Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


оқуды бағалау оқу үшін бағалауға



Pdf көрінісі
бет112/411
Дата19.03.2022
өлшемі4,34 Mb.
#136077
түріБағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   411
Байланысты:
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық

оқуды бағалау оқу үшін бағалауға 
ауыстырылуы мүмкін. 
Алайда бұл тікелей оқуға үлес қосатын мәліметтерді алу үшін жоспарланбағандықтан, оқу үшін 
бағалауды ескере отырып жоспарланған бағалаумен салыстырғанда, бұл бағалау қолданылған 
мақсат үшін онша сәйкес келмеуі мүмкін. Мұғалім жүргізетін жиынтық бағалауға қарағанда 
сыртқы тестілер одан да бетер проблемалы болып табылады, себебі мұғалімдерде бұл балдар 
мен деңгейлерге негіз болған мәліметтерді алуға үнемі мүмкіндік бола бермейді, оның үстіне 
мұғалім 
жиі кездесетін қателер талдауын 
қолдана алады.
Қорытынды
Блэк пен Уильямның бастапқы зерттеулерінде сыныптың 
«қара жәшік» 
сияқты техникалық 
метафорасы қолданылған және сол арқылы 
оқу үшін бағалауды 
қолдану «қара жәшік ішіндегі 
жұмыс» ретінде белгілі болды 
(13-сурет).
Жоғарыда айтылған зерттеу бағалау арқылы оқуды жақсарту бір қарағанда қарапайым бо-


55
лып көрінетін, бірақ оқытуға енгізілуі тиіс бес түйінді факторға байланысты екенін көрсетті:
• Оқушыларға тиімді кері байланыс ұсыну.
• Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін-өзі 
бағалауға қатыстырады.
• Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру.
• Бағалаудың оқушылардың оқуға деген ынтасы мен өзін-өзі бағалауына терең ықпал 
ететіндігін мойындау, себебі бұлардың екеуі де оқуға түбегейлі түрде ықпал етеді.
• Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін өздері бағалай 
алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы бірге оқитын оқушылармен бірлесіп 
жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   411




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет