«Таңшолпан» театр үйірмесінің бағдарламасы мен тақырыптық жұмыс жоспары
Мақсаты:
- оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;
- оқырмандық, көрермендік талғамды қалыптастыру;
- ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Міндеті:
- әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән – мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу;
- көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;
- жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;
- актерлік шеберлігін қалыптастыру, дамыту.
Жаңашылдығы:
- бағдарламада театрлық-ойын әрекетінің құралдары жүйеленген, балалар шығармашылығының түрлі жанрлары театрлық көрініске ену арқылы іске асуына негізделген.
Кіріспе
Оқушылардың тілі мен ойлау қабілетін қалай дамытуға болады? Сөздің сырын түсінуге қалай үйрету керек? Әлемді тануға, елгезектік пен қайырымдылық, біреудің қайғысына ортақтаса білу мен барлық тіршілік иесін жақсы көруге қалай үйрету керек?
Эмоционалдық ұялшақтықтан, қысылып-қымтырылудан арылу мен сөзді, образды сезіне білу мен кейіпкерге ене білуді үйренудің ең дұрыс жолы - бұл ойын қиялдау мен құрастыра білу. Мұның барлығын да театрландырылған үйірме бере алады. Аталмыш бағдарламада балалар театры тек қана көркемдік нәтижеге жету құралы , яғни спектакль қою ретінде ғана қарастырылмайды. Сонымен қатар,театр өнерімен шұғылдану оқушылардың ойлау қабілеті мен таным қызығушылығын белсендіруі, қиялы мен елесін оятуы, ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен жанашырлығын оятуы өте маңызды.
Үйірме - оқушылардың іс- әрекетінің сабақтан гөрі басқа бір түрі. Оқушы дайын сабақты алумен шектелмейді, ол сондай-ақ, оны жасайды, өзі құрастырады. Үйірмеде балалар назары мәселені өздері қоюға, ойлану мен жетекші көрсетіп берген бағытта өздік жұмыстарын дамытуға , таным қабілеттерін дамытуға бағытталады. Олар тапсырманы орындауда жеке, ұжымдық жұмыстарды жасай отырып, қажетті құралдар мен әдіс-тәсілерді өздері таңдайды.
Сенімділік, оқушылар мен жетекшінің біріккен қызметі, дидактикалық материалмен бірігіп жұмыс жасау, өнердің басқа түрлерімен байланыс, бәрі- оқушының жеке тұлғасының дамуына әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |