93
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым
Мәтінді тыңдаңыздар (26-аудио). Төмендегі тапсырманы орындаңыздар.
26-аудио
Этнотуризм біздің басты бағдарымыз болу керек. Шыны керек, қазір туризм
саласында білікті мамандар жетіспейді. Этно деген – киіз үй құрып, ішін дүниеге толтыру емес.
Киіз үйдің басты ерекшелігі – тез жиналып құралатынында. Бірақ оны өз көзімен көрмеген
адамға жай ғана әңгіме сияқты. Қалай тез жинап, тез құруға болатынын шоу қылып көрсету
керек. Сонда ғана адамды тартады. Сонда ғана көңіл бөліп, қызығады. Ерттеулі атқа бір
айналдырып, 1000 теңге алып қана қоймай, ерттеуді көрсету керек. Өз қолдарымен ерттету
қажет. Кез келген адамға өз қолымен істеп көру қызығырақ. Қымызды сіміртіп ішкізе бермей,
«2000 рет піссең, бір шара қымыз сіздікі» десеңіз жұрт ағылады. Қазіргі саяхатшыларға
экзотика керек. Бұл – жай ғана мысалдар. «Тарихымыз бай, этнографиямыз одан да бай» деген
жалаң сөзді іске айналдырған дұрыс.
Динара Болат
1) Автор қандай мәселені көтеріп отыр?
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________
(1)
2) Автордың ойымен келісесіздер ме? Өз ойларыңызды білдіріңіздер.
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________
(1)
3) Этно деген не?
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________
(1)
4) Аудармасы
Ерттеулі ат - _______________
Саяхатшылар -_______________________
(2)
Достарыңызбен бөлісу: