Бағдарламасы мен тақырыптық жұмыс жоспары



бет3/4
Дата17.11.2023
өлшемі29,5 Kb.
#191824
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
1548772020 (1)

Түсінігі болады:
Сахнаның негізгі техникалық құралдары жөнінде
Сахнаның безендірілуі жөнінде
Сахна мен көрермен залында өзін – өзі ұстау ережелі туралы


Үйренеді:
Өзінің өмірдегі құбылыстарға қатынасын сахнада көрсетуді
Бейнелі ойлауды
Назарын аудара білуді
Өзін сахна кеңістігінде сезінуді


Таланттарын үстемелейді:
Кейіпкермен (сыныптастармен) сөйлесу
Қарапайым актер шеберлігі
Қоршаған әлемді бейнелі қабылдау
Сыртқы зиян келтірушілерге дәл, бейнелі әсер ету
Ұжыммен жұмыс

Сондай-ақ, артық ұялшақтықтан, қоғамнан қорқудан, «сыртқы көзқарастан» қысылудан арылады, тіл табысқыштық, ашықтық, қоршаған ортаға қамқорлық, ұжым алдындағы жауапкершілік қасиеттерін алады.



«Таңшолпан» театр үйірмесінің жылдық жоспары





Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

I жартыжылдық

1

Кіріспе. Үйірменің жұмыс жоспарымен таныстыру. Үйірмеге қатысушылардың тізімін жасау.







Сөйлеу мәдениеті мен техникасы

2

Назар аударуды дамыту ойындары.







3

Түрлі әңгімелерден рольдік ойындарға этюдтер жасау.







Сымбаттылық, икемділік

4

Психофизикалық тренинг, этюдке дайындық. Сымбат пен жүріс әсемдігін меңгеру.







5

Сахналық «Көрерменге сөйлеу» этюдін үйрену. («Танысу», «Тілек тілеу», «Айна»).







Театральдық ойын

6

Театр құрылымымен, оның негізгі мамандары: актер, режиссер, сценарист, суретші, гримермен танысу. Сахналық этюд «Театр мамандарын» үйрену.







7

Грим техникасы. Гримнің және гримдегі техникалық құралдардың гигиенасы. Жалпы рең берудің әдістері.







8

Қойылымның сценариімен танысып үйрену. (Ана. Жер-Ана)







9

Рольдегілердің мінез-құлық, түр, түс ерекшелігіне (сыртқы бейнесі мен дауыс мәнерін және т.б. ескере отырып) қарай соған сай келетін оқушыларды рольдерге бөлу.







10

Қажетті жағдайларды баяндау, әр кейіпкердің сахнадағы өзін-өзі ұстау ерекшеліктеріне тоқталу. Кейіпкерлер костюмі, сахнаның безендірілуі, сахналық қосымша әрлегіш құралдар (музыкалық фон, дыбыстық құралдар т.б) түсіндіру. Костюмдер мен безендірулерді дайындауға көмек көрсету.







11

Көріністердегі рольдермен жұмыс жасау. (Диалог барысындағы мимикамен, ой екпінімен, сахналық безендірумен жұмыс жасау)







12

Қойылымның мазмұнын ашуға сай келетін музыка таңдау. Дайындық жұмысы.







13

Костюмдермен, безендірумен, музыкалық қосымшамен бірге күрделі дайындық жұмысын жүргізу.







14

Қойылымды оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер алдында қою.







15

Үйірмені сырттан бақылаушылармен және қатысушылармен бірге талдау жұмысы (келесіде қайталанбауға тиісті жіберілген кемшіліктері). Іс- әрекетті талдау (Қойылыммен жұмыс жасау қызықты болды ма, оның қажеттілігі болды ма, ұжыммен бірге әрі қарай не жасайтындығына - келесі іске ұжымдық жоспар құру)







Әдеп пен мәдениет

16

Әдептің жалпы адам мәдениетімен байланысы Адамның бір-біріне сыйластығы, жер табиғатына, Отанға,балалық шаққа, кәрілікке, ата-анаға, нанға, білімге, өз-өзіне және барлық білмейтін нәрсеге сыйластық қарым-қатынас.







17

Сахналық этюд «Театр ілгіштен басталады, ал, әдеп «сиқырлы» сөздерден басталады» 







18

Жағымсыз қылық, іс-әрекеттердің зияны







19

«Әдеп пен мәдениет» тақырыбында шығармалармен танысу.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет