Бағдарламасы мен оқыту әдістемесін басшылыққа ала отырып жасалған



Pdf көрінісі
бет2/90
Дата19.09.2024
өлшемі1,51 Mb.
#204695
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
Байланысты:
170831577076 (1)

 
 
ӘОЖ 373 
КБЖ 74.26
 
 
 
ISBN 978-601-7159-28-3
 
 
 
 
 
 

© «№134 лицей» КММ, 2022 


© Адилова Күлайым Жарылкасымовна,
Хайруллаева Сандуғаш Алибаевна, 2022 
© «www.orleu.kz» баспасы, 2022 



Алматы қаласы КММ №134 лицейдің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстаздары Адилова 
Күлайым Жарылкасымовна мен Хайруллаева Сандуғаш Алибаевнаның «Жиынтық бағалау 
жұмыстарының үлгісі» 
атты әдістемелік оқу құралына 
 
ПІКІР 
Бүгінгі күні рeспубликамызда білім беру жүйесінің түбегейлі өзгeріске ұшырауы баршамызға 
аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру саласында жаңа модельдердің дүниеге 
келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып табылады.
Заман алға жылжып, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру өмір 
талабы. Сонықтан білім мазмұнын жаңартудың басты мақсаты – білім сапасын көтеру. Қазақстан 
Республикасының білім беру жүйесінде жаңартылған білім беру мазмұнына көшу сатысы басталып, 
оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға, адами 
құндылықтарын дамытуға көңіл бөліне бастады. 
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі: спиральді қағидатпен берілуі. Спиралды 
құрылым білім мен дағдылардың сыныптан сыныпқа ілгерлемелі дамуын қамтамасыз етеді. Яғни 
білімнің қарапайым деңгейден күрделі деңгейге көшуі болып табылады. Оқу мақсаттары 
оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, 
алған білімін қайта өмірде қолдана білуіне бағытталған. 
Ұсынылып отырылған әдістемелік оқу құралы мемлекеттік стандартқа сәйкес құрастырылған. 
Бұл әдістемелік нұсқаулық ұстазға, білім алушыларға «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша 
жиынтық бағалау мен тоқсандық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы 
ретінде қолдануға бағытталған. Ұсынылған тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың 
тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету 
деңгейін анықтауға, қаншалықты материалды игергені мен жадына сақтау, көру, қабылдау қабілетін 
байқауға мүмкіндік береді. 
Авторлық бағдарламаның әр бөлімінде тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды өткізуге 
арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, 
дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Әдістемелік оқу құралы, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері бойынша заман талабына сәйкес 
тапсырмалармен қамтылып, келесі міндеттерді шешуге: яғни, оқушыларды мәтінмен лингвистикалық 
талдау жасауға үйретуге; оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамытуға; әр балаға өз еліне деген 
патриоттық рух қалыптастыру үшін оның бай тарихына, болашағына деген жауапкершілік сездіретін 
әрекет жүйесін жасауға; болашақта өз еліне, жеріне деген ұлттық намысы мол, жігерлі ұл-қыз 
тәрбиелеу, моральдық жағынан жоғары тұлға даярлауға бағытталған.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды 
жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің 
ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ, оқушылардың оқу 
материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, олардың кемшіліктерін дер кезінде 
анықтау, мұғалім - оқушы арасында кері байланысты орнату басты назарға алынған.
Авторлық бағдарлама орыс тілді сыныптардың 10-11сынып білім алушылары мен ұстаздарына 
арналған таптырмас құрал. Сонымен қатар, авторлар бірлестігі ұсынған жаттығулар жинағы, сабақты 
жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты 
сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылатыны сөзсіз. 
«Жиынтық бағалау жұмыстарының үлгісі» атты авторлық бағдарлама оқушылардың сабақта 
немесе өз бетінше оқуына, әрі оқытушылардың күнделікті сабақта пайдалануына арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет