Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған Тобы: ересек тобы Балалардың жасы



бет3/36
Дата22.12.2022
өлшемі93,61 Kb.
#163887
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
018 Ересек топ перспективалық жоспар-1

Бала,оныңотбасы,үйі:
Баланың «Мен» бейнесін қалыптастыру. Баланы өсіп, жетілген ересек бала ретінде қабылдау, оның ойын ашық білдіруге мүмкіндік беру, онымен санасу, жеке басын құрметтеу. Оның өсуі мен дамуы,
өткені, бүгіні және болашағы туралы түсініктерді қалыптастыру

таныстыру










(«Мен кішкентай болдым, мен өсіп келемін, мен ересек боламын»). Мектеп туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (мектепке баруға ынтасын, қызығушылығын арттыру). Өзінің атын, тегін, жасын, жынысын атай білуге үйрету, өзін құрметтеуге, өз қадір – қасиетін сезінуге, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу.
Отбасы туралы, отбасының ересек мүшелерінің еңбегі туралы білімдерін жетілдіру. Отбасындағы үлкендерді сыйлауға, құрмет көрсетуге, кішілерге қамқорлық жасауға баулу. Жақын туыстарын білуге, олардың есімдерін атауға үйрету, отбасындағы сүйікті адамдары, отбасылық мерекелер, салт-дәстүрлер туралы әңгімелеу,
өзінің жақындарына мақтаныш сезімін білдіру.

Құрастыру

Құрылыс материалдарынан құрастыру
Орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңінен орналастыру, құрастыруға қолданған құрылыс бөлшектерін ажырату (текше, пластина, кірпіш, блок және т.б.) және атау, оларды сапасы, көлемі мен пішіні бойынша таңдау, өзбетінше ойдан құрастыруға мүмкіндік беру, құрастырылған құрылыс бөлшектерінің кеңістікте орналасуын айқындау. Дайын құрылыспен түрлі ойындар ойнауға ынталандыру.
Құрылыс бөлшектеріне ұқыптылықпен қарау, ойнап болған соң оларды жинау және орнына қою, құрастыру барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Ұжымдық құрастыруға қызығушылықты ояту, құрылыс жобасын бірлесіп ойластыру, құрдастар арасында міндеттерді бөлісу, түрлі құрылымдық тәсілдерді қолдану, командамен бірге нәтижеге
қол жеткізу, дайын құрылысты талдау.

Сурет салу





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет