Бағдарламасы Мәселенің өзектілігі


Танымдық қабілеттер мен машықтар



бет7/12
Дата21.02.2023
өлшемі55,02 Kb.
#169687
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дарынды балалар

Танымдық қабілеттер мен машықтар

-ақпараттың кең көлемін игеру.
- бай сөздік қор.
- игерілгенді жаңа материалға көшіру.
- себеп-салдарлық байланысты құру.
- құпия тәуелділік пен байланыстарды құрықтау.
- шешім шығара білу.
- ақпаратты шоғырлай және жинақтай білу.
- күрделі мәселелерді шешуге қатысу.
- ақпаратты ұйымдастыру.
- күрделі ойларды аулай білу.
- астарлы айырмашылықтарды аңғара білу.
- қарсылыққа сезімталдық.
- ақпаратты іздеудің альтернативті жолдарын қолдану.
-жағдайды талдау.
- процестің өзін де, нәтижесін де бағалай білу.
- кейін неге апарып тірелетінін көре білу.
- талқылай білу.
- болжам жасау.
- ойды тәжірибеде қолдану.
- қайта жасауға икемділік.
- ойлаудағы сыншылдық.
-жоғары білімқұмарлық.
2. Шығармашылық қабілеттер
-тәуекелшілдік қабілет.
- бағытынан тайған ойлау қабілеті.
-ойлау мен әрекетте икемділік.
-ойлау жылдамдығы.
- өзіндік идеяларын айта білу және жаңа бір нәрсені ойлап табу қабілеті.
-бай қиял.
-әркелкі нәрселерді қабылдау.
-жоғары эстетикалық құндылықтар
-дамыған сезгіштік.
3. Эмоционалды ортаның ерекшеліктері
-шынайы Мен-концепциясы.
-өзгеге сыйластық.
-адамдарға эмпатикалық қатынас.
- өзге адамдардың ерекшеліктеріне төзе білу.
-өзін-өзі талдауға икемділік.
-сынға шыдамды қатынас.
-нәрселер мен ойлармен бөлісуге дайын болу.
-тапсырманы орындауда табанды болу.
-ойлау мен тәртіпте тәуелсіздік.
-мадақтауды күткенде шыдамсыздықтың болмауы.
-жарысқойлық.
-әзілқойлық сезімі.
-құлықты мәселелерді талдауда сезгіштік.
- өз күші мен қабілетіне сенімділік.
Дарынды балалармен жұмыс істеушілерге, ұстаздарға ұсыныс.
Тәжірибенің көрсеткеніндей, ұстаздың жоғары дарынды баламен өзара әрекет жасауының әсерлірек әдістері – оның материалмен өзіндік жұмыс жүргізуіне бағытталған қосымша сабақтар. Пән мұғаліміне жұмыста керек болады:
1. баланың өз бетінше білім алу жағдайын, икемділігін (гуманитарлық, математикалық, жаратылыстану-ғылымилық, музыкалық және т.б.), психикалық ерекшеліктерін ескере отырып сабақ жоспарын құрастыру.
2. әлдеқайда күрделі және шатасқан сұрақтар бойынша кеңес беру тақырыбын анықтау.
3. Баланың пән бойынша белгілі уақыт аралық (тесттер, сұрақтар және т.б.) есеп формасын таңдау.
4. Балаға жеткізу керек:
- тақырып атауы.
-тақырыпты игеру жоспары.
- негізгі сұрақтар
- ол меңгеруге тиісті анықтамалар мен терминдер.
-тәжірибелік жұмыстар.
- керекті әдебиеттер тізімі
- бақылау формасы.
-өзін-өзі тексеруге тапсырмалар.
Жұмыс нәтижесін талдау үшін кестені толтыру:
- пән
- кеңес берілген күн мен уақыт
- басты қаралған сұрақтар
- бағдарлама бойынша тақырыппен жұмыс уақыты
- негізгі жұмсалған уақыт
- бағдарламада көрсетілген қосымша сұрақтар
- анықталмаған сұрақтар
- уақытынан кешігу себептері.
Мұғалім жақсы тілектес әрі сезгіш болуы керек, баланың психологиялық ерекшеліктерін есепке алуы тиіс, оның шығармашылық және өндірістік ойлауын кеңейтуі, таңдалған тақырыптың терең жұмыс жоспарына талпынуы қажет. Сол кезде бар жан дүниесі шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімді мойындауға болады. Біздің мектептің мұғалімдері үшін арнайы келесі ынталандыру жүйесі жоспарланды. Куәлік қағазымен расталатын төс белгілері бар келесі номинациялар жасалды:
1. «Ұлағатты ұстаз» - бұл номинацияоқушылары республикалық пән олимпиадаларының, республикалық ғылыми жарыстардың, халықаралық жарыстардың, халықаралық студенттік конференциялардың, облыстық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары атанған мұғалімге беріледі. Мұғалімдерге арналған пәндік олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған, әртүрлі облыстық және республикалық сайыстар мен конференциялардың жеңімпаздары мен жүлдегер педагогтарға табыс етіледі.
2. «Жаңашыл ұстаз»- білім берудің жаңа технологияларын білетін және белсенді қолданатын жаңашыл ұстаздарға ұсынылатын номинация. Оқушылардың сапалы білім алуына ықпал ететін бар жаңа әдістер мен тәсілдерді, технологияларды өз тәжірибесіне қабылдауға және енгізуге дайын мұғалімдер иеленеді.
3. «Тәжірибелі ұстаз»  - бұл номинацияны педагогикалық еңбек өтілі 20 жылдан жоғары, әртүрлі олимпиадаларда, мұғалімдерге арналған сайыстарда дипломмен марапатталған және оқушылары арасынан жеңімпаздар дайындаған (облыстық, республикалық және халықаралық пәндік олимпиадалар, ғылыми жарыстар) мұғалімдер иеленеді.
4. «Ізденімпаз ұстаз» - бұл номинацияға жас (еңбек өтілі 1-3 жыл) шығармашыл және нәтижелі жұмыс істейтін мұғалімдер ие болады.
5. «Үздік сынып жетекші»- жаңашыл, қиялы бай, шығармашыл. Кез келген сәтте көмек көрсетуге даяр. Ұйымдастырушы, психолог. Жоғары мәдениетті, рухани бай, эстетикалық талғамды. Мәселелерді шешуге батыл, жан-жақты. Өзіне тән ерекшеліктері бар. Кәсіби сауатты, білікті.
Дарынды балалармен жұмыс жасаудағы жетістік жұмыстың бұл санаттағы оқушылармен бастауыш сыныпта қалай ұйымдастырылғанына байланысты.
Бұл жұмыс өзіне әртүрлі типтегі дарындылықты тудырудың диагностикалық әдістемелерін қалыптастыруды, дарынды балалар туралы ақпарат сараптамасын, олардың білім алу және даму жағдайын жүктейді.
Жобаның жүзеге асырылуы дарынды оқушылармен тікелей жұмыс жүргізумен байланысты. Бұл кезеңде дарынды балалармен жүйелі және мақсатқа бағытталған жұмыс жасау жоспарланады және келесі бағыттардың іске асырылуы қарастырылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет