Бағдарламасы мен оқыту әдістемесін басшылыққа ала отырып жасалған



Pdf көрінісі
бет3/90
Дата19.09.2024
өлшемі1,51 Mb.
#204695
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
Байланысты:
170831577076 (1)

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу
университетінің аға оқытушысы,
Абай атындағы ҚазҰПУ - нің PhD докторанты Махамбетова А.Б.



Алматы қаласы КММ №134 лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары Адилова 
Күлайым Жарылкасымовна мен Хайруллаева Сандуғаш Алибаевнаның «Жиынтық бағалау 
жұмыстарының үлгісі» атты әдістемелігіне 
ПІКІР 
Жаһандану заманында білімді болумен бірге сол біліміңді өмірде тиімді қолдану, кездесетін 
қиындықтарды анықтап , оларды шешудің жолдарын таба білуі маңызды. Заман талабына сай, 
жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқу бағдарламасы мен оқыту әдістемесін басшылыққа ала 
отырып жасалған, жаңартылған оқу бағдарламасының талаптары мен шарттары толық қамтылған. 
Ұсынылып отырған жұмыс өз бағытында өзекті болып табылады, себебі мұндағы байқалатын 
басты мақсат білім алушы мен білім беруші ұлағатты ұстаздарға үлкен көмек ретінде ұсынылатын 
бірнеше тақырыптағы БЖБ (Бөлім бойынша жиынтық бағалау) мен ТЖБ (Тоқсан бойынша жиынтық 
бағалау) үлгілері өте сауатты және оқу бағдарламасына сүйене отырып жасалған. Авторлық 
бағдарлама оқу орыс тілінде жүргізілетін жоғарғы сыныпта, яғни 10-11сыныпта жұмыс істейтін қазақ 
тілі мен әдебиеті мамандары үшін арналған, берілген мәтіндер мазмұны тақырыпқа сай, сондай-ақ 
әртүрлі саланы қамтыған.
Жалпы, БЖБ мен ТЖБ-да берілген жұмыс түрлері оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға , 
сөздік қорын молайтуға, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруге әсіресе әдеби және тарихи 
деректерді түсінуге көмектеседі. Білім алушы оқыған материалдарының мазмұнын дұрыс қабылдап, 
ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. 
Дегенмен оқу бағдарламасында көрсетілген бөлімдерді білім алушының қаншалықты игергенін 
тексеру мақсатында кез келген ұстазға таптырмас көмек. Бағдарламада тілдік дағдылар толық 
қарастырылған, мысалы 
тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым

тілдік бірлік.
Осы тілдік 
дағдыларды дамыту мақсатында әртүрлі тапсырмалар берілген. 
Сонымен қатар, жиынтық бағалау мен тоқсандық бағалауға арналған әдістемелік үлгісінде 
төмендегілер ұсынылады:
тақырыптар атаулары; 
у 
дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендірілген оқу мақсаттары; 
арналған тапсырмаларды құрастыруға байланысты ұсыныстар; 
үлгілері мен дескрипторлары;
спецификациясы; 
кестелері.
Авторлық бағдарлама алдағы уақытта өз кезегінде кезкелген ұстаз бен білім алушыға көмек, әрі 
әдістеме ретінде қызмет етеді деген ойдамын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет