Бағдарламасы негізінде құрастырылды


Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі



Pdf көрінісі
бет37/125
Дата07.02.2022
өлшемі1,09 Mb.
#88107
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   125
Байланысты:
ktj 20486

Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі 
Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен топ пен жауапкершілік топ 
мүшелерінің арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің 
ынтымақтастығы арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген.
Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен 
оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:
1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін 
меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады. 
2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, 
құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.
• Ынтымақтастық
• Өзара әрекеттестік Топта жұмыс істеу не үшін қажет?
Топты ұйымдастыру ережесі
• Топтарда жұмыс істеу ережесі Топтарды қалай ұйымдастыруға болады?
• Топтың саны
• Топтағы жұмыс нәтижесі Топтағы бірлескен жұмыс
4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. 
Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады. 
5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық 
тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға 
және қорғауға мәжбүр болады.
Жалпы алғанда, топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге 
асырылады: Топтық жұмыс жүргізу мақсаттары
Әлеуметтік
•Тәжірибемен және идеялармен алмасу; 
•Мәселені бірлесіп шешудің амалын табу;
•Барынша жоғары ұжымдық нәтижелерге қол жеткізу
Танымдық
•Жұмыстың баламалы амалдары туралы идеяларды ұсыну және пікір алмасу;
•Маңызды дағдыларды және түсініктерді дамыту


Эмоционалдық
•Топтың жекелеген мүшелерінің білімі мен тәжірибесіне сүйену;
•Күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет