Бағдарламасы негізінде дайындалды. Биология жəне экология кафедрасының 9



бет20/64
Дата04.05.2023
өлшемі243,26 Kb.
#176055
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64
Байланысты:
DDD 3 4D>>D 3 4DDND 1 2N D 3 4ONNN ODNNNDD 1 4DNN

15 СӨЖ мазмұны: Биологиялық білім берудің жалпы білім беретін мектептегі мазмұнын іріктеудің концентрлік принципі.

Негізгі əдебиеттер:


  1. Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии

–М.: Просвещение 1987.

  1. Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподования биологии – М.; Просвещение 1985.

  2. И.Н.Пономарева «Общая методика преподавания биологии» М, 2008 ж 4.А.Қ.Қисымова, С.Н.Обаев Биологияны оқыту əдістемесі Оқу құралы. Алматы 2010 ж

  1. Б.В.Всесвятский Общая методика биологи. Учебное пособие для педагогических институтов. Москва, 1969

  2. Б.Д.Комиссаров «Методологические проблемы школьного биологического образования» М,1991

Қосымша əдебиеттер:


  1. Биология. Жануар бөлімі,7-8 кл., 1990

  2. иЕ.Т.Бровкин ж.б. «Зоологиря сабақтары» А-А, «Мектеп», 1984

  3. К.Жүнісова «Зоология сабақтары»А-А, «Мектеп», 1984, 1981

  4. Г.С.Нога «Мектеп тірі бұрышында қолда өсірілетін жануарлар», 1988.

6 апта


Дəріс 11
Тақырып: Биологиядан оқу жұмысын ұйымдастару
1 Сабақ құрылымдық жүйесі

  1. Сабаққа қойылатын талаптар жəне биология сабақтарының түрлері

Дəріс мақсаты: Сабақ құрылымы мен қойылатын талаптар жəне биология сабақтарының түрлері түсіндіру
Ұғымдар:сабақ, ,сабаққа қойылатын талаптар

Негізгі сұрақтар жəне қысқаша мазмұны


Сабақ мемлекеттік бағдарламаға тұрақты сабақ кестесіне сай мектеп оқу орындарында бірдей жастағы балалар ұжымы мен мұғалімнің ұйымдастырған оқу- тəрбие жұмысы. Биология сабағында мұғалімнің басқаруымен оқушылар, жүйелі мемлекеттік бағдарламалардың тобына сай теориялық білім практикалық дағды білікті алуы жəне жан- жақты жеке дамуы жүзеге асады. Сабақта жас ұрпақтың дүниетанымдық негізі қаралады. Негізгі оқу материалы сабақта оқылады. Онымен басқа биологияны оқыту түрлерімен (топ серуен) тəжірибе қою, тірі табиғи бұрышты бақылау, кеш өткізу сыныптан тыс оқу байланысты. Сабақта мұғалімнің басқаруымен оқушылар білімнің қарапайым сатысынан күрделіге аяқ басады. Логикалық ойлауға үйренеді. Биологиялық ұғымның құрамын ескере отырып, мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқу материалын берудің əдісін тандайды. Сол сабақты көрнекіліктермен қамтамасыз етеді. Жергілікті жердің маусымдық ерекшелігіне байланысты мұғалім қандай үлестірме құралдарды міндетті түрде жинап алу қажет, тірі табиғат бұрыш үшін қандай өсімдіктер мен жануарларды қай уақытта жинап алу қажет, қай кезде топ серуен өткізуге мұражайға баруға болады соның барлығын ескеру қажет.Мұғалім қандай сарамандық жұмыс тəжіребелерді жасап, демонстрациялауды сабақты қай кезінде пайдалану қажеттілігі ғылыми кеш, конференция өткізуге болады, қай əдебиеттерді, сыныптан тыс оқуға ұсыну қарастыру қажет. Барлығын алдын- ала қарастырып жоспарлауы қажет. Тақырыпқа сағаттарды бөлу, жылдық жоспар құру кезінде өтілу мерзіміне мейрамды күндер тура келсе, оны ескеру керек. Мұғалім тақырып бойынша бағдарламалардан ауытқуы мүмкін. 1 сағат 2 сағатқа көбейтуге көп сағат берілгендерді азайтуға.
Сабақтың негізгі екі түрі бар: дəстүрлі жəне дəстүрсіз. Əрбір сабақ белгілі класс үшін дəл осы пəн бойынша өткізілетін сабақтар жүйесіне ене отырып, сонымен бірге оқу процесінің аяқталған буыны болып табылады. Сабақ типологиясы əрі қиын, əрі күрделі мəселе. Оның типологиясы мен құрлымы туралы педагогикалық баспасөз беттерінде бірнеше талас пікірлер айтылып келеді.
Мектептегі сабақ, факультативтік сабақтар, топсеруендер, кластан тыс жұмыстар, өндірістік оқу сарамандығы жəне т.б. жатады. Осылардың ішіндегі ең негізгісі – сабақ. Білім мен тəрбие беру, оқушыларды дамыту міндеттері, ең алдымен сабақта шешіледі, содан соң формаларында жетілдіреді жəне тереңдетіледі. Оқыту барысы тұрғысынан
қуалап келгенде сабақ үшінші басқышта (оқыту барысы – оқыту барысының ұйымдастыру формалары – сабақ) тұрғанмен өзі күрделі дидактикалық жүйе құрайды. Сондықтан қазіргі дидактикада сабақты оқыту барысының барлық ерекшеліктері айқын білімнің бір бөлігі (кесіндісі) деп есептейді, яғни екінші басқышқа дейін көтереді.
Сабақта оқыту барысының нақтылы мақсаттары мен міндеттері, мазмұны жүзеге асатын, оларды жүзеге асыру үшін оқытудың алуан түрлі құралдары мен əдістері пайдаланылатыны талас тудырмайды.
Сабақ ұғымының негізгі белгілер: оқушылардың тұрақты құрамымен, оқу жоспарына сəйкес жасалған сабақ кестесімен өткізіледі; уақыты кесіледі 45 минут, оқу бағдарламасына сəйкес дидактикалық міндеттерді шешіледі, өткізу əдістері алуан түрлі.
Бір класта оқитын оқушылардың жасы физиологиялық жəне психикалық жетілуі шамалас, оқу жоспарында белгіленген мерзімде биологиялық бағдарлаған курсын толық игеруге мүмкіндіктері бар. Биология курсы жеке сабақтарға жіктеліп оқытылады, олардың жалпы саны V класс 34 сағат (жетісіне екі рет болса 68 сағ), VI класс 51 сағ, VII класс 68 сағ, VIII,ІХ класс 34 сағ. өткізіледі. Бұлар біртұтас сабақтар жүйесін құрайды. Бұл жүйеде əр сабақтың өз орны, өзіндік атқаратын қызметтері бар.
Кез келген сабақ мақсаты, мазмұны, типі, құрылымы, құралдары жəне əдістері арқылы ерекшеленеді. Сабақ білім мен тəрбие беру жəне дамыту міндеттерін оның алдына жалпы педагогикалық, дидактикалық жəне методикалық мақсаттар қойылады.
Сабақтың жалпы педагогикалық мақсаты қоғамның жалпы орта білім беретін мектептерге жүктелген əлеуметтік сұранысы бойынша анықталады.
Сабақтың дидактикалық мақсаты оқыту барысының буындарына сəйкес анықталады, оларға жататындар:

    1. Оқушыларды жаңа білімді қабылдауа дайындау

    2. Жаңа білімді қабылдау

    3. Алған білімді қорытындылау

    4. Білімді бекіту жəне жетілдіру

    5. Білімді қадағалау

    6. Білімді тексеру жəне бағалау

Сабақтың методикалық мақсаты қарастырылатын деректерді, ұғымдарды, заңдарды жəне теорияларды нақтылайды.
Биологияны оқыту методикасының оқулықтары мен оқу құралдарында биология сабақтары типтерге, түрлерге жіктеледі. Жіктелудің негізгі ретінде оқыту барысының дидактикасының міндеттері, оқыту əдістерінің тəсілдері алынады.
Сабақ беру методикасында дидактикалық міндеті бойынша биология сабақтарын бірнеше типке бөледі.
Жаңа білім мен білікті игеру /жаңа материалды оқып үйрену/ Жариялық білім мен білікті жетілдіру жəне қолдану

  • Білімді қорыту жүйелі түсіну

  • Бақылау, есепке алу

  • Аралас сабақтар

Кейбір методикаларда сабақтың сабақтың типі үшке дейін ықшамдалған.

      1. тип – жаңа материалды оқып үйрену сабақтаы. Негізі дидактикалық буыны – оқушылардың жаңа білімді қабылдауы, қалғандары соған сəйкес жүзеге асырылады.

      2. тип – оқушылардың білімі мен біліктілігін жетілдіру сабақтары. Бұған оқушылардың алған білімін қайталау жəне бекіту, қорытындылау жəне жүйеге түсіру сабақтары кіреді.

      3. тип – оқушылар білімін жəне білігін тексеру есепке алу жəне жəне бағалау сабақтары жоғарыда келтірілген оқу барысының соңғы буындары жүзеге асады.

Сабақтың типі оқыту əдістері бойынша түрге жəне нүсқаға жіктеледі. Жаңа материалды оқып үйрену сабақтары: дəріс, əңгіме сабағы, əңгімелесу, кітаппен жұмыс істеу сабақтары үлестіріліп берілетін материалдармен жұмыс істеу сабағы болып бөлінеді.
Одан əрі дəріс сабағының нұсқаларына – хабарлама, баяндау жəне мəселелерді баяндау, кітаппен жұмыс істеуге, оқу жəне түсіну, сұрақтарға жауап іздеу, жоспар жəне қысқаша мазмұн құру, сызба нұсқа жəне кестелер жасау т.б. жатады.
Сабақтың екінші типі оқушылардың алған білімін жетілдіру сабақтарына қайталау, қорытындылау, жүйелі түсіну жəне сарамандық сабақтар жатады. Əр типке жататын сабақтын өзіндік құрылымы болады, ол оқу барысы буындарының өзара байланысы бойынша анықталады.
Мысалы зертханалық жұмыстың құрылысы

Тақырып

Сабақ түрі

Құрылысы

Мазмұны

Методтың бөлінуі

зертханалық

  1. Қайталау

  2. Проблемалық сұрақтар шешу

  3. Микропрепаратты қарау

  1. Теориялық түсінік

  2. Қиын сұрақтардың жауабы

  3. Көрген

микропрепараттың ерекшелігі, оны дамыту


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет