Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу Бұл модуль талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты,
себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған
оқытуға қатысты болып отыр. Алайда бұл модуль балалар дамуының оқудың қолжетімділігі
дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты және де
«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулімен өзара байланысты. Мәселен, түрлі жастағы балаларда байқалатын метасана деңгейі,
балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогті ынталандыру стратегиясы, әр
жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі. Сондай-ақ, аталған модульдің өзге модульдермен,
мысалы, «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модулімен байланысы бар, атап айтқанда
әртүрлі жаста өзін-өзі бағалау үшін жауапкершілікті зерделеу тұрғысынан.
Сонымен қатар Қазақстанның жекелеген ауылдық өңірлерінде кездесетін жас шама-
сы әртүрлі сыныптарда тиімді оқыту және оқу стратегияларын іске асыру жолдары да
қарастырылатын болады.