38 Оқушылардың пікірін назарға алу Жуық арада Ұлыбританияда жүргізілген зерттеулерде оқушылардың оқыту мен оқу тура-
лы пікірлеріне ерекше назар аударылды. Мектептерде «
Оқушы үніне » көңіл бөлуге баса назар
аударылып келеді. Джин Раддок «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде «Оқушылармен
пікірлесудің мақсаты – оқушының көзқарасы тұрғысынан оқудың не екенін түсіну, жекелеген
оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады (Rudduck et al, 2004).
«
Қалай оқу керектігін үйрену » бойынша жүргізілген ауқымды зерттеу барысында Кем-
бридж университетінің зерттеушілері
«Оқушы үні» жобасы бойынша жұмысқа тартылды. Ол
жобаның
мақсаттары :
• оқушының оқыту мен оқу туралы пікірін ескеру;
• оқушыдан кеңес алудың әдіс-тәсілдері бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық
әзірлеу;
• мектептерде ашық және қауіпсіз диалог құрудың проблемалары мен мүмкіндіктерін
анықтау болатын.
Осы жоба бойынша оқушылармен мектеп өміріне байланысты көптеген мәселелер,
соның ішінде