Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Зияткерлік туралы қазіргі зерттеулер: зияттың қырлары



Pdf көрінісі
бет26/411
Дата19.03.2022
өлшемі4,34 Mb.
#136077
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   411
Байланысты:
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық

Зияткерлік туралы қазіргі зерттеулер: зияттың қырлары
Зияткерлікті ақыл-ой қабілеттерінің тестілерімен өлшенетін құбылыс ретінде қарастыратын 
ғалымдар мен зерттеушілер үшін зиятқа қатысты жаңа ой-пікірлер әрдайым проблема болаты-
ны шындық. Әртүрлі қабілеттер арасындағы өзара байланысқа негізделген зерттеу жүргізіп, 


15
ортақ зият факторының бар екендігі туралы пікірді берік ұстанатын тұрақты дәстүрлер осы 
күнге дейін сақталып отыр. Алайда Говард Гарднер (2006) зияткерліктің өзара байланысын 
тап басып көрсету мүмкін емес деп, ондай дәлелдемелердің басым бөлігін жоққа шығарады.
Гарднер субъектілер көп қырлы зиятқа ие деп есептеген. Сол арқылы ол зиятты өлшенетін 
және зияткерлік коэффициентіне (IQ) қосылатын бірыңғай және жалпы қабілет ретінде 
қарастырмай, керісінше, лингвистикалық, математикалық, музыкалық, кинестетикалық және 
тұлғааралық қабілеттер мен кеңістікте бейімделу қабілеті сияқты өзара әлсіз қарым-қатынаста 
болатын көптеген зияткерлік қырлары бар екенін мойындауымыз керек деп қорытады.
Говард Гарднердің жұмысына айтылған жалпы сын оның теорияларының басым бөлігі 
эмпиристік зерттеулер аясындағы кешенді және толық негіздемелерге емес, өзінің жеке ин-
туициясы мен пайымдауларына негізделген дегенге келіп саяды. Қазіргі уақытта зияттың 
қырларын анықтауға және өлшеуге арнап әзірленген нақты кешенді тестілер жоқ. Оның 
үстіне, Гарднер ен-таңба жапсырып, жалпы қорытынды жасауға апарып соғады ма деп 
секемденгендіктен, тестілеу әдісіне ден қоймаған. Мидың жұмыс істеуі жөніндегі зияттың 
қырлары тұжырымдамасын қолдайтын зерттеулер, тұтастай алғанда, әлі де жалғасып жатыр, 
бірақ олар Говард Гарднер теориясының ерекшелігін қолдай бермейді.
Зиятқа қатысты соңғы зерттеулер, атап айтқанда, Роберт Стернберг ұсынған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   411




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет