Бағдарламасы мен оқыту әдістемесін басшылыққа ала отырып жасалған


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен І тоқсан бойынша жиынтық бағалау



Pdf көрінісі
бет37/90
Дата19.09.2024
өлшемі1,51 Mb.
#204695
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   90
Байланысты:
170831577076 (1)

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен І тоқсан бойынша жиынтық бағалау 
тапсырмалары 
Тыңдалым 
Еңбек нарығы – жұмыс күшін тауар ретінде сату-сатып алу туралы экономикалық 
қатынастар жүйесі. Нарықтың тікелей әсер етуімен жоғары біліктілікке құралған 
еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбір жұмыс орнының бағасы өседі, жұмыскерге және 
оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек нарығында өте қабілетті, іскер жұмыскерлер 
таңдап алынады. Нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқаулар мен әлсіздерді ешқашан 
аямайды. Ол еңбектің жоғары шапшаңдығын, іскерлік пен біліктілікті талап етеді. 
Еңбек нарығы – бәсекелік нарық. Онда жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының 
арасында сәйкессіздік болады. Жоғары біліктілікті талап ететін жұмыс орындарының 
бір бөлігі бос болып қала береді, ал арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлігі 
жұмыс таба алмайды. Осындай жағдайда қандай да жұмыс түрін табу үшін жұмыссыздар 
арасында бәсекелестік пайда болады. Сонымен бірге өз еңбігімен жоғары табыс табуды 
көздеген жоғары білікті жұмыскерлер мен мамандар да бір-бірімен бәсекелестік сайыста 
болады. 
Еңбек нарығында кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар арасында белгілі бір қарым-
қатынас орнайды. Нарықтық жағдай жұмыс күшінің бағасына және құнына әртүрлі 
ықпал жасайды. Ол еңбектің бағасына тікелей, ал жұмыс күшінің құнына жанама түрде 
әсер етеді. 
1-тапсырма. 
Мәтінде кездесетін термин сөздерді жазыңыз. 
(3 балл) 
2-тапсырма. 
Термин сөздермен (3 сөйлем) сөйлем құраңы. 
(3 балл)
Оқылым. 
Біраз күндер өтті. Донбасшылар орналасып, жұмысқа кірісті. Беткейде қарамы 
көпенедей ғана көмір үйіндісі жатыр. Оның қасында Әкім бір жігітпен қолбұранды 
ырғала бұрап тұр. Анда-санда шыңырау құдықтан бір шелек көмір шығады. Оны көмір 
үйіндісіне қоспай бөлек төгеді. 
-
Неге бөлек төктіреді? – дейді Әкім. 
-
Кім білсін? – деп қасындағы жігіт те түсінбей тұр. 
-
Сергейден сұрар едім, әттең, орысша білмеймін. Ол қазақша білмейді. 


36 
Құдықтан Щербаков, Орлов, Сейтқалы шықты.
-
Ысырап! Ысырап! – деп, басын шайқап шықты Щербаков. Жарымын шашып, 
бүлдіріп, жарымын ғана алып жатырсыздар. 
Сейтқалы үндемеді. Қарағандының ескі шахтері болатын.
Донбасшылар келісімен, ауылдан шахтаға қайта келді. Қазір десятник болып істейді. 
Әлден уақытта гүр етіп бір жауап қайырды:
-
Ағылшындардың тұсында ысырап бұдан да көп-ті. 
-
Ағылшындар бізге үлгі емес. Көмірді таза әрі ысырапсыз ала білу керек, - деді 
Сергей Петрович бұраушылардың қимылына қадала қарап тұрып. 
Жігіттер таспаша созылып, дамылсыз бұрауда. Маңдай терлерін алақанымен сыпырып 
тастайды... 
3-тапсырма.
Мәтіннен 1 негізгі және оны толықтыратын 2 қосымша ақпаратты 
анықтап, кестеге түсіріңіз. 
Негізгі ақпарат 
Қосымша ақпарат 
Қосымша ақпарат 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет