«Дарынды балалармен жұмыс жасаудың ерекшеліктері» Дарындылықтың сақталуы мен дамуы – бұл шығармашылық әлеуетті жүзеге асырудағы қоғамдық дамудың да, жеке тағдырдың да мәселесі.
Дарынды балалармен жұмыс жасаудың мәні неде?
Ерекше дарынды балаларды айқындауда келесі жағдайлар туындайды:
әр тұлғаның дамуына әсер ету;
мүмкін болған жағдайда дербес жетістіктерді ертерек жоғары деңгейге жеткізу;
дарындылық ресурсының қызметін жүктеу арқылы қоғамдық дамуға ықпал ету. (Ж.Брюно)
Жас дарынды іздеуде балаларға ғана емес, ата-аналар мен педагогтарға бағытталған шаралар кешенін (медико-психологиялық, педагогикалық) негізгі жол деп тануға болады. Балаларды таңдаудың әртүрлі әдістерін қолдануда және алдағы уақытта олардың жетістіктерін үздіксіз қадағалауда маңызды. Дарынды балаларды шығарудың бірінші сатысында баланың ата-анадан және педагогтан келетін белгілі бір әрекеттегі жоғарғы жетістігі есепке алынады. Сонымен қатар топтық тестілеу мен әлеуметтік сұрақ-жауап парақтарының нәтижелері де қолданылуы мүмкін. Бұл балалар ортасын тереңірек дербес зерттеу үшін мүмкіндік жасайды.
Екінші саты диагностикалық мәнді білдіреді десек те болады. Бұл кезеңде баланың шығармашылық мүмкіндігі мен психолог және психотерапевт маман көрсеткен жүйкелік-психикалық ерекшеліктерін жекелеп бағалау сатысы жүргізіледі. Бірінші кезеңнің нәтижесіне байланысты бала әлеуетті мүмкіндіктердің сол немесе басқа артықтау көрінетін нұсқаларына қатысты психологиялық тесттермен тексеріледі. Бала интеллектуалды ортаның жақсырақ дамуында ой өткірлігімен, білімқұмарлығы және қиналмай оқитындығымен дараланады, тәжірибелі ептілігін көрсетеді. Мұндай жағдайда бәрінен бұрын дарынды балалардағы когнитивті және сөздік параметрлердің мағынасына бағытталған әдіс-тәсілдер қолданылады (мысалы, Векслер әдістемесі, Стайфориненің парасат шкаласы және т.б.)
Академиялық жетістіктер саласында дарынды балалардың тіл мен әдебиетке, математика мен жаратылыстануға бөлек икемділіктері әлдеқайда дамыған болуы ықтимал. Сондықтан да психолог маманның жұмысы тек жалпы зияткерлік даму деңгейін анықтау ғана емес, ойлау қабілетінің басымдау жағын бағалау болып келеді (Стенфордтың жетістік тесті).
Шығармашыл және өндірісті ойлы балалар тәуелсіздігімен, өзін-өзі ұстау тәртібімен, өзіндік ойлау қабілетімен, әркелкі шешім табуымен, өнертапқыштығымен ерекшеленеді. Олардың шығуы бәрінен бұрын балалардың шығармашылыққа икемділігі (Торренс тесті) мен жекелеген мінездемесінің бағасын қарастырады (Аизенка, Личко сауалнамасы, Люшер тесті және т.б.).
Қарым-қатынас пен көшбасшылықта байланысқа түсе алу артықшылығы, талап қойғыштығы бар балалар ынталығымен, жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленеді, оларды әдетте ойын мен сабақта басты рөлге оңай таңдайды, олар өздерін қатарластары мен үлкендер арасында сенімді сезінеді. Бұл жағдайда сіздерге жекелеген әдістемелер мен социометрия көмектеседі.
Көптеген балалар белгілі бір ортада ғана емес, бірнеше салада дарындылықтың жоғары деңгейін танытып жатады. Педагог және психологтардың міндеті бұларды шығарумен ғана шектелмей, оларды іске асыруы және дамытуы қажет.
Дарынды балалармен жұмыстың үшінші сатысында негізгі рөл педагогтарға жүктеледі, оларға балалардың қабілеттерін қалыптастыру мен тереңдету тапсырылады. Бұл талаптар кең ауқымды педагогикалық тәсілдер мен әдістердің көмегі арқылы жүзеге асады (авторлық бағдарламалар, жеке сабақтар – кеңестер және т.б., сонымен қатар лицей, гимназия, колледждердегі жан-жақты бағдарламалар).
Дарынды балалар әлеуметтік бейімделудің алғашқы деңгейлерінен өз қатарластарынан әлдеқайда тез өтеді (айтқанды тыңдау және үлгілі тәртіп, үлкендердің оң бағасын алуға бағытталған); олар жасөспірім шағында балалық ептілік бейнесін жиі азайтады және стандартты ережелерге, топтық нормалар мен авторитарлы көшбасшылықта топішілік бағыттарға қарсылық танытады.
Төменде дарынды баланың дамуына қатысты кейбір маңыздырақ икемділіктер мен жасай алу шаралары келтірілген: