – символ, оқу жетістігін не санмен, не сөзбен таңбалау. Бағалау термині туралы түсінік. Бағалау – одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нəтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Білім беруді сапаландыру мен білім алушылардың білім деңгейін анықтауда критериалды бағалау маңызды орын алатындығы. Қазіргі кезеңде білім алушылардың білім деңгейін сапаландырумен қатар, оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттері мен құзыреттіліктерін, қоршаған ортада қарым-қатынас жасауға қабілеттілігін, өзіндік білімін көтеру мақсаттары нақты қойылғандығы.Критериалды бағалау алдын ала белгілі критерийлерге сəйкес, оқушының жеке оқуын түзетуге мүмкіндік беретін, оқу мақсаттарына сəйкес күтілетін нəтижеге жетуде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау екендігі. Критериалды бағалау мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай келетіндігі. Критериалды бағалау сабақтың барлық кезеңінде іске асырылатын процесс екендігі. 8 Критериалды бағалау интерактивті оқытудың ұжымдық, топтық, жұптық түрлерінің барлығында тиімді. Топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нəтижелігіне, оқушылардың өзара бағалау арқылы пікірлерін ортаға салып, ойларын еркін жеткізуіне жетелейтіндігі. Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нəрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, əрі қарай қалай даму керектігін түсінетіндігі, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланатындығы. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін жəне не істей алатындығын анықтау қажеттігі.Бағалаудың критериалды формативті (қалыптастырушы),суммативті (жиынтық), дескрипторлы (сөзбен баяндау) түрлері. Формативті бағалау да, суммативті бағалау да білім беру жүйесінде қолданылатындығы. Формативті бағалаудың мақсаты білім алушылардың оқуын жақсарту екендігі. Білім алушы өзінің білім деңгейін біледі, ал мұғалім бағалау үшін қай бағытта жұмыс атқару керектігі. Жылдық, тоқсандық, қорытынды бағалау.

4, блум таксаномиясы

Блум таксономиясы жəне бағалау критерийлері Блум таксономиясы туралы түсінік. Блум танымдық саласының алты деңгейі: білу, түсіну, қолдану, талдау, синтездеу, бағалау. Аталған деңгейлердің ең күрделісі бағалау деңгейі екендігі.

5 критериалды бағалау

Білім беруді сапаландыру мен білім алушылардың білім деңгейін анықтауда критериалды бағалаудың маңызы.

Қазіргі кезеңде білім алушылардың білім деңгейін сапаландырумен қатар, оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттері мен құзыреттіліктерін, қоршаған ортада қарым-қатынас жасауға қабілеттілігін, өзіндік білімін көтеру мақсаттары нақты қойылғандығы. Критериалды бағалаудың негізгі критерийлері: • Алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы; • Тапсырманың анықтығы мен айқындылығы; • Бағаның əділдігі; • Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі



Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір білім алушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылғандығы. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған. Мұнда күтілетін нəтиже: болашақ маман білімді бағалау туралы ақпарат алады, салыстырады, топтық бағалау арқылы критерий жасауды үйренеді. Бағалау парақшасын жасап, сабақта қолдануға бейімделетіндігі.

6, Бағалау үдерісін зерделеу өзектілігінің көптеген себептері бар. Зерттеулер мұғалімдер оқушыларды бағалауда басшылыққа алатын нақты, ғылыми дәлелденген ережелердің жоқтығын көрсетеді. Осылайша оқушыларға баға қоюдың жүйсіздігі байқалады. Бұл оқушыларды қорғансыз жағдайға қойып, оқушының МЕНтұжырымының төмендеуіне немесе өзіндік бағасын жоғарылатуына жол берді (Ананьев Б.Г., 1980). Адамның тіршілік әрекеті көптеген факторларға тәуелді: білімділік (қабылдаутын, өңделетін материал көлемі), психологиялық (уәж, оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері), педагогикалық (әдіс-тәсілдерді таңдау), эмоциялық (алаңдаушылық деңгейі), адамгершілік (бірмәнді, нақты, анық, қатаң, икемді тәсілдер), т.б. Бағалау үдерісінде барлық факторлар бір-бірімен байланысты болып, бірін-бірі толықтырады. Білімділік немесе педагогикалық факторларды ғана жеке бағалауға болмайды, себебі басқа факторлар да оқу нәтижелеріне немесе бағалауға әсер ете алады. Баға оқушылардың білім, білік-дағдыларын әртүрлі критерийлер бойынша бағалау нәтижелерінен құралады, мысалы, зерделенетін материалдың көлемі, осы материалды түсіну және қолдану, материалды пәннің талабына сәйкес рәсімдеу, материал бойынша жазу жұмысына берілген уақытты пайдалана білу, т.б. Мұғалімдердің тәжірибесі бағалауға арналған тапсырмаларды саралау, бағалаудың тиімді құралдары мен әдіс-тәсілдерін қолдану оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып, өзінің даму бағытын анықтауына оң әсер ететінін көрсетеді. Бағалау үдерісін ұйымдастыру үш кезеңнен тұрады: 1-сурет. Бағалау үдерісін ұйымдастыру Б

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет