Бағдарламасы мен оқыту әдістемесін басшылыққа ала отырып жасалған



Pdf көрінісі
бет90/90
Дата19.09.2024
өлшемі1,51 Mb.
#204695
түріБағдарламасы
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90
Байланысты:
170831577076 (1)

 

С. 
Адамдарды уақытты қадірлейтіндер және уақытты қадірлемейтіндер деп екі үлкен 
топқа жіктеуге болады. Біріншісі – уақытты қадірлейтіндер. Мұндай адамдар уақытпен 
жарысады. Оларда мейлі қандай іс болсын, алдын ала дайындаған айқын мақсаты, соған жету 
үшін белгілеген жоба-жоспары, өзіне қойған қатаң талабы болады. Олар күн мен сағатты 
былай қойып, минут не секундты санап, соған сай іс тындыруға құлшынады. Күнделікті 
өмірде қажырлы, қарапайым, үнемшіл болып, көп іс тындырады. Өзін алдайтын, уақытты 
босқа өлтіретін баянсыз, мән-мағынасыз іспен айналыспайды.
Сіз өзіңізге «Бойымда өзіме тән қандай кемшілігім мен артық-шылығым бар? Қай 
бағытта, нендей кәсіпке ыңғайым келеді? Оған қалай ұмтылғаным жөн және осы кәсіптен 
нәтиже шығара аламын ба, жоқ па?» деген сияқты сұрауларды үнемі қойып жүргеніңіз жөн. 
Адам баласы әрқашан уақытты босқа өткізбей өзіне және қоғамға пайда келтіретін іспен 
айналысуы қажет. Уақытты дұрыс пайдаланған адам өзінің рухани жан дүниесін одан әрі 
кемелдендіріп, өмірде көздеген мақсатына тез жете алатын болады.
Д.
Бос уақыттың жастар өміріндегі рөлі орасан. Жұмыс пен оқудан тыс мезетті тиімді 
өткізу мақсатында қазір қоғамдық бірлестіктер қандай шаралар атқарып келеді? Жастардың 
таным-түйсігін арттыру, денсаулығын нығайту, шығармашылыққа баулу жолдарында 
атқарылатын қызметтер өз үдесінен шығып жүр ме? Бұл ретте қалалық Жастар саясаты 
басқармасының ұйытқы болуымен Алматыда «Дүйсенбілік футбол» өтіп жүр. Бұл шараның 
басталғанына биыл – үшінші жыл. Шараның басты мақсаты – базарда қарапайым жұмыс 
істеп, еңбегін маңдай термен адал тауып жүрген азаматтарға көңіл бөлу, бір сәт қуаныш 
сыйлау. Футболдан бөлек волейбол ойынын да кіргіздік. Биылдан бастап үстел теннисінен 
жарыс өткізу жоспарда бар.
 
 
 
Мәтін үзінділеріндегі ақпаратты қолданып және өз пікіріңізді қосып, төмендегі сұраққа 
кемінде 90- 120* сөзден тұратын жауап жазыңыз. (20балл). 
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
______________________________________ 
[
мәтіндердегі идеяларды/ақпараттарды/аргументтерді қолдануына 7 + жеке жауабына 
8 + сөйлеу тілінің сапасы үшін 5 = 20] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет