Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет5/411
Дата19.03.2022
өлшемі4,34 Mb.
#136077
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   411
Байланысты:
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық

Мұғалім ұстанымы
Психологтар «
ұстаным
» ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстыра-
ды. Социологтар оны 
жеке тұлғаның негізгі құндылығы 
ретінде қарастырады. Мұғалімнің 
ұстанымы оның көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешім 
қабылдап, сыныптағы іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады (1-сурет). Сондықтан 
кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, 
көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Бұл элементтердің барлығын жинақтасақ, жеке 
тұлғаның ерекше «
оқыту сызбалары
» құралады. Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде 
мұғалімнің білімділігінен гөрі, ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек 
деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-
әрекеттеріне әсер етеді. Мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеттеріне әдістемелік құралдар неме-
се оқулықтардан гөрі, пәннің 
қалай 
оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған 
пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді. 
Іс-әрекет
Шешім
Көзқарас
Ұстаным
1-сурет.
 Мұғалімнің ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған шешімінің
және іс-әрекетінің негізі
Алайда, тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау 
қабілетін шектеуі мүмкін. Осыған байланысты егер де дайын білім беретін «дәстүрлі» 
стильмен оқытатын мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды 
қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, 
жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   411




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет