Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


мадақтау мен жазалау жүйесін өзгерту



Pdf көрінісі
бет67/411
Дата19.03.2022
өлшемі4,34 Mb.
#136077
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   411
Байланысты:
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық

мадақтау мен жазалау жүйесін өзгерту 
сияқты тақырыптар бойынша сұхбат 
жүргізілді. Сонымен қатар олардан ата-аналарға арналған іс-шараларды өткізу сияқты 
жылдық жоспарлаумен байланысты проблемаларға, оқушылардың оқуына көмектесетін не-
месе кедергі жасайтын жағдайларды анықтауға қатысты сұрақтар қойылды. Зерттеулер 
оқушылардың көпшілігінің сыныпты «
мұғалімнің аймағы
» ретінде қабылдап, оқыту мен оқу 
туралы сақтықпен сөйлейтіндігін көрсетті. Бастауыш сынып оқушылары мұғалімнің әрекетіне 
түсінік беру «
олардың жұмысы емес
» деп санады. Алайда, оқушылар зерттеушілерге өзекті 
педагогикалық проблемалар мен бос сөзділікті жіктей қарастыра отырып, нені өзгерткілері 
келетіні туралы өз пікірлерін жеткізді.
Оқушылармен пікірлесу – басшылықтың дәстүрлі қарым-қатынасынан өзгеше және 
оқушылар мен мұғалімдер арасында ыңғайсыз жағдай тудыруы мүмкін күрделі үдеріс. 
Оқушылармен әңгімелесу барысында ешқандай алалауға жол берілмеу маңызды, әсіресе, 
«үндемейтін» және «жеке-дара» оқушылардың барлығының да пікірлері ескерілуге тиіс. 
Сондай-ақ, оқушылардың пікірлесуде шынайы болуы, оқыту мен оқуға байланысты оқушыларға 
қызықты және маңызды сұрақтар қамтылуы аса маңызды.
«Оқушы үні» 
жобасы аяқталған соң, жобаға қатысқан мұғалімдер арасында сауалнама 
жүргізіліп, оның нәтижесінде оқушылармен пікірлесу:
• оқушылардың өзін-өзі құрметтеуін;
• мектеп пен оқуға қатысты жағымды көзқарас туындауын;
• мұғалімдерге деген эмоционалдық жағымды қатынас туындауын дамытуға ықпал 
ететіндігі расталды.
Жобаға қатысқан мұғалімдер оқушылардың жауапкершілігі мен сындарлылығына таң 
қалса, оқушылар өз кезегінде пікірлесудің артықшылығын мойындады. Нәтижесінде олар: 
• өзгелердің өздерін құрметтейтіндігін, оларды тыңдап, пікірлерімен санасатындығын 
сезінді;
• мәселені шешуде олардың пікірлері есепке алынатындығына көздерін жеткізді;
• өзіндік білім алуын бақылау деңгейін анықтады;
• бірлесіп талқылауға болатын сұрақтар ауқымын анықтады;
• оқуды қалай жақсартуға болатыны туралы сенімді нығайтты;
• мектеп пен оқуға деген жағымды қарым-қатынас қалыптастырды.
Оқушылармен білім мәселелері бойынша пікірлесу олардың өзін-өзі реттеуін дамыту-
ына ықпал етеді. Мектеп пен сынып жұмысына қатысы бар тақырыпта оқушылармен ашық 
пікірлесудің жағымды әсері ретінде оқушылардың өз оқуын бақылай алатындығына, ол ту-
ралы пікір айтуға, өз оқуын жетілдіруге ықпал ете алатындығына сенімді болуын жатқызуға 
болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   411




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет