17
Рай шайдан кейін Ақбалаға барды. Бала туғаннан кейін әлі де өзіне келе алмай жатыр екен.
Ақбала орнынан ақырын тұрды.
Ақбала шай демдегенше Рай пеш түбінде құндақта жатқан баланы қолына алды. Құрақ көрпе
арасынан шарананың біршөкім беті әзер көрінеді.
-Мырзамыздың түрі осы, - деді Ақбала.
Тағы да тамағына тас тіреліп, иығының басы бүлк етті де, Рай бауырына қысқан құндаққа
бетін баса қалды. Есіне Еламан түскен еді. Бұны босатты. Оны Сібірге айдады.
…Мен мұны, ендеше, әнмен оятайын, - деп, Рай күле түсті де, бір қолымен ұйықтап жатқан
баланы бауырына қысып отырып, домбыраға даусын қосып ақырын ыңырси бергенде, ішке
Кәлен, Мөңке, Дос кірді. Төрге шыққан бойда Мөңке мен Дос Ақбалаға қосарлана тіл қатып:
-Келін қарағым, қалайсың?
-Бөпең өсіп келе ме? - деп амандық-саулық сұрады.
Кәленнің көз қиығы Райда. Ағасының үйіне келгесін жас жігіттің есіне әр нәрсе түсіп, көңілі
бұзылып отырған үстінен шығам ба деп ойлап еді. Райдың жарқын жүзін көргенде, Кәленнің
өзі де жадырап сала берді. Төрге шыққасын иығындағы шидем күпіні шынтағымен бір
серпіді де:
-Бала, бері әкел, - деп, Райдың қолынан домбыраны алды. Әуелі тиегін дұрыстады. Сосын
құлағын келтірді. Сонан соң домбыраны құшырланып, қаттырақ қағып-қағып жебірді де,
салған жерден Сарының әнін шырқай жөнелді...
Ә. Нұрпейісов. «Қан мен тер» романынан
1-тапсырма.
Шығармадағы негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.
№
Ақпарат
н
қ
1.
2.
3.
Достарыңызбен бөлісу: